Доклад Тәрбие - отбасынан басталады

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Тәрбие- отбасынан басталады"

Отбасы- адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр.Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын-тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттердің орындалуы; ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңда отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдында үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі "ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу" деп көрсетілген.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасыуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.

"Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың" дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады. Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы, сүйеніш екенін сезінуі керек. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады. Өз ата-анасын сыйлап , құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі.қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі деп ойлаймын.



© 2010-2022