Сценарий Қайырымдылық-жылы жүректен

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қайырымдылық - жылы жүректен

Тақырыбы: «Қайырымдылық - жылы жүректен»
Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
1-Жүргізуші: Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Мектебімізде өтіп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының жабылуына орай ұйымдастырылған «Қайырымдылық - жылы жүректен» атты тақырыбындағы мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші: Балаларды қорғау керек бәрінен,
Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен.
Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,
Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш
Балаларға бөлінбесін алалап.
1-Жүргізуші: Мектебіміздің күміс көмей әншісі Утепова Ұлмекенді «Анаға сый» өлеңімен ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші: Егеменді еліміздің жарқын болашағы - бүгінгі жас бүлдіршіндер. Сондықтан, барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады.
1-Жүргізуші: Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені,
Жарқыратып жібереді-ау дүниені
Жетеді ме күлгеніне сәбидің.
Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері.- дей келе, кезекті
«Перзент парызы»әнімен, Төлеуғазы Ақленді шақырамыз.
2-Жүргізуші: Мейірімділік - ғажайып өмір есегі,
Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған
Оу, Адамзат, сіңірген бой,а мейірімді.-дей келе, сөз кезегі «Мектепке жол» акциясы кезінде көмек беріп, қолдау көрсеткен мектеміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Жиеналина Марал апайға беріледі.
1-Жүргізуші:Ортаға мың бұралған «Корей биімен» Сағадинова Ырыстыны шақырамыз.
2-Жүргізуші: Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
1-Жүргізуші: Сөз кезегі мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дощанова Ғайни апайға береміз.
2-Жүргізуші:
Алаңдатпай сәби сүйген ананы.
Қатыгездік, безбүйректік, өктемдік,
Жауыздықтан қорғау керек баланы.
Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан,
Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан.
Балаларды қорғау керек, ажыратпай,
Ойын-күлкі, ұйқысынан шаттықтан.
Адамдарға адамдардың оғы ұшқан,
Қорғау керек баларды соғыстан.
Болашақтың, барша ұлттық тағдырын,
Балалардың тағдырымен тоғысқан.
1-Жүргізуші: Күй «Ерке сылқым», орындайтын, Алпысбай Жансерік
2-Жүргізуші:
Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргнін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.
1-Жүргізуші: Би: «Толғау» - 8 «Ә» сынып қыздары.
2-Жүргізуші:
Көрмей өскен өмірдің дала мұңын,
Бақыт деген балдәурен балалығын
Бақыт деген ата-анам қуандырған,
Жеңістерім, табысты әр адымым.
1-Жүргізуші:
Сүйкімділер, періштелер сендерсің,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін.
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерген
Сендер дағы өздеріңше күрессең,
Өздеріңше сендер де өмір сүресің.
Болашақты жалғау үшін болашақ,
Бола жатар сендердің де үлесің.
2-Жүргізуші:
Осымен өткізілген қайырымдылық акциямызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
1-Жүргізуші:
Бала - бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош, Сау болыңыздар!

© 2010-2022