Анам және мен кластан тыс шара

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Анам және Мен»

Мақсаты: Ананың құдіреті де мейірімді жан екенін түсіндіру.Ана,оқушы,Ұстаз

ұжымын ынтымақтастыру.Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау,

ата-бабамыздан келе жатқан асыл мұрамыз мақал-мәтелдерді

орынды пайдалана білуге дағдыландыру, қазақ халқының қадір-

қасиетін сақтап бағалай білуге тәрбиелеу, мектеп пен ата-ана

арасындағы байланысты нығайту.

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Безендіру: Зал іші көктем мерекесіне байланысты безендірілген. Көктемдік гүлдер мен шарлар және де музыкалық аппараттар.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, фотолар

Барысы:

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сутің,

Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.

Ержеткізіп елге берген баласын

Ақылдысың, ардақтысың, данасың,

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің

Қайратыңнан қайта көрме анашым

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Олай болса бүгінгі 5 а сыныбында болғалы отырған «Анам және Мен» - атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып - дей отырып сайысты бағалайтын әділ қазылармен таныс болыңыздар:

Жүргізуші: Енді сайысқа қатысушы анасы мен қыздарын ортаға шақырайық.

1. Анасы - , қызы - Еркеназ.

2. Анасы - , қызы - Зарина.

3. Анасы - , қызы - Айгерим .

Жүргізуші:

Аналар бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.


  1. «Сөздің басы сәлемнен». Әр отбасы топтың атымен, топ мүшелерімен таныстырады.


  1. «Мақал - сөздің мәйегі». Мақал-мәтелдің жалғасын табады.

  2. Өнерліге өріс кең. (өз өнерлерін көрсетеді)

  3. «Он саусағың майысып, шебер болар ма екенсің?» қолөнер сайысы. (анасы қазақтың оюын ояды, қызы түрлі түсті қағаздан аппликация жасайды)

  4. «Кім жылдам?» қыздар берілген әріптерден сөз құрайды.

  5. «Дәм думан» (анасы дайындап әкелген асын таныстырады)

1-бөлім

Келе жатқан мәңгілік дара салтым.

Мақтанышым, елдігім, парасатым.

Сенсің тілім, теңі жоқ тіршілігі,

Өміріме өң беріп жарасатын, дегендей бірінші сайысымыз «Сөздің басы сәлемнен» таныстыруды бастаймыз.

  • Қазылар алқасына сөз.

2-бөлім

1. Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі)

2. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім - жанып тұрған шырақ)

3. Жақсының аты өлмейді ...(Ғалымның хаты өлмейді)

4. Ақыл-тозбайтын тон... (Білім таусылмайтын кен)

5. Өнерлінің қолы алтын, ...(өлеңшінің сөзі алтын)

6. Білегі күшті бірді жығады... (Білімі күшті мыңды жығады.)

7. Білгенің бір тоғыз... (Білмегенің тоқсан тоғыз)

8.Қына тасқа бітеді... (Білім басқа бітеді.)

  1. Білімді өлсе,
    Қағазда аты қалар....
    (Ұста өлсе,
    Істеген заты қалар.)

  2. Білек сүріндіре алмағанды,
    (Білім сүріндіреді.)

  3. Ағайын - алтау,
    Ана - біреу.

  4. Тіліңмен жүгірме, (біліммен жүгір.)

  5. Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.

  6. Білімдіден ақыл шығар. Ақылды қарттан нақыл шығар.

  7. Көргенді кісі

Көргенін айтар,

Көргенсіз кісі

Бергенін айтар.

3-бөлім

Біздің халық өнерпазға бай халық,

Әнші депте биші деп те айталық.

Талаптары таудай екен бүгінгі

Өнерлеріңді паш етіңдер, байқалық - дей отырып сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалайық.

4-бөлім

Халқым әркез мән берген қолөнерге,

Тәнті болып, сүйсінген хас шеберге.

Қолдан келген өнерді аямағын,

Көрсет қане, барыңды бұл бөлімде - дей келе «Он саусағың майысып, шебер болар ма екенсің?» атты қолөнер сайысын тамашалайық.

5-бөлім

«Кім жылдам?» топ берілген әріптерден сөз құрайды.

6-бөлім

Соңғы сайыс келіп жетті «Дәм думан»

Бұл мереке мәресіне таянған,

Көрсетіңдер бар өнерді аналар,

Бұл бөлімде барынша енді аянбаң - деп соңғы сайысымыз «Ас мәзірі» бөліміне берейік.


Қазылар алқасына сөз берейік.

Марапаттау.

Оқушылар аналарына арнап жасаған сыйлықтарын тапсыру.

Ән : « Анама » сынып әншілері.

Жүргізуші:

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен сайысымызды аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа - дей отырып бүгінгі «Анам және Мен» атты сайысымызды жабық деп жариялаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!


© 2010-2022