Статья на тему С. Дунентаев

Раздел Воспитательная работа
Класс 11 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сәбит Дөнентаев


Мәңгілік Ел- ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман- тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.Осы жолда қаншама тер төккен ерлеріміз бар.Сәбиттің XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамы мен ресей отарлау саясатының сол аумалы-төкпелі заман тұсында ұлт мүддесін қорғаштаған қазақ поэзиясында өшпес із қалдырғаны мәлім. XX ғасыр басында алаш арыстары туған ұлтының ары мен намысын, азаттығы мен еркіндігін, теңдігі мен тәуелсіздігін арман етіп, «Алаш» партиясын құрды.Бұл орайда ұлт азаттық күрес жолында ұлт оянушылық идеяны темірқазақ еткен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров сынды ақындар қатарында қаламгер Сәбит Дөнентаев та саналы ғұмырын осы ардақты парыз жолында сарп етті.

Сұлтанмахмұт, Спандиярдың қатарында тұрғанмен кейінгі жылдары дәріптеусіз қалған елжанды, талант иесі С.Дөнентаевтың даңғыл жолын сөз етуді жөн санаймын.Ұлтының ары мен намыс, азаттығы мен теңдігі жолында қыршын ғұмырын арнаған Сәбит Дөнентаевтың ақындық мұрасы мен азаматтық қайраткерлігін дәріптеп, ұлтымыздың шежірелі тарихы мен қордалы әдебиетіндегі алар орнын асқақтатып, келер ұрпаққа аманат ету біздің борышымыз, бабалар алдындағы ұрпақтық парызымыз деп білемін.

Ақынның өмір жолы мен шығармашылық белестерін саралай отырып, қаламгердің шығармашылық табыстары мен өрлеп, дамуы үнемі Семей топырағымен байланысып келеді.Кереку өңіріне аракідік қайтып отырса да, Семейге үнемі оралып, шығармашылығын шыңдап, үлкен істерге бастайды.Абайды оқып, сусындауы, Мұхтарлардан дәріс алуы және зиялы ортада болуы оны биік шыңдарға жетелейді.Мен ақынды тани отыра оның Семейге деген ерекше ықыласын, байланысын сезгендей болдым. Семей әдебиет, өнер және ғылым қайраткер саңлақтарының отаны болған қала. Семейде төрт баспахана жұмыс жасады.Ол ақындардың шығармашылық өсуіне зор септігін тигізді.Семей баспа қызметі Сәбит Дөнентаев шығармашылығына зор ықпал жасады.

Қос ғасырдың тоғысында тіршілік кешкен ағартушы, демократ ақын, жазушы, журналист Сәбит Дөнентаевтің шығарамалар жинағы соңғы рет жарық көргелі отыз жылдан асыпты.Мектеп программасына енген, арнайы сағат бөлініп оқытылатын ақын өлеңдерін соңғы кездері оқушы ғана емес, ұстаздардың өздері де таба алмай, қиналатын күйге жетті.

Сәбиттің шығармаларын оқушылар жақсы көреді. Сәбит Дөнентаев- балалық шақтың жыршысы.С.Дөнентаевтың бұл арнадағы өлеңдерінде екі ерекшелік бар: бірі- тікелей балалар әдебиеті туындылары да, екіншісі- балалықты басқыш ете келіп, әлеуметтік тірлік жайында ой толғау. Ақынның балажандығын шығармаларынан тез аңғаруға болады.Балаға жүрегі елжіремеген адам жоғарыдағыдай туындыларды дүниеге әкелмес еді.Сәбиттің шығармалары өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде өзінің лайықты орнын алса екен деп тілеймін.

Сайфулин С.М. қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі,

Семей қаласы,Пригород жалпы орта білім беретін мектебі

© 2010-2022