Внеклассная работа (Тәуелсіздік батырлық, ерлік құндылықтары 6 класс

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіздік, батырлық, ерлік құндылықтары»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу;

Оқушыларға азаттығымыздың қалай келгендігін түсіндіре отырып, өз елін, жерін сүюге, қадірлей білуге баулу;

Оқушы бойындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау

Сабақтың түрі: танымдық тәрбие сағаты

Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайд

  1. жүргізуші: Тәуелсіз Қазақстан!

Ән ұраным -жан ұраным, айтар әнім сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым, мәңгі бақи щырқалады

Республика ән ұраны шырқалады

Мұғалім сөзі: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы әдеттегідей көптің көңіліңдегі сан алуан сұрақтарға жауап беріп, әр бір қазақстандықтың өз еліне, отанына, оның болашағына деген жарқын үмітін жандыра түсті. Бұған дейін де Елбасымыз үнемі егемен еліміздің әлемдік дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуды мақсат етіп, сол жолда экономикамызды халқымыздың әлеуметтік жағдайын көтеруді, жастарымыздың заман талабына сай білім алуын, ұлттың денсаулығын нығайту жолдарын жан-жақты талқылап, Үкіметке нақты тапсырмаларберу арқылы оны жүзеге асырып, оның жемісін бәріміздің айқын сезініп жүргенімізді мақтанышпен айта аламыз. Мұның барлығы салиқалы саясаткер Елбасымыздың ел ішіндегі ынтымақ пен бірлікті сақтап отырған сындарлы саясатының жемісі. Ел іші тыныш, бейбіт болса ғана, әр азамат болашағы жайында жарқын жоспар құрып, отбасының берекесі, Отанының абыройы жолында аянбай еңбек ете алады. Міне, биылғы жолдауда да әр қазақстандықтың көкейіңдегі асыл мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндіктер молынан қарастырылған. Бұған дейін көптеген азаматтарды толғандырып келген ұлттық идеямыздың да негізі қаланды. Ол- «Мәңгілік ел» идеясы. Осы идея аясында барлық қазақ халқының асыл мұраттары жүзеге аспақ. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болмақ. Мәңгілік ел бар да - мәңгілік болашақ бар.

1-жүргізуші:Тәуелсізідік, еркіндік - ежелден ел тірегі. Алтайдан Атырауға дейінгі, Алатаудан Ақтауға дейінгі кең байтақ жерімізді қорғап қалу үшін бабаларымыз бен ағаларымыз «білектің күшімен, найзаның ұшымен» жан аямай күресуінің, бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.батырлық және ерліктерінің нәтижесінде бүгінгідей егемен, тәуелсіз ел қатарына жетіп отырмыз.

2-жүргзіуші: Ендеше, Тәуелсіздік ақ таңы атқан күн!

1-жүргізуші:Егемен ел қатарына жатқан күн

2-жүргізуші:Мерекеңіз жамағат құтты болсын!

1-жүргізуші:Арайлап атсын елімізде ақ таңым!

2-жүргізуші:Осындай тамаша күні сыныбымызда өткелі отырған

«Тәуелсіздік, батырлық, ерлік құндылықтары» атты іс -шарамызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:Бүгін бізге ауылымыздың құрметті азаматы Әпек Тәуекел атамыз қонаққа келіп отыр

  • Ата, алтын ұя мектебімізге қош келіпсіз!

Би: Қазақ биі Серік Жаңылдың орындауында

2-жүргізуші: Қазақстан -туған Отан, алтын бақ

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап

Қазақстан көпті көрген қария

Қазақстан - мейірімді ана, жер қымбат

1-жүргізуші:Атады әлі тағы да бір таң күліп,

Жүректерде арман отын жандырып

Қазақстан- біздің туған ұлы Отан

Жайнай бер сен, жайнай бер сен мәңгілік!

Оқушылар өздерінің өлең жолдарын мәнерлеп оқиды

Ерболат:

Нұрперзент:Тәуелсіздік - қазақтың елі емес пе,

Өз байлығы өзінің жері емес пе

Тәуелсіздік -дүрілдеп соғып өткен

Ызғарлы желтоқсанның желі емес пе

Тәуелсіздіканамның ары емеспе!

Арманеткенатамныңзарыемеспе!

Тәуелсіздіккеуіп те үлгермеген

Қайраттайқыршыныныңқаныемеспе!

Жандыбүгінмінекейқайтабағың,

«Қазақпын» деп жар салыпайтааламын

Мен ҚазақпындепедіЖұбанағам

Мен де соныкеледіқайталағым

Есен:Таңдантып жұмыр жердің бар ғаламын

Тәуелсіздік ! Қырандай самғаған үн,

О, Отаным мен сенің бөлшегіңмін

Тәубе етемін сол үшін толғанамын.

Жер мен көктіжаңғыртып жалғаған ән

Қиял ма бүгін көкке самғамаған

Қазағым қасиетінен айналайын

Ақын ба саған өлең арнамаған

Меруерт: Тәуелсіз Қазақстан тірегімсің

Кеудемде лүпілдеген жүрегімсің

Сен үшін мендегі бар білім ілім

Сен деп соққан жүрегімді білемісің

Атыңнан айналайын Қазақстан

Мен саған арнап жазам ғажап дастан

Кең далам көгімде тұр ашық аспан

Жаса елім, алға қадам басқан

Сонымен алдың міне теңдігінді

Мәңгілік сақтағайсың елдігіңді

Мәңгілік сақтағайсың бірлігіңді

Даламдай қонақжайлы кеңдігіңді

Мұғалімнің сөзі:

Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.


1991 жылы 1- желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың президенті етіп сайлады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы « Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.


1992 жылы 4 маусымда Президент Қазақстан республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы. Қазақстан республикасының заңдарына қол қойды.

1992 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Ата заңы қабылданды


1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Келесі кезек енді сұрақ-жауап сайысына берейік

  1. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы жариялады?

  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты?

  3. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына қай жылы мүше болды?

  4. Республикамыздың мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?

  5. Ұлттық валюта теңгеміз қай жылы енгізілді?

  6. Қазақ халқының қандай мерекелерің білесіңдер?

  7. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңдар?

  8. Ақмола қаласы Астана болып қай жылы жарияланды?

  9. ҚР Конституциясы қай жылы, күні қабылданды?

  10. Астана қаласында болдыңдар ма? Қандай көрнекі жерлерін білесіңдер?

Келесі кезек енді мақал- мәтел сайысына берейік

Мақал-мәтелдер туған жер, отан және ел туралы болу керек

Ән: «Атамекен» Хор

Қорытынды:

1-жүргізуші:Бір ата, бір ананың түлегіміз

2-жүргізуші:Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

1-жүргізуші:« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

2-жүргізуші:Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды

қорытындылаймыз!



«№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ



Білім күніне арналған ашық сынып сағатының тақырыбы:

«Тәуелсіздік, батырлық, ерлік құндылықтары»



Өткізген: 6 «А» сынып

Сынып жетекші: Ауезханова А.Т.





2015-2016 оқу жылы


© 2010-2022