Самопознание сабақ жоспары Өзіңді де, өзгені де аяла

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп №212 мектеп-гимназия Мерзiм16.11.2015ж №10

Тақырып Өзіңді де, өзгені де аяла

Құндылық дұрыс әрекет

Қасиеттер шынайылық, сыйластық, қамқорлық, мейірімділік, адамгершілік, сүйіспеншілік

Мұғалiм Садықова Шаттық Класс 3 «Б» Оқушылар саны 23

Сабақмақсаты: Өзіңді де, өзгені де аялау арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Өзіңді, өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • Өзіне, өзгелерге сүйіспеншілікті, адамгершілікті қарым-қатынастарын дамыту;

  • Оқушыларды шынайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар(оқулық, дәптер, түрлі-түсті қаламдар, бейне проектор)

Сабақбарысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5-тыны еске түсіру.

Татулық

Тыныштық

Тәртіп

Тазалық

Талап

Тыныштық сәтi.(Жағымды күйге ену)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашуда. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  • Балалар қандай әсерде болдыңдар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы 43-беттегі Т.Айдархановтың «Жанашыр» әңгімесін оқып келу.

Жанашыр

Т. Айдарханов

Бірге оқитын құрбыларымен доп ойнап шаршаған Дастан үйіне қайтып келе жатты. Кенет ол көшенің бұрылысында кедір - бұдыр жолға қайта - қайта сүрініп - жығылып, сенделіп жүрген қыз баланы көрді. «Соқырмаөзі, машина басыпкетеді - ау» депойлады Дастан.

Жүгіріпқыздыңқасынакелді.

- Жолданбылайшық, - деді Дастан, қыздың қолынан ұстай алып, әне, машина келе жатыр. Өзің неғып жүрсің?

- А - а - дасып кеттім! - деді қыз бала өксіп.

- Қайда тұрушы едің?

- Көзі жоқ балалар үйінде. Сен кімсің?

- Мен Дастанмын. Қорықпа, үйіңе апарып саламын.

Ақбөпе жетім еді. Олзағип балалар үйінде тұратын. Сонда оқиды. Өзі ән салады. Дауысы қандай әдемі, күміс қоңырау сияқты. Салып ойнап жүріп көшеге шығып кеткенін өзі де аңғармаған.

Артынан достары:

- Ақбөпе, Ақбөпе! - деп шарқұрып іздеп, айқайлағанымен таба алмай қойған болатын.

Дастаннан әуелде сескеніп қалған Ақбөпенің бірте - бірте бойы үйренді. Енді ол қолын созып, жаңа досының қайратты кекілін, таңқы танауын, қалқиған құлағын сипады. Сонан соң жақындап, иығымен түйістіріп, бойын өлшеді. Екеуінің бойы бір дейекен. Екеуі әңгімелесіп, зағип балалар үйіне келе жатты.

- Мен ғарышкер боламын, - деп қояды Дастан мұрнын маңыздана тартып.

- Мен әнші болғым келеді, - дейді Ақбөпе, ұяла сөйлеп, жымиып.

Міне, оларАқбөпенің үйіне келіп те қалды. Ақбөпенің келгенін сезген балалар қатты қуанды.

Ақбөпені де, Дастанды да құшақтап, орталарына алды. Бірі билеп, бір ісырнай тартты.

Шаршағанын ұмытып, Дастан үйіне ерекше көңілмен қайтты.

Дастан, Дастан, келіп тұр! - деп, көпке дейін қол бұлғап қалды, оның жаңа достары.

  • Балалар, сендерге әңгіме ұнады ма?

  • Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар?

  • Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?

  • Әңгімеден дұрыс әрекетті байқадыңдар ма?

  • Сендердің өмірлеріңде осындай жақсылық жасаған кездерің болды ма?

Ескертулер


  1. Дәйексөз.

Аялауды табиғаттан үйрен.

Халық даналығы

  • Балалар, халық даналығын қалай түсінесіңдер?

Барлығы хормен оқиды. Ұлдар, қыздар оқып қайталайды.


  1. Әңгiмелеу (сұхбат)

«Шаян» (Өсиет әңгіме)

Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келді де, қайта - қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «шағу» шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса, «сүю» бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», - дейді.


  • Әңгіменің идеясы неде?

  • «Менің табиғатымда болса, сүю бар» - дегенді қалай ұғасыңдар?

  • Адамның әрекеті дұрыс па? Неліктен?

  • Табиғаттың гүлденуіне қосар үлесің қандай?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

А) Жақсыадамныңқасиеттерінжазу.

Кеңпейілді

Самопознание сабақ жоспары Өзіңді де, өзгені де аялаСамопознание сабақ жоспары Өзіңді де, өзгені де аялаСамопознание сабақ жоспары Өзіңді де, өзгені де аялаСабырлы

АСамопознание сабақ жоспары Өзіңді де, өзгені де аялаСамопознание сабақ жоспары Өзіңді де, өзгені де аяладал Мейірімді

Самопознание сабақ жоспары Өзіңді де, өзгені де аялаСамопознание сабақ жоспары Өзіңді де, өзгені де аяла

Кешірімді Шыдамды

ә) Оқушы дәптерімен жұмыс. «Өзіңді де, өзгені де аяла» тақырыбы бойынша ребус шешу.


  1. Топпен ән айту.

«Бала тілегі» әні

Сөзін жазған С.Молдасанұлы

Әнін жазған Ф.Лұқпанова

Бал-балалық,балдырғаншақ сан арман,

Барлық бала армандауғажарлған

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет

Гүлденсіндепатмекен-қараорман.

Болашақтыңиесімізбәріміз,

Туғанжердіңтүрлендірернәріміз.

Алтын бесік-ұланбайтақелімде, 2рет

Жарқынболсыншырқапайтарәніміз.

Қалықтағанкөгершінікөгінде,

Мүңаймасынешбір бала елімде.

Атабергенбатамененкөркейсін, 2рет

ҰлыОтаным,тілегімсолменің де


  1. Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 48-49 беттеріндегі А. Асылбековтың «Сүйіспеншілік» атты әңгімесін оқып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

- Бүгінгі өткен сабағымыздан алған жақсы ойларды бойларыңызға сіңіріп жүрегімізде сақтайық. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!

Мұғалім _________________

Директор_________________

© 2010-2022