Тәрбие сағаты Қызықты кітаппен достасайық! (4 сынып)

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қызықты кітаппен достасайық !

Мақсаты: Кітапқа құрметпен қарауға баулу,оның оқушы үшін маңыздығын танытуға ықпал ету.

Міндеті: Балалардың сүйікті кітапшаларын таңдай білуіне қол жеткізу;

Ойын нақты жеткізу,тапқыр сөйлеу,пікір білдіру дағдысын қалыптастыру.

Түрі: Пікірлесу сағаты

Көрнекілігі: Кітап бұрышы,ертегі кейіпкерлерінің шаблондары,бояма суреттер, сандық шаблондар.

Тәрбие сағатының барысы

Алдын-ала берілген тапсырма:

Өзіңнің ең сүйікті кітапшаңды сыныпқа алып кел,сол кітапшаны парталас достарыңа таныстырылсын.

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Алдын-ала берілген тапсырманы естеріне сала отырып, " Сүйікті" кітапшалар атты кітап бұрышына балалардың өз кітапшаларын орналастыруына уақыт бөлінеді.

  2. Мұғалім " Сүйікті " кітапшалар бұрышындағы түрлі кітаптардың жиналғанына тоқтала отырып,балаларға алғыс білдіреді.

  3. Балаларды кітап бұрышына жиналған мазмұнға лайықты топқа бөлу.

Ертегі кітапты ұнататын балаларды " Ертегі әлеміне" атты топқа жинау;

Санамақ, жұмбақ, жаңылтпашты ұнататын балаларды Сиқырлы әлем атты топқа жинау;

Бояма кітапшаларды ұнататын балаларды " Сырлы суреттер " тобына жинау;

Негізгі бөлім

  1. Топ оқушыларының алдына арнайы тапсырмалар ұсыну.

Ертегі әлеміне тобына бірнеше ертегі кейіпкерлерінің шаблоны беріледәі.

-қандай ертегі кейіпкерлері ?

- Ертегіні кімнен естідің ?

-Ертегі қалай басталады ?

-Ертегі қалай аяқталады ?

Сұрақтарына жауап ала отырып,құрастырма жасауға әзірлену.

Сиқырлы әлем тобына цифрлардың,соған сәйкес заттардың бейнелері беріледі.

1 цифры көгершін

2 цифры ұшақ

3 цифры машина т.б

Әрбір санға сәйкес суреттерді қатарластырып,орналастыруға әзірлеу Өздері білетін санамақтарды еске түсіру;

Санамақтар ойыны

Сырлы суреттер тобына бірнеше бояуға арналған суреттер беріледі.

-Өзің бір суретті таңдап ал,суретті кітапшалардағы әсем бояу түрлерін есіңе түсір,суретті боя.

-Қолындағы суретке сипаттама беруге даярлан, Тапсырманы орындауға берілген 7 минут уақыт беріледі.



  1. Менің сүйікті кітапшам атты ой қозғау минуты.

Мұғалім: -Балалар,біз сендермен қызықты кітап әлемінен сыр шертіп көрейік.Кім қазір өз достарына Сүйікті кітапшасы туралы әңгімелеп береді.

А) тілек білдірген үш төрт оқушыны таңдау

Ә) үн таспада баяу әуен қойып әрбір оқушыға өз кітапшасын досына таныстыруға мүмкіндік беру.

Қорытынды:

Кітаптың өтініші ( магнитафон арқылы тыңдату)

-Балалар,мен кітаппын.Бүгін мен сендерге бірнеше ақыл айтпақпын,құлақ салып тыңдаңдар!

-Мені кір қолдарыңмен ұстамаңдар,мені сен сияқты тағы бір бала оқитынын ұмытпа.

-Менің беттеріме белгі соғып қарындаш немесе қаламсаппен боямаңдар,оқып тоқтаған жеріңді белгілеу үшін арнайы белдеулік пайдаланыңдар.Әр тез табасың,әрі маған да ыңғайлы.

- Менің әрі пайдалы, әрі таза,әрі жаңа күйімде сақталуыма көмектес.Бұл сенің қолыңнан келеді!

© 2010-2022