• Преподавателю
  • Технология
  • Арнайы пәндерді оқыту барысында оқушылардың ауыл шаруашылығы техникасы жөніндегі түсініктерін жетілдіру. (баяндама)

Арнайы пәндерді оқыту барысында оқушылардың ауыл шаруашылығы техникасы жөніндегі түсініктерін жетілдіру. (баяндама)

Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі түз ілген білім берудегі «Технология» бағдарламасында ауылдық мектептер үшін «Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы» тақырыбын оқуға жеткілікті уақыт бөлінген. Оның мазмұны ауыл шаруашылығы өндірісіне мамандарды дайындаудың негіздерін қамтыған, яғни бағдарламаның өзінде ауылдық мектептердің ерекшелігі қарастырылған. Қазіргі кезде оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары олардың танымдық және практикалық өзіндік іс-әрекетт...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орал гуманитарлық- техникалық колледж











БАЯНДАМА



Тақырыбы: Арнайы пәндерді оқыту барысында оқушылардың ауыл шаруашылығы техникасы жөніндегі түсініктерін жетілдіру.













Баяндамашы: Е.А.Жалдыбеков













Орал, 2011 жыл

Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі түз ілген білім берудегі «Технология» бағдарламасында ауылдық мектептер үшін «Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы» тақырыбын оқуға жеткілікті уақыт бөлінген. Оның мазмұны ауыл шаруашылығы өндірісіне мамандарды дайындаудың негіздерін қамтыған, яғни бағдарламаның өзінде ауылдық мектептердің ерекшелігі қарастырылған. Қазіргі кезде оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі мақсаттары олардың танымдық және практикалық өзіндік іс-әрекеттерін жеке даралау негізінде қызығушылықтарын, қабілеттерін дамытудан тұрады. Осы мақсаттар педагогикалық міндеттерді шешу кезінде жүзеге асырылады. Олардың негізгілері ауыл шаруашылық тәжірибелерін ұйымдастыруда.

«Технология» бағдарламасында ауыл шаруашылығының екі бағыты көрсетілген. Біріншісі, ауыл шаруашылық жұмыстары, егіншілік пен мал шаруашылығы негіздері, өсімдіктер өсіру және жануарларды бағып күту. Екіншісі, ауыл шаруашылық техникасы. Тағы бір ерекшелігі, мұнда егер, ауыл мектептерінде «үлкен көлемді оқу-тәжірибе учаскісі, гүл өсіретін жылы жайлар, шағын фермалар немесе негізгі шаруашылықтардың фермаларында арнайы бөлінген учаскелер болған жағдайда ғана ауыл шаруашылық жұмыстарына жылына 34 сағат бөлу ұсынылады» деп тақырыпты кең көлемде оқыту қарастырылған. Ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін шаруашылығының мазмұны көктемгі және күзгі кезең жұмыстарынасәйкес берілген. Олардың мазмұны жоғарыда айтылған құрылымды сақтаған.

Технология бағдарламасындағы теориялық оқу материалдары мен практикалық іс-әрекеттерден басқа оқу-тәжірибе жұмыстарының нәтижелі болуы үшін:

  • демонстрациялар (диапозитивтер, диафильмдер, кинофильмдер) тақырыптары;

  • пәнаралық байланыс материалдары - алдыңғы өткен және оқытылып отырған оқу пәндері мазмұнымен байланыс көрсетілген.

Қазіргі білім беруде қолданыстағы «Технология» білім саласының міндеттері: оқушыларды өзіндік практикалық іс-әрекетпен жаңаны жасау, өзіндік жүзеге асыру ұмтылысын қаруландыру; қазіргі заман өндірісінің технология, экономика, ұйымдастыру және экология саласындағы технологиялық мәдениетті және жалпы еңбектік білім мен ептілікті игеруін, оның даму перспективалары жөнінде түсінікті қалыптастыруды қамтамасыз ету,; адамгершілік-еңбектік сапаны, кәсіпті таңдау және еңбексүйгіштік қоғамдық құнды мотивтерді тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді шешу, жүзеге асыру оқу-тәрбие процесінде, оқушылардың технологиялық дайындығын ұйымдастыруда оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын және дамыта оқыту әдістерін тиімді пайдалану арқылы нәтижелі болады.

«Технология» бағдарламасы мазмұнына сәйкес оқытудың жаңа әдісі қазіргі уақытта кеңінен қолданылуда. Ал, пәннің мақсаты экономикалық, экологиялық және кәсіпкершілік мақсаттылық, әлеуметтік тәжірибе есебімен әр түрлі практикалық іс-әрекеттерде оқушыларда өмірлік қажетті технологиялық білімдер мен ептіліктерді қолдануға мүмкіндік беру болып табылады. Негізгі мақсат - машықтық жұмыстар арқылы ауыл шаруашылық машиналарының түрлері, атқаратын қызметтері, тұрмыстағы қажеттілігін түсіндіру, меңгерту болып табылады. Арнайы пәндерде түрлі ауылшаруашылық техникаларының макеттерін жасату оқушылардың техника жөніндегі түсініктерін қалыптастырады. Мұндай жұмыстарды жасату барысында тақырып бойынша теориялық негізде ауыл шаруашылық техникасының түрлерін іріктеп, көрнекі суреті арқылы пішіндерін орындайды. Жалпы негізгі құрылысымен танысып, шығармашылық бағытта жұмыстанады. МТЗ - 80 тракторының эскиздерін шығармашылық ізденіспен орындап, нақты сызбасын жасайды. ПВХ материалына орындау үшін сызбасын материал бетіне түсіріп, көмекші құралдар арқылы әртүрлі формадағы жеке деталдарын дайындайды. Кейін құрастыру технологиясы бойынша жұмыстанады. Осы аталған ауылшаруашылық техникаларын моделдеу барысында интерактивті тақта мүмкіндіктерін тиімді қолдану - жұмыс сапасын арттыра отырып, нәтижеге бағытталған білім беруде көп көмегін тигізеді.

© 2010-2022