Жүн және Жібек (сабақ жоспары)

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сабақ:

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылар жүн және жібек маталарының қасиеттерімен танысады,бұл маталардан тігілген бұйымдарды күту жайлы білімдерін толықтырады;

ә) Дамытушылық:оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу,іздену қабілеттерін дамыту;

б) Тәрбиелілік: оқушыларды жүн және жібек маталарының қасиеттеріне қарай олардан тігілген бұйымдарды күте білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың көрнектілігі: жүн және жібек талшықтары; жүн,жібек маталарының қиықтары;жүн,жібек маталарынан тігілген бұйымдар.

Пәнаралық байланыс: жануартану,химия.

Сабақта қолданылған сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары: топтастыру,ББҰ,талқылау,Венн диаграммасы,шығу парағы,галереяны шарлау.

Сабақ кезеңдері

Стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

топтастыру

Сәлемдеседі,оқушылардың сабаққа дайындығын байқайды,оқушыларды түгендейді,оқушыларға жүн,жібек маталардың қиықтарын таратып береді;

Амандасады,сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын әзірлейді,сабаққа бейімделеді,берілген мата қиықтары бойынша топтасады;

Қызығушылықты ояту

БҰҰ

Кестені толтыруға оқушыларды бағыттайды.Жүн және жібек маталары жайлы не білесіңдер?Не білгілерің келеді?

Кестенің ББ бөліктерін толтырады,топта оқиды,әр топтан 1 оқушы жазғанын сынып алдында оқиды

Мағынаны ажырату

талқылау

Алдын ала әзірленген тақырыптарды оқушыларға таратып береді.

1топ.Маталардың қасиеттері.

2топ.Жібек және жүн маталарынан тігілген бұйымдарды күту.

Тақырыптарды оқиды.Топта талдайды,сараптайды.

Сыныпқа түсіндіреді.

Ой-толғаныс





ББҰ









Венн

Диаграммасы











Шығу парағы

Әр топқа тапсырмаларды таратып береді.

1топ.Жүн маталардың қасиеттерін анықтау.

2топ.Жібек маталардың қасиеттерін анықтау.

Кестедегі «Үйрендім»бөлігін толтыруға бағыттайды.

Жүн,жібек маталарының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазуға бағыттайды.

Бүгінгі сабақта не түйдім деген сұраққа жауап жазуды талап етеді.

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап іздей отырып,жүн және жібек маталардың қасиеттерін анықтайды.Сыныпқа түсіндіреді.

Кестені толтырады,топта оқиды.Әр топтан 1 оқушы жазғанын сыныпқа оқиды.

Диаграмманы толтырады.Топта талдау жасайды.Ең құнды пікірді сыныпқа хабарлайды.

Шығу парағын толтырады.Қабырғаға іледі.Галереяны шарлайды,пікір алмасады.

Қорытындылау

-Матаның қасиеттерін білу,бұйымдарды күтіп сақтауға мүмкіндік береді.Бүлдіріп алудың алдын алады, сондықтан бүгінгі сабағымыз өте пайдалы болды деп ойлаймын.

Сабақ барысында қандай жаңалықтар білдіңдер,қиындық туды ма?

Баға қояды.Үйге тапсырма береді: «Жүн және жібек маталарынан тігілген бұйымдарды күту туралы пайдалы кеңестер жазу»

Сұраққа өз пікірлерімен жауап береді.Алған бағаларын күнделікке қойдырады.Үйге тапсырма алады.Жұмыс орнын жинайды.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Оқушылардың аналитикалық талдауы мен ойлауын дамытуда мынадай жүйе қолданылады:

  1. Заттар мен құбылыстарды талдау (анализ жасау) және жинақтау;

  2. Нақты пайымдау;

  3. Логикалық ойлау;

  4. Дәлел келтіру;

  5. Мысалдармен ойды бекіту;

  6. Қорытындылау

(М.Құдайқұлов,Б.Жексенбаев.Оқушыларды аналитикалық ойлауға үйретудің жаңаша тәсілдері.Этнопсихология және этнопедагогика.Алматы,2002 жыл).

Технология сабағында осы әдісті қолдану өте тиімді деп санаймын.

© 2010-2022