Бұйымның технологиялық бірізділігін сақтау. (9 класс)

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бұйымның технологиялық бірізділігін сақтау.

Сабақтың мақсаты: Бисермен жұмыс жасаудың технологиялық бірізділігінмен таныстыру.

Сабақтың міндеті: 1) Тоқу техникасын меңгерту.

2) Эстетикалық талғамын арттыра отырып, ұқыптылыққа, іскерлікке, ептілікке тәрбиелеу.

3) Теориялық білімін арттыра отырып, шығармашылыққа қабілетін дамыту, практикамен ұштастырыра отырып өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Сабақтың типі: аралас

Сабақ әдісі: практикалық

Сабақ көрнекілігі: дайын бұйым үлгілері

Пәнаралық байланыс: геометрия.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгіндеу,

  • Құрал-жабдықтарын тексеру

  • Техникалық қауіпсіздігін еске салу.

ІІ Жаңа сабақ.


І Кіріспе нұсқау

Жұмыс барысы Техникалық қауіпсіздігін еске түсіру. Нұсқау картасымен таныстыру.

Керекті құрал-жабдықтар: бисер, тоқуға арналған білдек, бисерге арналған ине, жіп, жұмыс жәшігі.

ІІ Ағымды нұсқау.

  1. Сызбаларды дайындау.

  2. Бисерді суреттің түсіне қарай дайындау.

  3. Жұмыс жібін бекіту.

  4. Бисерді бірінші қатар үшін тізіп, сол жақтағы ең шеткісінен басқасын бисермен бірге жұмыс жібін негіздің астына оған перпендикуляр етіп өткіземіз.

  5. Бисерді негізге төменнен сол қолдың сұқ саусағымен көлденең жіптердің арасында бір бисерден болатындай етіп қысамыз.

  6. Сол қолдың бас бармағымеен негізді оның жіптері бисерлердің арасына түсетін етіп, мейлінше төмен әрі жұмыс жібіне қысылып басылатын етіп үстінен қысамыз. Инені жұмыс жібімен бірге негіз жібінің үстінен кері бағытта бисерлер арасынан өткіземіз.

  7. Жұмысты сызба бойынша жалғастыра отырып негіздің жібі матаның бетіне шығып кетпеуін қадағалап отырамыз.

ІІІ Қорытынды нұсқау

  1. Бисермен тоқымашылық қай дәуірден бастап пайда болады?

  2. Тағыда қандай бұйымдар жасауға болады?

  3. Бисерден тоқылған тоқыманы мата бетіне қалай орналастыруға болады?

  4. Көрме ұйымдастыру.

  5. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: Жұмысты жалғастыру.



© 2010-2022