Бюдж по технологии 8 класс

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы КММ





Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Отбасылық бюджет және қажеттіліктер

Пәні: Технология

Пән мұғалімі: Омарова Ұлбала

Сыныбы: 8 «Б»


2014-2015 оқу жылы

Пән аты: Технология Тексерілді: ______________

Сыныбы/мерзімі: 8 «Б» - 19.02.2015 жыл «____»_____________ 2015 жыл Сабақтың тақырыбы: Отбасылық бюджет жəне қажеттіліктер

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: Аралас

Әдіс - тәсілдер: «Ойлан, Бірік, Бөліс», «Джигсо», «Өрмекшінің торы»

Сабақтың мақсаты: Берілген кестені қолдана отырып, оқушылардың кем дегенде 80 пайызы 15 минут ішінде отбасылық бюджет пен қажеттіліктерді құруы тиіс.

Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушылардың нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Білу: Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта ғана емес, белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы екендігін білу (барлығы)

Түсіну: Отбасылық бюджет жəне қажеттіліктер өмір сүру үшін қажет екендігін түсіну (көпшілігі)

Қолдану: Отбасылық қажеттіліктер кестесін құру кезінде экономикалық терминдерді қолдану.

Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Отбасы, отбасылық бюджет жəне қажеттіліктер ұғымын түсіндіру барысында слайд көрсетіледі. Тақырыптың мазмұндық идеясын меңгерту мақсатында диалогтық оқыту арқылы топтағы талқылауды ұйымдастырамын. Оқушыларға пікір айту үшін сұрақтар қоямын, жеке пікірлер айтуға ықпал жасаймын. Оқушыларға жеке жұмыс орындатамын.

Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз?

Оқушыларды критерий арқылы, формативті бағалау түрлерін, соның ішінде жеке жұмыс орындату барысында «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды қолданамын, оқушының өзін-өзі және өзгені бағалауына мән беремін.

Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Оқушыларға тақырыпқа байланысты бейнеүзіктер көрсетемін, түрткі сұрақтар қоямын.

Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Жұмысты орындау барысында бағыт-бағдар беру арқылы топ мүшелерімен бірлесе отырып «Отбасылық бюджет пен қажеттіліктер» кестесін құра алатын болса мен күткен нәтижеге жеткенін анықтауға болады.

Сабақ барысы

Мұғалім іс -әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар

Білу

2-минут



7-минут


5-минут

Психологиялық ахуал туғызу. Топтық жұмысқа оқушыларды бейімдеу. Топқа бөлу.

І топ «Кіріс»

ІІ топ «Шығыс

Топ ережесін сұрау. Бағалау парағын тарату.


Өткен сабаққа шолу жасау. «Менен - сұрақ», сенен - жауап». Оқушыларға ұяшықтар арқылы сұрақтар беру.

Жаңа сабаққа кіріспе.

Үй сөзіне ой қозғау. Оқушылардың үй туралы пікірлерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашу.

Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру.

Бейнеүзік көрсету. «Отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлау» туралы сарапшылардың кеңесін тыңдату.

Оқушыларға түрткі сұрақтар қою.

«Бюджет» сөзін қалай түсінесіңдер?

Отбасы бюджеті неден тұрады?

Топқа бөліну. Өзара келісіп атқаратын істі таңдап алады.

Басшы: басшылық жасайды.

Хатшы: дәптеріне жазып отырады.

Баяндамашы: болған оқиғаны баяндайды.

Таймкипер: уақытты бақылап отырады. Топ ережесін еске түсіру.

Оқушылар ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Ұпайлар жинайды.



Оқушылар жұмыс дәптерлеріне күннің реті мен сабақтың тақырыбын жазып қояды.

Бейнеүзікті көру арқылы сыни ойланады.

Топтың аты жазылған А4 қағазы,

Бағалау парағы


Слайдтар



Жұмыс дәптері

Бейнеүзік

Түсіну

5-минут



5-минут


2-минут

1 - қадам. Топтық жұмыс.

Отбасына қажетті кірістер мен шығыстарды жазады.

1-топ: Кірістер

2-топ: Шығыстар

Критерий бойынша бағалау.


2-қадам. Жеке жұмыс. Құзырлылық тапсырма

Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы 102-беттегі 1-тапсырманы орындау.

Тапсырманы жылдам орындаған 3 оқушы ұпай алады.

Сергіту сәті. «Көңілді күн»

Топтық ереже бойынша оқушылар өз жұмыстарын атқарады. Флипчартқа негізгі ойды түсіреді. Әр топ жасаған постерлерін қорғайды.

Топтар жұмысын критерий бойынша бағалайды:

  1. Хабарлануы

  2. Көркемдік жағы

  3. Қателері

Оқулықта берілген мәліметтерді пайдаланып, үстіміздегі жылдың 1-кварталына 2 кісіден тұратын отбасының бюджетін құрыңдар.


Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Флипчарт, маркер



Оқулық,

дәптер



Қолдану

5-минут


7-минут

Жинақтау

7-минут

3-қадам. Жеке жұмыс. Құзырлылық тапсырма

Компьютермен жұмыс. Оқулықтағы 102-беттегі 2-тапсырманы орындау.

Тапсырманы жылдам орындаған 3 оқушы ұпай алады.

4-қадам. Жұптық жұмыс. Берілген заттардан әмиян жасау.

«Өзара» бағалау

Топ ішіндегі жүргізілген жұмыстар туралы сыртқы, ішкі бақылаушыларды сөйлету.

«Аяқталмаған сөйлемдер» рефлекциясы.

«Өрмекшінің торы» әдісі. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.

Үйге тапсырма:

  1. Тақырыпты мазмұндау.

  2. Отбасы - алтын діңгек эссе жазу.

  3. Өздеріңнің 1 айлық бюджеттеріңді құрып келіңдер.

Кестені компьютерге сызып, өз отбасыларыңның 1 айлық бюджетін құрыңдар.


Оқушылар екі-екеуден бірігіп, берілген заттардан ақша салатын әмиян жасайды

Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында алған әсерлерімен бөліседі, ұсыныс тастайды.

Рефлекцияны толтырады.

Оқушылар шеңберге тұрып жіпті бір-біріне беру арқылы сұрақтарға жауап береді.

Берілген үй тапсырмаларын мұхият орындап келеді.

Компьютер


Түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, маркер


Рефлекция парағы

Тоқыма жіп


© 2010-2022