Сабақты жаңа ақпараттық технологиямен оқыту – білім сапасының кепілі

Сабақты жаңа ақпараттық технологиямен оқыту – білім сапасының кепілі   Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу,ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.   Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқуш... ХХІ-ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алға шарттарын меңгеруі тиіс.   Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл кезде күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдырмен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты 4 бөліктен тұрады: 1.               Мақсаттық компоненті 2.               Мазмұндық компоненті 3.               Операциялық компоненті 4.               Нәтижелік бақылау компоненті    Алға қойған мақсатына жету үшін әр мұғалім сабақ өтудің әр түрлі тәсілдерін қалай, қашан қолдану керектігін біледі. Сабақ кезінде оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынастың мейлінше көп болуын оқытудың немесе білім берудің интерактивті әдісі деп атайды. Оқытудың интерактивті әдісін қолданудағы негізгі мақсат: -          әр деңгейлі есептер шығару; -          тақырыптардағы ережелерді толық түсініп, оны есеп шығарғанда пайдалану; -          өтілген тақырыптарды жүйелі түрде қайталап,еске түсіріп отыру. Ал осындай өтілетін сабақтарға интерактивті тақтаны пайдаланса, оның мүмкіндіктері: сабақ уақыты үнемделеді, тақтада жазылған тапсырмалар бойынша оның шығарылуы және тақтада сақталған шешім қосымша сабақтарда, сабақтан қалып қойған оқушыларға көмек ретінде көп септігін тигізеді. Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі: -          Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; -          Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; -          Білім сапасына әсері зор; -          Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол. Технология сөзі біріншіден -  өнер, шеберлік деген ұғымның синонимі ретінде педагогикалық шеберлік деген ұғымды білдірсе, екіншіден, білім беру ісін технологияландыру арқылы жан-жақты дамыған, өзіне сенетін,  өмірге икемді тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі мектеп пен мұғалімнің мақсаты, міндеті де осыған келіп тіреледі. Баланың ішкі мүмкіндіктерін тани білу, оның сыртқа шығуына түрткі жасау оңай процесс емес. Ақпараттық технологиядан іздену – осы мәселелердің шешімін іздеу деген сөз.
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты жаңа ақпараттық технологиямен оқыту - білім сапасының кепілі


Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат - жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу,ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәдениет - бұл әңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегіне өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

ХХІ-ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алға шарттарын меңгеруі тиіс.

Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл кезде күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдырмен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы бір-бірімен тығыз байланысты 4 бөліктен тұрады:

  1. Мақсаттық компоненті

  2. Мазмұндық компоненті

  3. Операциялық компоненті

  4. Нәтижелік бақылау компоненті

Алға қойған мақсатына жету үшін әр мұғалім сабақ өтудің әр түрлі тәсілдерін қалай, қашан қолдану керектігін біледі. Сабақ кезінде оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынастың мейлінше көп болуын оқытудың немесе білім берудің интерактивті әдісі деп атайды. Оқытудың интерактивті әдісін қолданудағы негізгі мақсат:

  • әр деңгейлі есептер шығару;

  • тақырыптардағы ережелерді толық түсініп, оны есеп шығарғанда пайдалану;

  • өтілген тақырыптарды жүйелі түрде қайталап,еске түсіріп отыру.

Ал осындай өтілетін сабақтарға интерактивті тақтаны пайдаланса, оның мүмкіндіктері: сабақ уақыты үнемделеді, тақтада жазылған тапсырмалар бойынша оның шығарылуы және тақтада сақталған шешім қосымша сабақтарда, сабақтан қалып қойған оқушыларға көмек ретінде көп септігін тигізеді.

Қазір білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі:

  • Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

  • Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • Білім сапасына әсері зор;

  • Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде мүмкіндік мол.

Технология сөзі біріншіден - өнер, шеберлік деген ұғымның синонимі ретінде педагогикалық шеберлік деген ұғымды білдірсе, екіншіден, білім беру ісін технологияландыру арқылы жан-жақты дамыған, өзіне сенетін, өмірге икемді тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі мектеп пен мұғалімнің мақсаты, міндеті де осыған келіп тіреледі. Баланың ішкі мүмкіндіктерін тани білу, оның сыртқа шығуына түрткі жасау оңай процесс емес. Ақпараттық технологиядан іздену - осы мәселелердің шешімін іздеу деген сөз.

© 2010-2022