Шаңырақ-киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі

                                      «Шаңырақ-киіз  үйдің жоғарғы бөлігі» баяндама    Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты шаңырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайд...
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шаңырақ-киіз үйдің жоғарғы бөлігі» баяндама

Шаңырақ-киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі

Киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атаулары бар: керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты шаңырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атаулары болады. Бұларды киіз үйдің сүйегі дейді.Үйдің сүйегін сәмбі талынан жасайды. Халық сәмбі талын сыр талы, қайыр талы, боз тал деп те атайды. Үйдің сүйегін жасайтын шеберді "үйші" дейді. Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй т.б. аттарымен атайды. Киіз үйлердің бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты. Мұндай жапқышты халықта "туырлық" деп атайды. Шаңырақ-киіз үйдің ең жоғарғы бөлігіТуырлықты киіз үй сүйегіне лайықтап құрастырып дайындайды. Киіз үйдің туырлығы бірыңғай ақ қойдың жүнінен басылған киізден жасалса оны "ақ үй", қоңыр жүннен басылған киізден жасалса "қоңыр үй" деп атайды.

Шаңырақ - киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:

1 - тоғын, ол шаңырақтың негізі. Қатты ағаштан жасалып, өрнектеледі. 2 - күлдіреуіш. Сәмбі талынан иіліп жасалады. Әр иінде 3 күлдіреуіштен 8-ге дейін болады. 3 - беріктік. Ол күлдіреуіштер ыдырап кетпеу үшін орнатылады, өрнектеледі. 4 - шаңырақтың көзі. Оған уықтың қаламы кіріп тұрады. Тоғын мен беріктікті шаңырақтың ішкі жағынан өрнектейді. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып қағатын, көне салт бүгінгі Шаңырақ-киіз үйдің ең жоғарғы бөлігіқазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған. Әке-шешені асырау кенже ұлдың міндеті. Әкесі бар кезінде де немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй «қара шаңырақ» деп аталады. Бұл «үлкен үй» деген мағынаны білдіреді. Егер «қара шаңырақ» батыр, би, әулие, молда, сыйлы кісілердің үйі болса, онда сол ауылдың адамдары алыс сапарға шықса немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым қылып дәм татады.



Кереге

Шаңырақ-киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі

Кереге - киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды.Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» деп, одан қысқалауын «балашық», ең кішісін «сағанақ» деп атайды. Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.

Уық

Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең. Оған қосымша сықырлауық есіктің үстіне байланатын қысқалау келген 4-5 маңдай уық болады. Онын ұзындығы есіктің биіктігіне байланысты.

Шаңырақ-киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі

Киіз үй есігі

Киіз үйдің ағаш есігін сықырлауық дейді. Ол киіз үйдің ішіне қарай ашылады. Есік бірнеше бөліктен тұрады. Олар: маңдайша, екі босаға, табалдырық пен екі жақтау.

Киіз үйдің ішкі баулары

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

Таңғыш - екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

Бас арқан - керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл - арқан.

Шалма - уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

Желбау - өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті - дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

Басқұр - киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.

Үзік бау - үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.

Бел- бау - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

Киіз үйдің шилері - кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.

© 2010-2022