Бұйымды соңғы рет өңдеу Сабақ жоспары (7 сынып)

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Бұйымды соңғы рет өңдеу

Сабақтың мақсаты:білімділігі: өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақты меңгерту;
Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, сыпайылыққа үйрету;

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сызба,топтастыру стратегиясы т.б.

Сабақтың көрнекілігі: мата,ине-жіп,қайшы,см таспа,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: өмірмен,биологиямен,химия.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен амандасу.
ә)Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Ой қозғау (нені білеміз?)
Ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинаймыз.Оқушылар жинаған ұпайларына қарай бағаланады.

40-сұрақ.
1)Шорты неше өлшемнен тұрады?
2)Шортының қадамын қалай табамыз?

40-сұрақ.
1)Шортында қандай қалтаның түрлері бар?
2)Жапсырма қалтаны қалай тігеміз?

30-сұрақ.
1)Стиль дегеніміз не?
2)Стильдің түрлерін ата.

30-сұрақ.
1)Машина тігісі қандай тігіс?
2)Бұйымның етегін неше әдіспен өңдейміз?

Ү.Жаңа сабақ

Іздену (нені білгіміз келеді?)

Тігін өндірісінде ылғалды жылулықпен өңдеу киімдерге белгілі форма беру үшін ақырғы рет үтіктеу.Ылғалды жылулықпен өңдеу кезінде матаны сулап,ыстық температурада қысымның көмегімен үтіктеледі.

Маникен дегеніміз не?
Киімнің уақытша иесі.
Булау -теріден жасалған бұйымды маникенге керу арқылы өңделеді.
Престеу-химиялық талшықтан маталарды өнеркәсіпте престеу.
Үтіктеу-табиғи талшықтан алынған маталар шыт,сатен,бөз.
Бұл түрлер матаның қалыңдығына, тоқылуына байланысты.Ылғалды жылумен өңдеу жұмыстары арнайы үтік столында орындалады.Үстел ағаштың қалың сортынан жасалады.Сырты қалаң бартовка матамен қапталады.Үтіктің үш түрі бар:пешті,электрлі,бумен ылғалданады.

Үтікпен жұмыс істегенде есептілікті,ұқыптылықты қажет етеді.
Ал енді оқушылар сендермен бірге топтастыру стратегиясы арқылы қауіпсіздік ережелерді айтып өтейік.

Қауіпсіздік ережелері

1.Аяқ астына резеңке кілемше қою керек;
2.Баусымның үтік табанына тиіп қалмауын қадағалау керек;
3.Үтікті электр жүйесіне қосқаға дейін онын бауын тексеру керек;
4.Разеткада ашады баусымда ақау болса мұғалімге хабарлау керек;
5.Үтік токпен қоректеніп тұрғанда оны саусақ ұшымен тексеруге болмайды;

Ал,енді балалар әр жұмыстың өзінің шартты белгісімен терминдері бойынша жұмыс жүргізіледі.

Терминология

Жұмыс түрі

Іс жүзінде қолдану

1

Бастыра үтіктеу

Матаның қалындығы

Қалта,өңір,жаға

2

Жатқыза үтіктеу

Жиекті бір жағына жатқыза үтіктеу

Шортының ортаңғы тігістері

3

Айыра үтіктеу

Жай тігісті екі жаққа айыра үтіктеу

Иық бүйір тігістері

4

Декатирлеу

Матаның отырмауы ашылмауы үшін ы.ж.ө.

Матаны пішер алдында

5

Бұйымды әрлеп үтіктеу

Матаның қыртысын кетіру

Дайын бұйымды әрлеп үтіктеу

ІІІ.Сарамандық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:Бұйымды үтіктеп көрсету.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту.

Ой қорыту (нені білдік?)
1.Ылғалды жылумен өңдеу нешеге бөлінеді?
2.Бастыра үтіктеу киімнің қай жерлерінде қоланылады?
3.Қауіпсіздік ереже.
4.Булау дегеніміз не?

Ү. Қорытынды.

«Бес жолды өлең» арқылы сабақты қорытындылаймыз.

1.Не?
2.Қандай?
3.Неден?
4.Не істейміз?
5.Идея:Біз әдемі матадан киім тігеміз.

ҮІ Оқушыларды бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма:Бұйымда әрлеп үтіктеу







© 2010-2022