Сабак жоспарыАгашты куйдиру аркылы ашекейлеу

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технология пәнінің мұғалімі: Сәдірбек Берікбол Төлеуқұлұлы

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Ағашты күйдіру арқылы өрнектеу.

Білімділік: Ағашты күйдіріп өрнектеу аспабының құрлысымен таныстырып, күйдіру әдісін үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың ой-қиялдарын дамыта отырып өнерде, ұсталыққа, шеберлікке, іскерлікке, деген ынта- қабілетін арттырып өздігінен сапалы бұйымды күйдіріп өрнектеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық ою-өрнектер мағынасын білулерін, қолөнер бұйымдарын күйдіріп өрнектеуге икемділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Теория,практика

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер,

СТО технологиясының әдіс-тәсілдері.

Көрнекілігі: презентация, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.

Құралдары: сызғыш, күйдіру аспабы, ағаш, ара, егеу,фанера материалы.

Пайдаланған әдебиет: Технология 7,8 сынып оқулықтары «Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану» Е.Дүйсенов, А.Балғожаев Қызылорда 2006ж

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару.

Тірліктің түп төркіні еңбек деген,

Еселі еңбегімен ел көктеген.

Табиғаттың тамыры тереңдікте,

Ерінбейтін елдерге жер жетпеген.

Кім жетеді жігерлі жандарыңа,

Ақылды адам асады арманына.

Өнердің өнегелі өрісі кең,

Татитын таңдауың мен талғамыңа

- деген Әбішев Ерік Шер-Нұрұлының өлең жолдарымен оқушыларды жігерлендіріп, сабаққа назарларын аударамын.

«Бағдаршам» әдісі: Әр оқушы сабаққа немесе сұраққа өз дайындығы туралы түрлі-түсті стикерлер арқылы белгі береді: «жасыл» -дайын, «сары» -күмәнді, «қызыл» дайын емес.

Жеке оқушылармен жұмыс: Үлестірмелі үлгілер. Қызығушылықты ояту кезеңі


II. Үй тапсырмасын тексеру


III. Үй тапсырмасын бекіту


IV. Жаңа сабақ.. Ағашты күйдіріп өрнектеу.
Сәндік қолданбалы өнер туындылары. Бұйым типі бойынша: тұрмыстык заттар, үй керек- жарақтары және басқа қажетті заттар. Бұйым материалы бойынша: фанер, көп қабатты фанер, ағаш.

Материалды өңдеу технологиясы бойынша: күйдіру, ою, аралау, т. б. жіктеледі. Жұмыс жолдарымен таныстырмас бұрын оқушыларды жұмыс тәртіптеріне назарларын аудару мақсатында өлең жолдарын оқу;

Талғамды тумасынан тату тұрған,

Өркенді өсер өрен өнер қуған.

«ЭКСПО 2017» көрмесіне,

Елбасы, егемен ел белін буған.

Бел буған біліктілік, бітімгерлік,

Еңбек пен өркениет елге ендік.

Кемелді келешектің кілті - еңбек,

Ерінбей еңбектену - нағыз ерлік

Техникалық мәліметтер: ұлттық ою-өрнектер композициялары бар жақтаушаларды дайындау, картиналарды нүктелік әдіспен күйдіру.
1.Бұйым дайындау үшін өлшемі 100х200 мм -лік қажет.
2.Қауіпсіздік техникасы жөнінде кіріспе-нұсқама өткізу.
3.Кезеңдерге бөліп, жұмыс істеу.
4.Дайындаманы қажау қағазбен әрлеу.
5.Суретті фанераға көшіріп салу.
6.Суретті нүктелік әдіспен күйдіру.
7.Бұйымның жақтаушасына күйдіріп өрнек салу.
8. Дайын бұйымды лактау.

Сарамандық жұмыс алдында оқушыларды жігерлендіру мақсатында өлең оқу.

Дене еңбек ой еңбекпен қабысқанда,

Білім мен қайрат-жігер табысқанда.

Ерінбей еңбек еткен алға шығар,

Желбірер жеңіс туы жарысқанда деп жұмысымызға кірісейік оқушылар.
V. Жаңа сабақты бекіту:«Өзіндік мысал» ойыны. Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.

VІ. Бағалау


VІІ. Үйге тапсырма беру


© 2010-2022