Қойнында халық ер жеткен, Қазақы бесік ән бесік

Қойнында халық ер жеткен Қазақы бесік ән бесік Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға бесік туралы түсінік беру және жасалу жолдарын, бесік маңызын түсіндіру. Бесікке салу рәсімінің салт – саналық, тәрбиелік тәлімдік ережелерін, ұлағатты қасиеттерінің мәнін үйрету. Қыз балаларға ана міндеті, нәресте киімін тігу әдістерімен таныстыру. 2. Ұлттық салт – дәстүрдегі ізгіліктер мен жақсылықтарды жаңғыртып, жалғастыруға, барды бағалауға үйрету. Бала дүниеге келгендегі ырымдар мен тыйымдарды үйрете отырып, бал...
Раздел Технология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қойнында халық ер жеткен, Қазақы бесік ән бесік

Қойнында халық ер жеткен
Қазақы бесік ән бесік

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға бесік туралы түсінік беру және жасалу жолдарын, бесік маңызын түсіндіру. Бесікке салу рәсімінің салт - саналық, тәрбиелік тәлімдік ережелерін, ұлағатты қасиеттерінің мәнін үйрету. Қыз балаларға ана міндеті, нәресте киімін тігу әдістерімен таныстыру.
2. Ұлттық салт - дәстүрдегі ізгіліктер мен жақсылықтарды жаңғыртып, жалғастыруға, барды бағалауға үйрету. Бала дүниеге келгендегі ырымдар мен тыйымдарды үйрете отырып, балаларды халық мұраларын білуге, адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу.
3. Оқушыларды шеберлік, ұсталық қолөнері дағдыларын қалыптастыру. Ой - өрісін кеңейту. Ұқыптылық, ептілік, қасиеттерін дамыту. Түсіндіру, баяндау, үйрету.
Сабақтың әдісі: Кіріктірілген
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Бесік, жасауы, жабдығы, суреті, нәресте киімінің тігілу әдістері, қанатты сөздер, бесік жыры
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу - құралы дайындығын, сабаққа қатысуын тексеру. Назарын сабаққа аудару.
ІV. Сабақтың мақсаты: бесіктің құрылысымен танысу, нәрестені бесікке бөлеу

V. Жаңа сабақ.
«Бесіксіз үйде береке жоқ» дегендей, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі ерлі - зайыптылардың тіреу - діңгегі.
Қазақ баласын бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Жөргегі тартпалары астындағы тесігі, шүмешегі түбегімен баланың таза, жинақ жатуына себепші. Екі басын қайың ағаштан шауып жасайды. Киізден түбек жасайды, оған орта беліне дейін күл салады. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап таңып, басына жастық салады. Баланы бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Мәселен: бесік көрпе, шапан, кебенек, жүген, қамшы, тон жабу керек.

Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлығы: біріншіден көшіп қонғанда түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден баланы емізгенде өте қолайлы, үшіншіден бесік баланың денесінің тазалығына, ұйықтауына қолайлы. Баланың денесі құрғақ болып, жайлы ұйықтайды. Бала күніге 40 күнге дейін 22 - 23 сағат, 6 айға дейін 20 - 21 сағат, ал 1 жасқа дейін 20 - 21 сағат ұйықтауы керек.

Баланы бесікке салуды үрім - бұтағы өскен, беделді қариялардың біріне тапсырылған. Ана бесіктің жасау - жабдықтарын үйіне жасап әкеліп, ағаш бесікке саларында нәрестеден шын - шайтан аулақ болсын деген ниетпен бесікті отпен аластайды. Бұл біріншіден діни ұғымға байланысты, екіншіден микробтарды өлтіру, үшіншіден иіс - қонысты кетіру, яғни гигиеналық тазалық көзделген. Ал нәрестенің киімі 40 - ынан шыққанша көйлегі ит жейде мақтадан иірілген матадан тігіліп, тегіс бұйымының сыртына қарай тігіледі. Жейдеге түйме салынбайды. Пішу әдістері тақтада сызбада көрсетілген

Бесік жыры ананың баласына деген махаббат ән ұраны. Ол біріншіден әсем әуенмен сәбиді тәтті ұйқыға бөлеуде, екіншіден ананың үміт - сәулесі баласына тілек батасы.
Бесік жырынан халықтың бала тәрбиесіндегі ой арманы анық көрінген. Мал бақ, кәсіп ет, ел - жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл кеңес тілек етіп білдірген. Баланы жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулу, оны ана аманаты ретінде келер ұрпақтың құлағына сіңіру ежелгі ел дәстүрінің озық түрі болған.

Сарамандық жұмыс.
Оқушылар тақтадағы бесіктің құрылысы және жас нәресте киімінің тігу әдістерінің сызбасын дәптерге түсіріп, жазып алу. Ер балалар бесікті ағаштан құрастыру жұмыстарын токарлық станок, ағаш жону станогы, балға, желім көмегімен орындайды. Қыздар бала бас киімі мен жиденің үлгісін қағаздан пішіп, дайындайды. Бесік жабдығы, жасауының аттары мен тігілу жұмыстарымен танысып, баланы бөлеу кезіндегі ырымдар мен тыйымдарды айтып өтеді. Қуыршақты пайдаланып баланы бесікке бөлеуді үйренеді.

Оқушылар сұраққа жауап береді.
1. Сәби дүниеге келгендегі тағы қандай дәстүрлерді білесіңдер?
2. Сүйінші беру...
3. Көрімдік алу...
4. Балаға ат қою...
5. Нәрестені 40 - ан шығару...
6. Бата алу...
7. Ырымдар...
8. Тиымдар...
9. Баланы шомылдыру... бесікке салу
10. Бесікті аластау

Сабақты бекіту.
Ортаға бесікті жабдығымен қойып, жасау, жөргектерін өлеңмен жасау.
Әшекейлі ақ бесік,
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді табайын,
Түбегіңді салайын.
Сылдырмағыңды тағайын,
Жібек көрпе табайын.
Бауын барқыт пүліштен,
Балдақтарың күмістен,
Жабдығыңмен сыйлысың,
Жатса бөпем жайлысың.
Бөпем сенен өседі,
Құтты болсын төсегің.

Түбектен «Тышты ма» тарату.
Бесік дайын болған соң, бесікті аластау
Алас, алас, баладан алас
Иесі келді, пәледен көш!
Алас, алас, пәледен алас
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас
Алас, алас, алас

Бесік аласталғаннан кейін темірмен таңба басылады.
Ана бөбегін бесікке бөлейді. Бұдан соң баланы тербетіп бесік жырын бала ұйықтағанша орындайды.
Мақал - мәтел айту.
Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір мұрат,
Алдына түсіп ананың жүргенін көрген бір мұрат.
Адам болатын бала алысқа қарайды. т. б

1. Бесіктің маңызы қандай?
2. Бесіктің құрылысын ата?
3. Бесікті аластаудың мәні неде?
4. Бесік жырының тәрбиелік мәні неде?
5. Жаңа туған нәрестенің киімінің ерекшелігі неде?

Үйге тапсырма:
1. Бесік сызбасын сызу
2. Нәресте киімін тігу
3. Бесік жырын жаттау
4. Бесік бауды құрақ құрау әдісімен тігу



© 2010-2022