Конспект по технологий на тему Тамақтан улану (9сынып)

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Тамақтануға байланысты туындайтын жұқпалы аурулардың және

Тамақтан уланудың алдын алу.

Сабақтың мақсаты:

.

1. Білімділік: Тағам атауларына байланысты түсінік бере отырып, мәтін мазмұнын меңгерту.

2. Дамытушылық: Гигиеналық талаптардың барлық кезеңдерінде қайта өңдеу және азық түліктерді сақтау өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелік:. Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту, дағдыландыру, машықтандыру сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, суреттер, мәзір, грамматикалық кесте, конверттер, мақал - мәтелдер,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. САбақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

3. Осы сабақ - теориялық, сабақ-әңгімелесу, түрлендіріп, жан-жақты түсініктеме беріледі.

а). Қойылған сұрақтардың көмегімен (қосымша 1) адам өміріне тамақтану физиологиясының маңызы туралы, тамақтанудың биологиялық мәні және оның химиялық құрамы туралы әңгіме өткізіңіздер. Осы төңіректе туындаған ойларын оқушылардың ой өрісін анықтағаннан кейін, қосымша материал ретінде рационалды дұрыс тамақтануда, ақуыздар, майлар, көміртегінің адам өміріне қажеттілігі туралы мазмұндау. Оқушы қыздарға әсіресе бағалы дәрумендер құндылықтарға жататын су, минералды заттар, органикалық қышқылдар, иілік заттар, пигменттер, фитондықтар, сірінді заттар. Осы заттар кездесетін көкөністер мен жемістерге мысал келтіріңіздер.

Жалпы түсініктемеден басқа, оқулықта пайдалы мәліметтер де берілген. Курсивті белгілері бар бөлімдерді оқушы қыздармен талдау.

Бөлімдегі материалдармен таныстыруда оқушы қыздарға ақуыздар, майлар, көміртегі туралы жүйелі түрде жалпы мағлұматтар және кестеге кіргізілді (қосымша 2).

б). Бұл бөлімде тамақтану тазалығына, жұқпалы аурулардан сақтану шараларына көп көңіл бөлінген. Материалды мазмұндау барысында микроорганизмдердің ас қорыту процесіне ерекше қатысуына және ауру тудыратын бактериясынан айырмашылығын айтып түсіндіру пайдалы. Жұқпалы аурулардың таралу жолдарын және себептерін мазмұндап айтуға көшу керектігі айтылады. Жұқпалы ауру мен ішек инфекциясының айырмашылығын дұрыс анықтай білу қажет. Ішек инфекциясын жұғудан және тамақтан уланудан алдын-ала сақтану мақсатында, азық-түліктердің сапасын анықтаудың маңызы ерекше. Оқушы қыздармен тренинг өткізуге болады - рольдік ойын тамақтан улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Өткізілген ойынның қорытындысы, оқушы төтенше жағдайда, тұрақты өзін ұстау тәртібі қалыптасады. Тамақтану гигиенасына ерекше көңіл аударыңыздар. Инфекцияның алдын алу шараларына жатады:

1. Тұрғын үйдің орналасу тазалығы, азық түлік сақтау блоктары, сумен қамтамасыз ету;

2. Жеке тазалық гигиеналық ережесінің қатаң сақталуы.

3. Тазалық талаптарының сақталуы, тағам дайындау орындары, жабдықтар, ыдыстар мен құралдарды сақтау;

4. Гигиеналық талаптардың барлық кезеңдерінде қайта өңдеу және азық түліктерді сақтау;

5. Эпидемиялық көрсеткішке байланысты ішек инфекциясына қарсы сақтандыру екпелерін өткізу.

III. Қорытынды нұсқау

Сабақтағы қорытынды жұмыстарды өткізу.

1. Оқушылардың жұмысындағы кемшіліктерді анықтау.

2. Жақсы жасалған жұмыстың қорытындысын атап көрсету.

3. Оқушының жасаған жұмысын бағалау.

IV. Үй тапсырмасы. Сыныпты топтарға бөлу. Еттің түрлері туралы және етті қолдануда, еттен тағам дайындау мақсатында мәлімет беру.

Қосымша 1.

Бөлімге сұрақтар а).

1. Ағзаның функциясына қорек қалай әсер етеді?

2. Шығын энергияның орны қалай толықтырылады?

3. Жасушаның құрылысына, жүйесіне тағамның тигізетін әсері қандай?

4. Дұрыс тамақтануға әсер ететін ішкі және сыртқы ықпалды атаңдар?

5. Кәдімгі адам және спортпен шұғылданатын адамның тамақтануында айырмашылығы неде?

6. Азық түліктің тамақтану құндылығы неге байланысты?

Қосымша 2

Заттың атауы

Құрамы неде

Энергиялық сыйымдылығы

Не үшін қаж

© 2010-2022