Ашық сабақ жоспары Менің мектебім

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап,қайталауға арналған жаттығулар орындау. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау; 2. Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту; 3. Тәрбиелік: Сабаққа деген ынтасын арттыру. Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі. Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы Сабактың әдістері: сұрақ — жауа...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім. Сөз. Сөз тіркесі. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

лексиканы түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: лексиканы меңгеру, өз мектебі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Жазғы демалысты қалай өткізгендерін сұрау. Өтілген тақырыптарды еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді оқыңдар. Мәтінді негізге алып, өз мектебің туралы әңгімелеңдер. «Менің мектебім».

2 - тапсырма. Мәтіннен төмендегі сызба боынша сөз тіркестерін теріп жазыңдар, оларды аударыңдар. Үлгі: мектепте оқимын-учучь в школе

Зат есім+естістік, сан есім+зат есім, сын есім +зат есім

3 - тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдер құраңдар.

Үлгі: Менің мектебім Төле би көшесінде орналасқан.

Ережемен жұмыс

Лексика - сөз мағынасын және сөз байлығын зерттейтін ғылым.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3 - тапсырма 35 бет

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау



© 2010-2022