Ашық сабақ Ұлттық ою - өрнектер

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұлттық ою- өрнектермен танысу

Жуканова Наргүл Кинбаевна

/ Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, № 2 қарауылкелді орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі /

Класы: 7 класс

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектермен танысу

Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау

Сабақтың мақсаты: а/ ою-өрнектер туралы түсініктерін кеңейту, ою-өрнектердің ою әдістерін үйрету;

ә/ Оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге, шеберлігін, икемділігін дамыту;

б/ Оқушыларды ұқыптылыққа, ұлттық өнерді біліп тануға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекіліктері:

Слайд, тест сұрақтары, ұлттық ою-өрнек түрлері, оюланған қолөнер бұйымдары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

а/ Амандасу. Журнал толтыру

ә/ Оқушыларды түгендеу.

б/ «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Негізгі бөлім

Ойын ұйымдастыру арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу. / бір оюдың суретін қиып, оны құрастыру арқылы/

Класқа тақырыпты ашу үшін Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін тыңдатамын.

«Қызықты сұрақ» әдісі 1. Ф.Оңғарсынованың өлеңі не жайында?

2. Оюдың қандай түрлерін білесіңдер?

3. Ою қандай бұйымдарға салынады?

- Бүгін біздер қазақтың ұлттық ою - өрнектерімен кеңірек танысамыз.

«Ғажайыпстанға саяхат» мультфильміндегі «Ою - өрнектер» туралы бейне - роликті ұсынамын.

Слайд арқылы ою - өрнек түрлерін көрсетемін.

Әдемі киімдер тігіп, оны өрнектеген шеберлер де аз емес. Қазақ халқы өз қолөнерінде ою - өрнектерді кеңінен пайдаланған. Айналамызға зер салып қараңдаршы, сол ою - өрнектер біздің залымыздың төрінен де орын алған жоқ па? Әдемі де, сәнді ойылған ою - өрнек қолөнеріміздің сәнін де, мәнін де беретіні бәрімізге белгілі.

Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Мысалы: төсеніш, ұлттық киім, үй мүліктері. Ою - өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген.
Қазақ ұлттық ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы - қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады
Ою - түрлері:
1. Өсімдік тектес оюлар
2. Жануарларға байланысты
3. Аспан әлеміне байланысты
4. Геометриялық оюлар
Оқушылардың ойын ортаға салу.
- Ою - өрнек туралы сендер не білесіңдер?
Ою - өрнек өте ежелгі өнер. Онын ұзақ та, қызық тарихы бар. Бұдан екі жүз жыл бұрын адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем ерекше көзбен қараған. Табиғат олардың анасы еді, ол адамдарды асырайтын, киіндіретін, емдейтін сонымен бірге, құрметтеп күтпегені үшін жазалап та алатын.
Ай мен күн, теңіз бен шөп, жел мен жартас, жануарлар мен өсімдіктер ойнай біледі, сезеді, сөйлей алады, адамға көмек бере алады, олардан кек те қайтарады дегенге пенделер сенген.
Қазақтың ою және өрнек деген сөзі бірге келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, ағаш, темір, сүйек, тері, қағаз, мата). Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, желімдер жапсырып әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Ұлттық киім үлгілерінеде әр түрлі ою - өрнектермен заманына қарай әшекейлеп, әсемдейді.
Ендеше ұлттық киім үлгілеріне назар аударайық.
Мұғалім: Ал, ою оюшыны кім дейді?
Ою оюшыны шебер дейді. Оюшы шебер іскерлігімен қатар аталып құрметтелетін өнерде өзіндік орны бар адам. Ол өзіне дейінгі дәстүрді ою - өрнектің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны одан ары дамытушы.
Қуанышын да, қайғысын да жан - жануар, аң - құс, ай мен күн, жұлдыз, тау, тасқа байланысты деп түсінген көшпелі қазақтардың сол сезімдері қолөнер туындыларында да қалыс қалмаған. Бертін келе осы өрнектердің кейбір ұқсастығына қарай атауларға ие болған.

ІІІ. Практикалық жұмыс

а/ қауіпсіздік ережесін еске түсіру

ә/ жұмыс орнын жабдықтау

б/ жұмысқа кірісу

технологиялық карта тарату, оюды қию, матаға орналастыру

ІV. Қорытынды бөлім

а/ оқушыларды бағалау

ә/ жұмыс орнын жинастыру

б/ Үйге тапсырма беру

© 2010-2022