Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасымен жұмыс жасау

7 – сынып Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасымен жұмыс жасау а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру. ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету ...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс: Машина тігістерін орындау

а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машина тігістерінің түрлерімен таныстыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: тігін машинасы, суреттер

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Киім тігетін алғашқы машина жобасы қай ғасырда жасалды?
2. Тігін машинасының жобасын жасаған кім?
3. 1755 жылы неміс Карл Вейзенталь қандай машина түрін ойлап тапты?
4. «Зингер» фирмасы Мәскеу түбіндегі қай қаласын зауытын ашты?

III. Жаңа сабақ.

Машина тігістерінің түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол

IV. Сарамандық жұмыс.
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігу

V. Сабақты бекіту.
1.Тігін машинасы не үшін қажет?
2.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
3.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?
VI. Үйге тапсырма
Машина тігістерін аяқтап келу.

VII. Бағалау.

© 2010-2022