Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы (9 сынып)

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9- сынып №2сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ауыл шаруашылығының басты саласы мал шаруашылығы туралы білім беру;

2. Оқушылардың танымдық ой - өрісін, іс-әрекетін, дарындылық қабілеттерін дамыту;

3. Оқушыларды ата кәсіпті, салт-дәстүрді құрметтеуге, патриоттыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, кесте, диаграмма, слайд, суреттер, бағалау парағы

Сабақтың әдісі: сто стратегиясы, дамыта оқыту, интерактивті оқыту, тірек-сызба

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру

  1. 4 топқа бөлу

«Ойсыл қара», «Қамбар ата»,

«Зеңгі баба», «Шопан ата»

  1. Бағалау парағын тарату

ІІ.Қызығушылығын ояту бөлімі.

Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар беріледі.

«Кім жылдам?»

  1. Агроөнеркәсіптік кешен деген не?

  2. АӨК-тің қандай маңызы бар? Оның негізгі мақсаты қандай?

  3. АӨК-тің құрамдас бөліктерін ата?

  4. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өнеркәсіп өндірісінен қандай айырмашылығы бар?

  5. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуынан экстенсивті дамуының айырмашылығы қандай?

  6. Белгілі бір ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін жергілікті жердің қандай табиғи жағдайларын білу қажет?

  7. Өсімдік шаруашылығында мәдени дақылдар қандай түрлерге бөлінеді?

  8. Дәнді дақылдарды ата.

  9. Техникалық дақылдарды ата.

  10. Бау-бақша шаруашылығына нелер жатады?

  11. Мелиорация дегеніміз не?

  12. Экономикалық белсенді халық дегеніміз кімдер?

ІІІ. Жаңа сабақ: Қазақстан мал шаруашылықты аймақ

Бүгінгі уақытта еліміздің ауыл шаруашылығы мен жер шаруашылығы терең өзгерістерді өткізіп, әрі қарай жүйені жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуді қажет етіп отырған секторлардың қатарында. Ол осы саланы құқықтық қамтамасыз ету мәселесін шешу мен жетілдіруді қажет етеді.

Менің ойымша жер қатынастарын реттеуде жер пайдалану құқығына назар аудару қажет. Соңғы уақыттары заң әдебиеттерінде жерге меншік құқығы жөнінде зерттеліп жүр, шындығына келгенде оның өзі жер пайдалану құқығына негізделгенін ескеру қажет.

Жердің меншік иесі болуы оның жерді тиімді және рационалды пайдаланатынының кепілі бола алмайды. Жердің меншік құқығы иесіне артылып отырған сенім мен үміт ақталмай отыр, өйткені оның негізі болып отырған жер пайдалану құқығы жеткілікті деңгейде бағасын алған жоқ. Меншік иесі болу оны пайдаланушы дегенді білдірмейді

Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық - монодақылдарды өсіру, малды шектен тыс жаю, улы химикаттарды кеңінен қолдану, минералдық тыңайтқыштардың шектен тыс мөлшерін қолдану, топырақты жаппай жырту және т.б. Бұлар экожүйелердің қалыпты қызметінің бұзылуына, құрамының қарапайымдылығына, тұрақсыздыққа және табиәаттағы апатты өзгерістерге алып келеді.

Сондықтан қазіргі ауыл шаруашылыәының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстану қажет. Жер өңдеудің алғашқы кезеңдерінде агроценоздар қазіргімен салыстырғанда тұрақтырақ болған. Егіс танаптары табиғи өсімдіктермен қоршалған және салыстырмалы түрде шағын аудандарды алып жатты. Реттеуші жануарлар мен тозаңдандырушылар әлемі өте бай болған. Мәдени өсімдіктер таза қолтұқымдар емес, тұқым қуалау сапасы әр түрлі түрлердің қоспасы еді. Құрғақшылық жылдары бір түрлер тіршілігін сақтаса, ылғалды жылдар да басқалары қалып отырған.



© 2010-2022