Ашық сабақ 7класс қыздар

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класс 7 «Б» Сабақтың тақырыбы: Машина тігісінің түрлері. Сабақтың мақсаты : Машина тігістері туралы түсінік беру
Білімділік: Машина тігістің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер туралы білімдерін кеңейтіп , одан әрі таным деңгейін арттыру.
Дамытушылық : Оқушылардың көру және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа , әсемділікке үйрету. Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, өмірде қолдана білуге баулу.
Көрнекіліктер: кесте, суреттер, сұлба.
ҚЖ: тігін машина, мата қиындысы, қайшы жіп.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ұжымдық, практикалық жұмыс

Сабақ бырысы .

І. Ұйымдастыру:

1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Дайындықтарын қадағалау.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру :

-Химиялық талшықтарды алу үшін қажетті шикізат түрлері қандай?

-Қандай талшықтарды жасанды деп атайды?

-Қандай талшықтарды синтетикалық деп атайды?

-Химиялық талшықтардан жасалған матаның қасиеттері қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ :

1. Оқушылардың зейінін аудару үшін сөзжұмбақтар шешу :
а) Тұмсығы мықты, қырмен ойды тегістеп шықты . ( Үтік )

ә) Сөзі дана үні жоқ , сөйлемейді тілі жоқ,
Қолыңа алсан шешен , ақылы асқан көсем. ( Кітап )

2. Жаңа сабаққа мақсат қою : оқушыларға тігіс түрлерін таныстыра отырып , оны өмірде қолдана білуге дағдыландыру . Сұлба бойынша машина тігістерімен таныстыру .

Ашық сабақ 7класс қыздар

3. Машина тігістеріне терминологиялық түсінік беру :

а) тігіс - бұл екі немесе көп бөлшектің тігіспен біріккен орны .

ә) Айыра үтіктеп бекіту тігісі - бұйымның негізгі бөліктерін, сонымен қатар майда бөліктерін бір - бірімен біріктіру үшін оң беттерімен ішке қарай беттестіреді .

б) Тігісті бір жаққа қарай жатқыза үтіктеп бекіту тігісі - белдің , бүрменің бөліктерін тігу үшін . Бөліктерді оң беттерімен ішке қарай беттестіреді .

в) Жабық кесікті бүгіп тігу - бұл тігіс шеткі тігіске жатады. Бұйымның шетін өңдеуде қолданылады. Операция бастырып тігу деп аталады .

4. Сергіту сәті : - « Бір сабақ жіп » ертегісі бойынша .

5. Машина тігістерін орындауға қойылатын талаптармен таныстыру:

а) машина жіптерінің және иненің номерлері мата қалындығына сәйкес болу керек .

ә) тігістікке қалдырылған қосымша иненің оң жақтан қалдырады.

б) ішкі машина тігістері мата түсіне сәйкес таңдалады .

в) машина тігісінің басы мен соңы бекітіледі .

г) тігіс екі технологиялық картаның нұсқауына сәйкес болу керек .

ІУ. Бекіту : 1. Сұрақ - жауап арқылы оқушылардың түсінігін тексеру .

а) машина тігістерінің түрлері

ә) біріктірулі тігістері не үшін қолданылады ?

б) шеттік тігістер не үшін пайдаланылады ?

2. Бекіту мақсатында практикалық жұмыс орындау .

а) тігін машинасымен тігіс түрлерін орындап көрсету .

ә) оқушылардың өздігінен тігіс түрлерін тігіп үйрету .

б) жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақталуы қадағалау және тігіс сапасына назар аудару .

3.Оқушылардың жауаптарын , жұмыстарын бағалау.

4. Жұмыс орнын жинастыру .

5. Үйге :

а) 98 - 106 бет ( оқу , түсінік айту)

ә) дәптерге № 36, 37 , 40 суреттерді салып , сипаттамасын жазу

б) келесі сабаққа мата кесінділерін әкелу (қайшы, жіп).







Технология 5 «Б»класс
Сабақтың тақырыбы: Мақта және зығыр талшықтарымен таныстыру
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділігі: Матаны таңдау жолдарын меңгерту. Еңбек құралдарын пайдалана білу мен өз өнерін бағалай білуге баулу;
2) Дамытушылығы: Оқушылардың ой - қиялын дамыту, дүниетанымын, байқағыштығын, шығармашылық қабілеттерін, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасауға, қол ептілігін дамыту;
3) Тәрбиелілігі: Еңбек мәдениетін сақтауға, іскерлікке, талғампаздыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа баулу;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Жаңа технология: СТО
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, ой - қозғау, топтастыру, венн диаграмма, салыстыру кестесі
Сабақтың көрнекілігі: Плакат, слайд, сөз жұмбақ, мақта, зығыр маталар, ине,қайшы, жіп.
Қажетті құралдар: мата түрлері, кесте тігуге арналған ине - жіп, қайшы, кергіш
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқу, құрал, дәптер ал
Сабаққа керек ол құрал.
Досыңдай сенің күн күліп,
Жаныңда тұрсын күнделік.
Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.Біз өткен сабақта ас бөлімінде бутерброд түрлерімен таныстық.Бутербродтың қандай турлері бар?

ІІІ. Жаңа сабақ
Мақта - бір жылдық өсімдік. Мақта өсімдігінің аппақ ұзын талшықтары құрамдас қораптан тұрады. Осындай талшықтарды мақта дейді. Мақтаның жеке талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтардың ұзындығы әр түрлі:
6 - дан 52 мм - ге дейін. Мақта талшықтарының табиғи түсі - ақ, сонымен қатар қоңыр сарғыш, жасыл түстері де кездеседі. Гидроскопиялығы - қоршаған ортадағы ылғалды өткізу қасиеті. Мақтаның гидроскопиялық қасиеті өте жоғары. Мақта ылғалды тез өткізіп, тез кебеді. Күн сәулесінің әсерінен мақта беріктігін бірте - бірте жояды. Мақта талшықтарын қолға ұстап қарағанда, өте жұмсақ. Жағып тексергенде, ашық - сары түсті болып жанып, күйген қағаздың исі шығады.
Мақтаны мата тоқыма бұйымдарын, тігін жіптер дайындауда кеңінен қолданады. Еліміздің тігін өндірісі орындарында мақта матаны кеңінен қолданады. Мақта матадан дайындалған бұйымның түрлері өте көп. Тұрмыстық қажетке арналған мата түрінен көйлек, жейде, іш киім, сырт киім, орамал, төсек орын жабдықтары т. б бұйым түрлері тігіледі.
Мақта мата мықты, жұмсақ, жеңіл келеді. Одан тігілген киім өте ыңғайлы, жеңіл жылы болады. Гигиеналық тұрғыдан қарасақ, ол ылғал мен ауа өткізгіш, тез кебеді, оңай жуылады, жақсы тазаланады, жеңіл үтіктеледі, жоғары температураға да төзімді.
Мақта мата біркелкі иірілген жіппен тоқылады, оның беті тегіс болады. Бұл маталар негізгі жіп арқылы созылып, жуылған кезде сол арқылы отырады.
Зығыр - зығыр талшықтарын беретін, бір жылдық шөп тектес өсімдік.
Зығырдың үш түрі бар:
Салалы зығыр
Жабайы зығыр
Бұйра зығыр.


Талшықтарды алу үшін салалы зығыр өсіреді. Оның сабағы тік, биіктігі 1м - ге дейін жетеді. Талшықтардың жуандығы мақта талшықтарындай. Ұзындығы 15 - 26мм. Талшықтардың түсі ашық сұрдан жабық сұрға дейін болады. Зығырдың өзіне тән жылтырлық қасиеті бар. Зығыр талшықтарының гидроскопиялығы мақтадан жоғарырақ. Зығыр мақтаға қарағанда ыстыққа төзімді. Зығыр матаның беті тегіс, жылтыр және жіптің жуандығы әр түрлі болады. Таза зығыр матасы сетінегіш, мыжылғыш келеді және тез үтіктеледі. Мата қазақ өлкесіне бұрын Ұлы жібек жолы арқылы Шығыс, Оңтүстік Азия елдерінен, кейін Ресейден тасып әкелінген. Тоқылуына, сапасына, өрнектердің түрі мен әдемілігіне қарай матаның әр түрлі атауы болады. Қазіргі кезде зығырға капрон, лавсан т. б жасанды талшықтар қосылады.

ІҮ. Сергіту сәті: Адасқан құралдарды тап
Ине -------------------------------- сызады
Мақта ---------------------------- өлшеуіш
Қайшы --------------------------- жазады
Үтік -------------------------------- оқу құралы
Сантиметрлік лента --------- мата
Сызғыш ------------------------- тігеді
Карандаш ---------------------- қияды


Ү «Кім тапқыр» бөлімі
Мақта мен зығырдың талшықтарын салыстыру

ҮІ. « Ой түйіндеу» Сұрақ - жауап:
1. Мақта дегеніміз не?
2. Зығыр дегеніміз не?
3. Мақта неше жылдық өсімдік?
4. Зығырдың неше түрі бар?
5. Мақта маталардан қандай заттар тігіледі?
6. Мата қазақ өлкесіне қай елдерден әкелінген?
7. Зығыр матаның беті қандай болады?
8. Мақта матаның түсі қандай болады?

Қорытынды: Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді түстер арқылы көрсетіңдер?
Жасыл түс: Жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс: Жаңа сабақ әсерлі болды
Сары түс: Жаңа сабақта жаңа ақпараттар алдым.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Мақта, зығыр коллекциясын жасау. Түсінік айту ҮІІІ. Бағалау.Оқушыларды салыстырмалы түрде бағалау.







© 2010-2022