Урок на тему: Бисермен жұмыс істеу техникасы

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бисермен жұмыс істеу техникасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бисермен жұмыс істеу техникасын үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың білімін жан-жақты дамыту;

Тәрбиелік: әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сарамандық

Сабақтың көрнекілігі: 9-сынып технология оқулық, бисер түрлері, журнал

Пәнаралық байланыс: алгебра, бейнелеу

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

  1. Бисер дегеніміз не?

  2. Бисердің шығу тарихы қандай?

  3. Бисермен қандай бұйымдар әшекейлейді?

  4. Бисердің қандай түрлері бар?

  5. Бисермен жұмыс кезінде сақталатын санитарлық-гигиеналық талаптар ата.

ІІІ Жаңа сабақ

Бисер өрімі өнерінде ең негізгісі - түстерді дұрыс үйлестіру және өрнектердің композициясын құру. Әркімнің түстерге деген көзқарасы, қызығушылығы әртүрлі, сондықтан түстерді таңдағанда қай түстің қай түспен үйлесетіндігіне ерекше мән беру керек.

Бисер өру барысында өрудің әртүрлі техникалары қолданылады. Бисер өру техникасын қарастырайық (25-кесте).

1-тәсіл. Бисерлердің санына және түр-түсіне қарай рет-ретімен орналастырған кезде пайдаланылады. Жіңішке сымның ортасына бисерлерді қажетті мөлшерде орналастырады да, сымның ұштарын бірнеше қабаттан бисердің сыртынан өреді. Бірінші өрім дайын. Осындай ретпен келесі өрімдер де бисердің саны және түр-түсіне қарай теріліп отырады.

2-тәсіл. Біртүсті бисерді өру кезінде қолданылады. Жіңішке сымды алып, оның бір шетіне қажетті мөлшерде бисерлерді тізіп, шалу жасап, сымды бисерлердің астынан бірнеше рет айналдырады.

3-тәсіл. Сымның ұзын бөлігіне бірден барлық бисерді қатар орналастырады (шамамен сымның 2/3 бөлігіне). Сымның ұшы бекітіледі (бисер шашылып қалмау үшін) және ретімен керек шалуды жасап отырады.

4-тәсіл. Сымдардың екі ұшын бір-бірімен біріктіріп бұрайды. Оларды өрген кезде сымдар бір-біріне тең дәрежеде сәйкес келіп тұру керек.

Сарамандық жұмыс.

Бисерден жасалған ағаш

Құрал-жабдықтар мен материалдар: бисер, сым, қайшы, матаның бөлшегі, жұмыс қорапшасы, гүлге арналған ыдыс, гипс, сәндік тастар.

Жұмыстың орындалу реттілігі

1. Бисер өрудің өру техникасын зерделеу (25-кесте).

2. Ұзындығы 25 см болатын сым дайындап алу.

3. Сымға 7 бисер тізу және сым соңынан 5-7 см қалдырып шалу жасап бұрау.

4. 0,8-1 см қалдырып, осындай тағы бір шалу жасау.

5. Соңғы ұшына 5-7 см бос сым қалдырып, осы ретпен бірнеше шалу жасау (міндетті түрде тақ санды дайындалу керек).

6. Әрі қарай сымның ұшын орталық шалуға ию және ұштарын бір-бірімен жалғау.

7. Бұтақтарды дайындап алғаннан кейін құрастыруға кірісу. Бір-бірімен жалғап, 10-12 бұтақты шоқтап алу.

8. Қатты негіздің айналасына бұтақтарды жинау.

Қатты зат ретінде арнайы металл таяқшаны алу. Ондай металл таяқша табылмаған жағдайда қарындаш немесе табылған ұзындау ағашты пайдалану. Оған бұтақ шоғырларын бекітсе, ағаш пішіні шығады.

9. Ағаш діңі табиғи көрінуі үшін діңді таспамен орап тастау.

10. Гипстің көмегімен ағашты белгілі бір пішінде қатыру, соңынан оын сәндік тастармен көркемдеу (53-сурет).

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

  1. Бисер өріміне қандай материалдар қажет?

  2. Түстер үйлесімділігін не үшін қажет?

  3. Бисерден ағаштың жасалау жолын ата.

  4. Бисерден ағашты жасау үшін қандай құрал-жабдық қажет?

Ү Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта біз бисермен жұмыс істеу техникасы білдік. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

ҮІ Үйге тапсырма. § 36 оқу. Ағашты аяқтау.

ҮІІ Оқушының білімін бағалау. Оқушыларға баға қою.

ҮІІІ Рефлексия

ІХ Жұмыс орнын ретке келтіру


© 2010-2022