Ашық сабақ Киіз үй макетін жасау

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қалалық білім беру басқармасы

№43 мектеп гимназиясы.


Киіз үй макетін жасау

8 сынып.

Ботабаев Рифхат.



Өскемен қаласы


Сабақтың тақырыбы: киіз үй макетін жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:оқушылардың еңбекке, ұлттық қолөнер түрлеріне деген ой-өрісін , технологиялық шеберлігін , дағдысын , сабақ үстіндегі белсенділігін арттыру .

Тәрбиелік : еңбексүйгіштікке ,іскерлікке, ұйымшылдыққа,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ынта-ықыласын,икемділігін, қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: технологиялық карта, жасалған бұйымдар, дайындамалар, шаблондар.

Құрал-жабдықтар: балға, егеу, кемпірауыз, ара, қылара.

Пәнаралық байланыс: география, эстетика, сызу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а.Оқушыларды журналмен тексеріп, жұмыс орындарының сабаққа дайындығын байқау.

ә.Кезекшілікті қадағалау. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру.

б.Өткен сабақта қандай тапсырма берілгендігі жөнінде сұрап білу.

2.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру

а.Ұлттық қолөнер туралы түсініктерін тексеру.

ә. Киіз үйдің тарихын сұрау

б.Киіз үйдің құрылымын сұрау

3.Киіз үй макетін ағаштан құрап жасату

Қазақтың ұлттық қолөнеріндегі ағаштан жасалған бұйымдарды түсіндіру. Осы ағаштардан киіз үй макетіне керекті материалдарды алу. Технологиялық карта бойынша киіз үй макетінің жасау үлгісін көрсету.Оның ішінде шаңырақ, кереге, есік, уық және тағы басқа заттардың қалай біріктіріліп жасалынатыны туралы айтып түсіндіру. Оқушылардың қағаздан жасаған макеттеріне қарай отырып, киіз үйді құрастыру әдістерін түсіндіру.

4.Практикалық жұмыс кезеңі

5.Оқушылардың жұмысын бағалау.

6.Үйге тапсырма.Үйде осы технологиялық картаны сызып өздерінің жобаларын дайындап келу,өзгеріс кіргізу.


© 2010-2022