- Преподавателю
- Технология
- Конспект по технологии на тему Торсықтың жасалу технологиясы
Конспект по технологии на тему Торсықтың жасалу технологиясы
Раздел | Технология |
Класс | 7 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Алипов Н.Т. |
Дата | 25.01.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
«Б.Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-сі
«Бекітемін» «Тексердім»
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:
З.К.Сатыбалдинова Қ.Р.Сапарғалиева
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНЕН АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: ТОРСЫҚТЫҢ ЖАСАЛУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Технология пәнінің мұғалімі: Алипов Нұржан Толеуғажыұлы
Үржар ауылы
2010-2011 оқу жылы
АШЫҚ САБАҚ
7 «Б» сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Торсықтың жасалу технологиясы.
Сабақтың білімділік мақсаты:
Ұлттық қолөнер түрі торсықтың ерекшелігін, түйе, ірі қара, терісін шикідей өңдеу әдісі арқылы торсықты жасау технологиясын үйрету;
Дамытушылық мақсаты:
Торсық тігу, ою-өрнек бейнелеп түсіру, әсемдеу, бояу технологиясын терең меңгере отырып шеберлігін дамыту, өнерге деген ынта-қабілетін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты:
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай, ұлттық қолөнерді қастерлеуге, көне қолөнерді жаңғыртуға, өнердегі сұлулықты түсіне білуге тәрбиелеу. Техникалық қауіпсіздік ережесін түсіндіру, үнемі есте сақтауға үйрету.
Керекті құралдар:
Тұздалмаған мал терілері (сиыр, жылқы) біз, жібек жіп, дымқыл құм, өткір пышақ, қарындаш, құм нығыздағыш құрал, қатты қағаздан жасалған торсық үлгісі т.б.
Сабақтың көрнекілігі:
Дайын жасалған торсық, суреттер, жоба, сызба нұсқалар, үлгі.
Пәнаралық байланыс: Сызу, бейнелеу өнері, тарих.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақ барысы:
1) Сабақты ұйымдастыру кезеңі
2) Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Теріні суға салып, жүнінен арылтып, қырып өңдеп, тазалап келу.
3) Мақсатын түсіндіру кезеңі
Жұмыс барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіндіру.
4) Сабақтың негізгі бөлімдері
1) Теориялық
2) Сұрақ-жауап
3) Сарамандық
4) Қорытындылау
1) Теориялық бөлім бойынша оқушыларға торсық туралы мағлұматтар беру.
Торсық бұл ежелден келе жатқан қолөнер туындысы. Ата-бабамыз мал баққан, көшпелі қоныс аударып жүретін халық болған, сондықтан торсықты ыдыс ретінде пайдаланып қымыз, айран, шұбат т.б. сүт тағамдарын құйып пайдаланған.
Торсықтың сол кездегі тиімділігі ішіндегі сусын ашымаған және сынбайтын ыдыс болған.
Қазақ шеберлері жасаған торсықтар негізгі екі түрге бөлінеді. Қазақ шеберлері жасаған торсықтар негізгі екі түрге бөлінеді. Біріншісі мүйізді торсық, екіншісі жанторсық.
Ал торсықты мүйіздеп жасайтын себебі - ішіндегі қымызынсарқап құйғанның өзінде торсықтың қос мүйізінің қуысында бір-екі қасық қымыз қалып қояды. Қымызды түгесілген торсыққа жаңартып саймал қымыз құйылады.
Мүйізде қалған қымыз қалдығы келесі құйылған саумалға ашытқы болады.
2) Сұрақ-жауаптар.
1. Ата-бабаларымыз неліктен теріден жасалған бұйымдарды, заттарды және ағаштан жасалған заттарды, бұйымдарды көп қолданған?
2. Неліктен айторсық деп аталады?
3. Неліктен жанторсық деп аталады?
4. Неліктен ханторсық деп аталады?
5. Терінің ең қалың, берік, сапалы тұсы қай жері?
6. Көн тері деп қандай жағдайдағы теріні айтады?
3) Сарамандық жұмыс мазмұны
Торсық жасаудың негізгі шикізаты түйенің, сиырдың, жылқының жон, сауыр терісінен тігеді. Тері тұздалмаған жақсы өңделген болу керек. Яғни жүні терісінен тазартылған, шелі алоынған.
Теріні екі бүктеп немесе бір-біріне қабаттап, қатты қағаздан жасалған торсық үлгісін тері бетіне тастыра бейнелейміз. Түсірілген сызық бойымен торсық аузынан бастап айналдыра келесі шеткі аузына дейін үзіліссіз ілмек біздің көмегімен, жібек жіппен тігеміз. Тігісі толық аяқталған соң өткір пышақтың көмегімен терінің астына тегіс ағаш тақтай қойып жіпке тигізіпалмай 3-4 мм қашықтықта артық теріні кесіп алып тастаймыз.
Терінің дымқылдығын пайдаланып бойында сәл ғана ылғалы бар таза құмды арнайы таза құмды, арнайы түтікше арқылы, торсық аузына құйып, оқтау тәрізді ағашпен торсық бүйірі толық шыққанша нығыздаймыз. Аузына 4-5 см қалғанша толтырып, алдын-ала дайындалған тығынмен бітеп қоямыз.
Торсықты көлеңке құрғақ бөлме ішіне қоямыз. Екі-үш күн өткеннен кейін тері толық кеуіп кетсе, өрнек түспейді. Сондықтан теріні бабына келтіріп, «Қоңыр-құрғақ» кезінде өрнек салса, өрнектің бедері айқын әрі терең түседі. Теріге бедерлеп өрнек салу әдісін халық шеберлері «Батырма», «Бедерлеме», «Таптақырын» деп атайды. Торсықтың пішініне сай келетін ұлттық оюдың сызба-нұсқа суретін қарындашпен симметриялы түрде түсіріп аламыз. Бейнеленген сызықтың үстін теріні кесіп кетпейтіндей мұқалған аздап үшкірлеу, қырлау, біз тәріздес аспап көмегімен, теріні қатты бастыра отырып, оюдың рельефн түсіреміз. Торсықты толық кептіреміз. Торсық аузына тығынын жасаймыз, ағаштан әшекейлеп және іліп қоюға арналған бауын жасап, жұмысты аяқтаймыз.
4) Қорытындылау.
2-3 күннен кейін торсық және ішіне толтырылған құм да кебеді. Құмды төгіп, ішін сумен шайқап, тазалап қоямыз. Жұмыс аяқталған соң сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімін бекітіп, қорытындылап, алдағы сабақта торсықты бояу технологиясын үйрететіндігімді ескертемін.
Үйге тапсырма: Бояуға қажетті мата немесе жиһаз әрлейтін т.б. бояу түрлерін әкелу.