Үгілмелі қамырдан қуырма мен пирожный әзірлеу

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7сынып.

Сабақтың тақырыбы: Үгілмелі қамырдан қуырма мен пирожный әзірлеу.

Білімділік мақсаты : Қуырма мен пирожныйдың құрамын , дайындау технологиясын үйрету.

Тәрбиелік мақсаты : Жинақылыққа, іскерлікке, жүйелі жұмыс жүргізе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Сарамандық жұмысты өз беттерінше орындауға дағдыландыру, эстетикалық талғамын дамыту.

Міндеті:

  1. Әр оқушының танымдық әрекетін дербес ұйымдастыру

  2. Теориялық алған білімдерін машықтық дағдыларда қолдана білу

  3. Соңғы нәтижеге жетісу.

Дидактикалық материалдар:

. технологиялық карта

. рецептер жинағы

. қосымша оқулықтар

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдіс -тәсілі : сарамандық жұмыс

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу.

Сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуалды реттеу ( оқушылар шеңбер құрып, бір -біріне тілектер айтады)

ІІ Қауіпсіздік техникалық ережелер

А / құрал -жабдықтармен

Ә / тоқ көздерімен

ІІІ Сарамандық жұмысты / мақсаты мен міндетін / хабарлау.

Өздері әзірлеген рецептер жинағы бойынша қуырма мен пирожныйдың технологиялық картасын әзірлеу арқылы сарамандық жұмыстың модулін жасау.

Оқушыларды топқа бөлу.(Әр түрлі стикерлер арқылы топқа бөлу)

Үгілмелі қамырды бірінші , екінші тәсілдер бойынша алғашқы өңдеу.

А/ Жұмыртқаны 2 пайызды хлор ерітіндісінде залалсыздандыру

Ә / Мөлшерлеу, құрамын әзірлеу, қамыр илеу.

Бір қамырдан әзірленетін екі түрлі тағамның айырмашылығын ,ұқсастығын анықтау.

ІV Қамырды қалыпқа келтіру

А/ Бөлшектеу ,жаю

Ә / Қалыптау

V Жылулық өңдеу. Үгілмелі қамырды t - 180 -200 градус С қуыру

VI Үгілмелі қамырдан әзірленген тағамдардың адам ағзасына әсерін оргоналептикалық қасиеттерін номографты таблица арқылы анықтау.

VII Тағамның өзіндік құнын есептеу.

VIII Сапасына қойылатын талаптар: қызғылт,сары түсті жеңіл, жұқа , үгілмелі болуы.

Соңғы нәтижесі: уақыт,сапа,көлем.

Кажиакбарова Алмагул Токтабековна

Технология пәні мұғалімі

«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

Көкжыра ауылы Тарбағатай ауданы

ШҚО



© 2010-2022