Тұлғалық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде жобалау-зерттеу әдісінің тиімділігі

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жұмабике Төремұратова

Жаңаөзен кәсіптік лицейінің

арнайы пән оқытушысы

Тұлғалық бағдарлы оқытуды жүзеге асыру мүмкіндігі

ретінде жобалау-зерттеу әдісінің тиімділігі.

Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. Осы тұрғыда тұлғалық бағдарлы технологиялар негізінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі.

Жеке тұлғаны дамыту мәселелері Л.С.Выготскийдің, М.Б.Блонскийдің, С.Л.Рубинштейннің, Л.В.Занковтың, Д.В.Элькониннің еңбектерінің негізгі арқауы. Қазіргі кезде Д.Н. Богоявленскийдің, П.Я. Гальпериннің, Б.В. Давыдовтың, Л.В. Занковтың, Е.Н.Кабанова-Меллердің, С.Л.Рубинштейннің, Н.Ф.Талызинаның т.б. жеке тұлғаға бағытталған және дамыта оқытудың психологиялық теориялары жасалып, оқу үрдісіне енгізілген. Білім берудің жеке тұлғаға бағытталған технологиясына Л.И. Аниферованың, Е.В. Бондаревскаяның, В.С. Ильиннің, М.В. Клариннің, Т.Н. Мальковскаяның, В.В. Сериковтың, И.С. Якиманскаяның, Д.В. Дорофеевтің зерттеулері арналған. Білімнің түрлі салаларындағы ғалымдардың, философтардың, психологтардың, педагогтардың тұлғалық бағдарлы оқыту мәселелеріне деген терең және үздіксіз қызығушылығы да қозғалып отырған мәселенің маңыздылығын дәлелдей түседі. Ол үшін алдымен «тұлғалық бағдарлы оқыту» дегеніміздің не екенін түсініп алғанымыз жөн.

И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір жеке тұлғаның мүмкіндіктерін танып, дамыту.

Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір жеке тұлғаның жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп тұжырымдайды.

Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғадан бағдарланған оқытушыдан төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:

1) жеке тұлғаның темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;

2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;

3) әрбір жеке тұлғаның өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;

4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;

5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;

6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;

В.В.Сериков ұсынған жеке тұлғаға бағдарланған білім беру тұжырымдамасының мәні төмендегідей:

1. Жеке тұлға дегеніміз - адамның арнайы білім алу және даму аясын білдіретін педагогикалық категория.

2. Адам "жеке тұлға болу" тәжірибесін, яғни жеке тұлға функцияларын атқара білу тәжірибесін меңгеруі тиіс.

3. В.В.Сериков жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге тән заңдылықтарды атап көрсетеді:

- жобалау элементі - "тұлға өміріндегі оқиға", ол кейіннен біртұтас өмірлік нәтижеге айналады. Ал білім тек оның бір бөлігі ғана болып табылады;

- оқыту адамның табиғи өмір сүру жағдайына жақын бола түседі;

- оқытушы мен студенттің өзара бірлескен әрекеті тұлғааралық, субьект аралық қарым-қатынас сипатын алады;

- тұлғалық-бағдарлы білім беру әрбір студенттің даралығына, жеке ерекшіліктеріне бағыттала отырып, студенттің жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі қазақстандық білім беру сипатындағы айрықша өзгерістер оны «адамның еркін дамуына» оның жоғары мәдениетін, шығармашылық белсенділігін, дербестігін, бәсекеге қабілеттілігін, бейімделгіштігін дамытуға бағыт береді. Бұл бағыт өз алдына оқушы тұлғасын қалыптастыруда жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. Тұлғалық-бағдарлы білім беруді педогогикалық қауымның меңгеруі нәтижесінде туындайтын педогогикалық мақсаттардың өзгерісі толық, тұлғалық және әлеуметтік-интеграцияланған нәтижені анықтау мәселесін алға қойды. Осындай интеграцияланған әлеуметтік -тұлғалық-іс-әрекеттік ұғымның білім берудің нәтижесі ретіндегі жалпы анықтамасы болып мотивациялық-құндылықты, когнитивті, дүниетанымдық, коммуникативтік «құзырет/құзыреттілік» ұғымы танылады. Бұнда бірінші анықтама, әдетте, белгілі бір аядағы процестер, нормативті міндеттер мен құқықтармен белгіленетін тұлғаның сапаларымен байланыстырылса, екіншісі құзыреттердің практика жүзінде жүзеге асуы, оның нақты іс-әрекетке қатынасынан туындайтын нәрсе болып табылады. Демек, тұлғаға - бағдарлы технологиялар негізінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда негізгі ұғым «құзыреттілік» ұғымына тоқталған дұрыс болады.

Ғылыми зерттеу жұмысының түрлері 5-ке бөлінеді:

1.Зерттеушілік

2.Ізденушілік

3.Шығармашылық

4.Тәжірибелік

5.Ақпараттық

Ал оқушының зерттеу жұмысының түрлерін мазмұнына қарай 3 топқа бөлінеді.

1.Реферат-алынған тақырыпқа ибайланысты толық ақпарат жинау мақсатында бірнеше әдебиетке сүйеніп жазылған жұмыс.Ғылыми жоба жазуға талпындыратын жұмыс.

2.Зерттеу-жеке тұлғаның позициясын белсендірілетін және зерттеушілік икем дағдысын дамытатын жұмыс.Жаңа нәтижеге қол жеткізуді аса қажет етпейді.

3.Жоба-жоспарлы түрде орындалып нақты нәтижемен таныстыратын шығарма түрі.Жоба мазмұны жалпы пәндік,пәнаралық,сыртқы пәндік болып орындалады.Жобаның орындалу мерзімі аз мерзімді(бірнеше апта),орташа мерзімді(бірнеше ай),ұзақ мерзімді(бір жыл немесе одан да көп).Жобаға қатысушылар саны жеке және ұжымдық топ болады.

Жоба типтері:

  • Ойын жобалары-бұл ойын элементтері араласқан түрлі іс-шаралар,сахналық қойылымдар.

  • Экскурсиялық жобалар-қоғам өмірімен қоршаған ортаны танып білуге арналған жобалар.

  • Әңгіме жобалары-ауызша-жазбаша,ән-сурет,музыкалық аспапта ойнау,болмаса балаларға әңгімелерді түрлендіру арқылы «өзіне бір ләззат»алатын жобалар.

  • Еңбек-конструкторлық жобалар-пайдалы затты жасауға бағытталған жобалар.Мәселен:мектеп театрына арналған сахна құру,қоян-құстарға тор жасау,гүл ыдыстарын ілетін құрал жасау,т.б.

Тақырып түрлері:

  1. Фантастикалық-өмірде жоқ фантастикалық объектілер мен құбылыстар туралы тақырыптар.Бұл тақырыптар әдебиеттану ғылымына негізделген.Өз кезегінде ол өнер түріне бастама болады.

  2. Эксперименталдық-бақылау және экспериментті ететін тақырыптар.Қазіргі күні барлық ғалымдардыңнысанына арналған.

  3. Теориялық-түрлі әдебиеттер бар факт.Мәліметтер мен танысу және жинақтауға арналғантақырыптар.Көбіне гуманитарлық ғылымдарда қолданылады.

Жобаның мақсаты:

- Белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы

көрінісі.Мақсат қою арқылы бұл зерттеуді не үшін жүргіземіз?- деген сұраққа не жауап береміз.

Мақсат-бұл бір нәрсеге жету үшін алға қойылған міндет.

Мақсат-бұл нақты бір ұғымды пайымдаумен сипатталады.Оның сөйлем құрылысында түрлі жүйеде болуы мүмкін.Бірақ,2-3 сөйлемдік құрылымнан аса қоймайды.

Жобаның міндеті:

  • Жобаның міндеті мақсаттан туындайды.Сондықтан мақсатқа жетудің

жолдары сатылап кете білуі мүмкін.Міндеттің көп қойылуы негізгі мақсатқа жетудің жолы.Жұмыста бұл мәселелер саралай көрсетілуі қажет.Мұндай талап жұмыстың жүйелі жазылуына игі әсерін тигізеді.

Жетекші пікірі:

  1. Пікірдің негізгі мағынасы сын баға беру ретінде ғылыми тілде

жазылған мақала.

  1. Қорғау алдында берілген баға( ғылыми жұмысқа)

Пікір берген кезде

-талдау нысаны

-тақырыптың өзектілігі

-қысқаша мазмұны

-жалпы баға

-кемшілігі

-қорытынды

3. Ғылыми зерттеу жұмысына аннотация жазу.

Аннотация-белгілі-белгісіз жайтқа көзқарас болмаса,жазылған еңбек

мазмұнына қатысты қысқаша тұжырым.Бұл еңбек жазылған тілден

басқа 2 тілде жазылады. Көлемі 250 сөзден артық емес сөзден.

Аннотация-мазмұны формасы өзгеде ерекшеліктеріне байланысты

жұмыстың қысқаша мінездемесі түсініктеме немесе ұсыныс түрінде

беріледі.

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысы,аннотациясы 250сөзден аспай,

мына мәселелер шешімін табу қажет:

  • жоба мақсаты

  • болжамы

  • зерттеу кезеңдері

  • тәжірибе әдістемесі

  • зерттеу жаңалығы

  • дербестігі

  • жоба нәтижесі

  • қорытынды

  • қолдану аясы.

  1. Болжам

    1. Мәні толық анықталмаған ішкі байланыстар мен қатынастар туралы ұсынатын ғылыми жорамалдар.

    2. Логикалық ой қорыту негізінде пайымдау-топшылау.

  2. Зерттеу әдістері

    1. Әдіс көздеген мақсатқа жетудің тәсілі

    2. Тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі

    3. Ғылыми ианымның әдістері дәстүрлі түрде жалпы және арнаулы болып есептеледі. Арнаулы әдістер нақты бір ғылымның мәселесін шешу үшін қолданылады.

  3. Жалпы әдістің өзін -

теориялық, империкалық, математикалық деп 3 топқа бөлеміз.

І. Теориялық әдіс түрлері:

Моделдеу - тікелей қол тигізе алмайтын объектілермен жұмыс

жасауға мүмкіндік береді.

Анализ - тұтас дүниені бөлшектеу,бөлу.

Синтез - керісінше бөлшектенгенді белгілі бір қасиеттеріне

байланысты біріктіру. Бұл екі әдіс үнемі бірігіп жүріп бір-бірін

толықтырады.

Жинақтау - заттар мен құбылыстардың ортақ қасиетін табу.

Индукция - жалқыдан жалпыға

Дидукция - жалпыдан жалқыға

Аналогия - ұқсату әдісі

Абстракциялау - дәл қазір қажет қасиеттерге ғана назар аударып,

өзгеден ойша бас тарту әдісі.

ІІ. Империкалық әдіс түрлері:

Бақылау - адамның сезім мүшелеріне негізделген белсенді-

танымдық әдіс.Бақылау бізге заттар мен құбылыстардың қасиеті

туралы ақпарат береді. Бақылау - ашық бақылау,жабық бақылау,

өзін-өзі бақылау болып бөлінеді.

Өлшеу әдісі - сандық фактілер

Салыстыру - әр түрлі заттар мен құбылыстардың ұқсастығы мен

айырмашылығын анықтау әдісі.

Эксперимент - заттар мен құбылыстардың қалыпты жағдайына

араласып арнайы жағдайда оларды танып білуге бағытталған әдіс.

ІІІ. Математикалық әдіс түрлері:

-Статистикалық әдіс

-Динамикалық программалау моделдеу әдісі - алынған

мәліметтерді визуализациялау әдісі(функция-график)

Филология ғылымында әдеби теориялық-лингвистикалық талдау.

Әлеуметтік салада интерьвю, әңгімелесу,сауалнама,тестілеу әдістері

де қолданылады.



© 2010-2022