Өлшеуіш аспаптар және оларды қолдану

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Өлшеуіш аспаптар және оларды қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлшеуіш аспаптар және оларды қолдану әдістерін оқып үйрену, бұйымның эскизін сызып, нұсқау карта бойынша жұмыс жасауға үйрену.

Дамытушылық: Оқушыларды ізденуге, талдауға, сыни ойлауға, салыстыра білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу, бастаған ісін аяқтауға үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету. Венн диаграммасы. Ізгілендіру стратегиясы. Практикалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: өлшеуіш құралдар, нұсқау карта, сызба.

Пәнаралық байланыс: сызу, геометрия, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, топқа бөлу, назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жасырылған сұрақтарға жауап беру.

Ұпай санын есептеп, озық топты анықтау.

Мысалы: 10-ұпай. Ұста деп кімді айтады?

20-ұпай. Егеудің қандай түрлері бар?

30-ұпай. Ішкі және сыртқы ойма кесетін аспаптардағы жазу нені білдіреді?

40-ұпай. Бұрғылау дегеніміз не және бұрғының түрлерін атаңыз.

Өлшеуіш аспаптар және оларды қолдану.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Өлшем дұрыс болмаса, жұмыстың да дұрыс болмағаны. Өлшеуіш аспаптар детальдарды өлшеу үшін қолданылады. Өлшеуіш аспаптарға жататындар: сызғыш, метрлік, рулетка, циркуль, рейсмус, кронциркуль, нутромер, штангенциркуль.

Сызғыш - ұсақ-түйек өлшемдерге арналған, ұзындығы 500 мм.

Метрлік - ұзындығы 1000 мм қарапайым өлшеуіш құрал.

Рулетка - оралмалы арнаулы өлшем, оның ұзындығы 1,5 м-30 м-ге дейін және одан да артық болады. Рулеткамен өлшемі анағұрлым артық келетін ұзындықтарды өлшейді.

Циркуль - шеңбер сызуға арналған құрал, сонымен қатар өлшеу үшін де пайдаланылады.

Рейсмус - белгіленген орында параллель немесе бір сызық жүргізуге арналған аспап.

Кронциркуль сыртқы диаметрлерді және ұзындықтарды өлшеу үшін қолданылады.

Кронциркульдің доға тәріздес сирақтарының арасын ажыратыпөлшейді. Алынған өлшем масштабтық сызғыштың бөліктерімен салыстырылады.

Нутромер - ішкі диаметрлерді және ұзындықтарды өлшеуге арналған. Оның да өлшемдері сызғышпен салыстырылады.

Штангенциркуль - әмбебап өлшеуіш аспап болып табылады. Онымен детальдардың ішкі және сыртқы өлшемдері тікелей өлшенеді. Мысалы, тостаған, келі - келсап т.б. Бұл аспаппен өте нақты, дәл өлшем бірліктерін анықтауға болады. Штангенциркуль штангамен тұтасқан қозғалмайтын еріндерден, рамамен, тереңдік өлшеуішпен және нониуспен

байланысқан жылжыма еріндерден құралады. Нониус - миллиметрдің бөлшек үлестерін (1/10 - 1/50) көрсететін көмекші шкала.

Детальдарды сырттай және іштей өлшеу үшін штангенциркульдың еріндері арасы ажыратылады. Қозғалатын ерінді тапжылтпай тежеп қою үшін винт қолданылады.

Алынған өлшемнің бүтн миллиметрлері санын штангададағы бөліктер, ал миллиметрдің бөлшек үлестері санын нониустағы бөліктер көрсетеді.

ІҮ. Дәптермен жұмыс: өлшеуіш құралдар жөнінде білгендерін дәптерге жазу.

Ү. Сабақты бекіту.

Венн диаграммасын толтыру арқылы сабақты бекіту.

Қарапайым құралдар Әмбебап құралдар

Өлшеуіш аспаптар және оларды қолдану.

«Өлшеуіш құрал» сөзжұмбағын шешу арқылы сабақты қорытындылау

Өлшеуіш аспаптар және оларды қолдану.



  1. Ұстаның металл қыздырғыш пеші.

  2. Соққы құралы.

  3. Ағаш оятын құрал

  4. Металл өңдейтін құрал.

  5. Бақша өсімдігі.

  6. Каротинге бай дақыл.

  7. Металл кесетін аспап.

  8. Аспаптың мұқалған жүзін өткірлейтін құрал.

  9. Бұйым тесуге арналған құрал.

  10. Металдың бір түрі

  11. Цилиндрдің бойына бұрама шығару.

  12. Сыртқы ойма салатын аспап.

ҮІ. Сарамандық жұмыс.

Ағаштан ойып, ағаш қасық жасау.

Үйге тапсырма: Қазақша жуықтап, шамалап айтатын қашықтық, ұзындық өлшемдерін дәптерге жазып келу.

Сынақ сүйем - 17-18 см Аттам - 70-72см

Бір сүйем - 21-22 см Аршын - 71 см

Қарыс - 23-24 см Кез - 100 см

Қолдың қыры - 45-50 см Бір құлаш - 150-155 см

Адым - 60-62 см Кере құлаш - 170-175 см

ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың жасаған жұмыстарына, сабаққа қатынасына, теориялық білім деңгейіне қарай бағалау.

Шеберхананы, өз киімін тазалау.

Өлшеуіш аспаптар және оларды қолдану.



© 2010-2022