Ағаш ою. Геометриялық оюлар. тақырыбына технология пәнінен сабақ жоспары (7 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Ағаш ою. Геометриялық оюлар. Сабақтың мақсаттары:  1. Білімділік. Көркемдік жұмыстардың ішінде  ең көп тараған өнердің бір түрі - ағаш ою өнері жайлы білім беру, ағаш оюдың түрлерімен, оған қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру.  2. Дамытушылық . Ағашты ою арқылы  ой-өрісін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қол моторикасын дамыту 3. Тәрбиелік. Оқушыларға эстетикалық, ақыл- ой және еңбек тәрбиесін беру. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Сабақ түрі...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ағаш ою. Геометриялық оюлар.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік. Көркемдік жұмыстардың ішінде ең көп тараған өнердің бір түрі - ағаш ою өнері жайлы білім беру, ағаш оюдың түрлерімен, оған қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру.

2. Дамытушылық . Ағашты ою арқылы ой-өрісін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, қол моторикасын дамыту.

3. Тәрбиелік. Оқушыларға эстетикалық, ақыл- ой және еңбек тәрбиесін беру. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: сызу, математика,геометрия.

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау картасы, суреттер, қолданылатын құрал-жабдықтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгендеу;

б) оқушылардың дайындықтарын тексеру.

ІІ. Өткенді қайталау

  1. Ағаш түрлерін ата

  2. Ағаштың қасиеттерін ата

  3. Ағаштан қандай бұйымдар жасауға болады?

ІІІ. Тақырыпты баяндау:

Көркемдік жұмыстардың ішінде халқымызда ең көп тараған өнердің бірі-ағаш ою болған. Көшпенділер ағаштан тұрмысқа , мал шаруашылығына қажетті әр түрлі бұйымдар жасаған.

Ағш оюшыларды- ерші, ағашшы, ағаш шебері деп атаған. Ағаш шеберлері ағаштан азық -түлік салып сақтайтын кебежелер, төсек, бесік, кесе салып алып жүретін кесеқап және әр түрлі ыдыс-аяқтар , арнайы қымызға арналған тостағандар , саптаяқ, шара , ожау, сол сияқты табақ, тегеш жасады.

Сонымен қатар сандық, жүкаяқтың, күбі,астау сияқты бұйымдар да ағашты ою арқылы жасалады. Осы күнде ертеде халық шеберлері жасаған ең үздік бұйымдар мұражайларда сақталған.

Ою түрлері.

Жалпақ оймалы, терең ойылған, жалпақ пішінді, бедерлі, өрнекті, мүсіндік және де көлемді деп топтауға болады. Осы топтардың әрқайсысы өз кезегіінде орындалу технологиясына қарай бөлінеді.

Жалпақ оймалы ою.

(Ағаш ою. Геометриялық оюлар. тақырыбына технология пәнінен сабақ жоспары (7 сынып)Ағаш ою. Геометриялық оюлар. тақырыбына технология пәнінен сабақ жоспары (7 сынып)Безендірілетін бұйымның немесе дайындаманың беті жалпақ болуымен сипатталады.)


Геометриялық Контурлы

Геометриялық оюлар-ағаш оюдың кең тараған және ежелден келе жатқан түрі.

Үшбұрыш , шаршы, дөңгелек пішінді геометриялық фигуралардан тұратын өрнектер екі, үш, төрт қырлы ойықтар түрінде орындалады.

Геметриялық оюлар пышақ- қиғаш жүзді және жартылай дөңгелек қашаулармен орындалатын бірнеше негізгі элементтен құралған әр түрлі комбинациядан тұрады.

Геометриялық оюлардағы ең қарапайым элементтер- тереңдігі мен ені әр түрлі, түзу және қисықсызықты екіқырлы ойықтар. Тік немесе бұрыш жасап орналасқан түзу сызықты ойықтарды қайталау арқылы « сатылы» өрнек алуға болады.

Геометриялық оюда пішіні, өлшемі және орындалу техникасы әр түрлі үшқырлы ойықтар (үшбұрыш) көбірек таралған. Тереңдетіліп ойылып жасалған үшбұрыштар табандарының жан-жағы кең немесе созылыңқы сәуле тәрізді болып келеді. Осы үшбұрыштардан комбинация құрып, ромб, жылан, шынжыр, шашыраңқы сәулелі, мәнерлі, т.б. әр түрлі өрнектер алуға болады.

Бұрыштар мен үшбұрыштардың табанын тереңдетіп ойып қиюластыру арқылы жаңа өрнектер алады.

Ортасын тереңдетіп ойып қырлары бірдей үшбұрыштар алуға болады. Мұндай өрнектер өте әсерлі көрінеді. Геометриялық оюда салыстырмалы түрде біршама ірі элементтерді де қолданады. Геометриялық элементтердің ішінде орындалуы бойынша біршама қиын болып есептелетіні- қисық сызықты үш қырлы ойық -өрнектер Геометриялық оюлардың негізгі элементтерін қиюластырып шексіз көп ою-өрнектер композициясын жасауға болады. Үшбұрыштарды және басқа геометриялық элементтерді ойғанда , мүмкіндігінше қабатына , табиғатына және талшық бағытына мән беру керек. Егер талшыққа қарсы бағытта кесіп, ойып жұмыс істейтін болсақ, ілінісіп, бет жағы кедұр- бұдыр болады, ал талшық

кесілсе , ілініп кедергі келтіреді.

Ағаш ою кезінде түрлі құрал-жабдықтар қолданады. Қашаудың бірнеше түрі: айқыш, түзу , бұдыр, бұрғы, ұстын, қалақ, жалпақ, қуыс түрлері болады. Қашау түріне қарай түрлі ою элементтерін де жасауға болады. Суреттерге қарап түрлерімен танысып алуға болады.

Сарамандық жұмыс. Жақша тәрізді тіліктер жасау. Екі түрлі нұсқамен оюды үйрену. Т.Қ. Е. Қайталау.

Қорытындылау. 5 жол өлең жолын құрастыру.

Үйге тапсырма. Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау


© 2010-2022