Поурочный план на тему Қоянның көжектеріне тағам садик

Раздел Технология
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай атындағы орта мектеп жанынан ашылған

«Айналайын» шағын орталығы












Тақырыбы:


Поурочный план на тему Қоянның көжектеріне тағам садик

(Мүсіндеу сабағы)



Тәрбиеші: Атаева. Б




Пән: Мүсіндеу

Сабақтың тақырыбы: Қоянның көжектеріне тағам

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қоянның көжектеріне тағам мүсіндеуге үйрету

Дамытушылық: Қоян туралы әңгімелей отырып сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту іскерлік дағдыларын арттыру

Тәрбиелік: Қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ептілікке, әдемілікті сезінуге, достыққа ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Суреттер, ермексаз

Әдіс-тәсілдер: Жұмсарту, созу

Білім көзі: Шығармашылық

Сабақтың жүру барысы: Тыныштандыру назарларын сабаққа аудару

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып жөнелді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан тоңпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Жаңа сабақ

І. Балаларға жұмбақ жасырамын.

ІІ. Күтпеген сәт жасау, қоянның көжегінің сабаққа келуі.

ІІІ. Бүгінгі біздің сабағымыз мүсіндеу сабағы, сабақта біз бүгін қоянның көжектеріне тағам дайындаймыз. Балалар айтыңдаршы қоян нені жақсы көруші еді? (сәбіз)

IV. Балалар бүгінгі сабақта қоянның көжегіне сәбіз жасап береміз. Балалар сәбіздің түсі қандай болу керек? Онда балалар сары түсті ермексазды алып, саусақтың көмегімен ермексазды жұмсартамыз.

Енді,балалар созу тәсілі арқылы сәбіз жасаймыз.

Бекіту

І. Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Несімен ұнады? Балаларға сұрақ қою.

ІІ. Балалардың істеген жұмыстарын бағалау

Қорытынды: Сонымен, балалар сабақты аяқтаймыз.

© 2010-2022