• Преподавателю
  • Технология
  • «Технология» мамандығының арнайы пәндерін оқыту барысында студенттердің бойындағы дарындылықты дамыту

«Технология» мамандығының арнайы пәндерін оқыту барысында студенттердің бойындағы дарындылықты дамыту

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Технология» мамандығының арнайы пәндерін оқыту

барысында студенттердің бойындағы дарындылықты дамыту

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алудамыз. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас, басқаша қарым-қатынас пайда болды. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеріп, жаңа формация мұғалімі болу - заман талабы.

Бүгінгі таңда жаңа формация мұғаліміне қойылатын талап та жоғарылады. Жаңа формация мұғалімі деп кімді атаймыз? Жаңа формация мұғалімі - бұл рухани дамыған, кәсіби дағдыланған, жаңалыққа жаны құмар, шығармашыл тұлға. Яғни, өз пәнін терең меңгеріп қана қоймай, білім кеңістігіндегі әр қатысушының орнын көріп, олардың қызметін ұйымдастырып, дарынын дамытып, күтілетін нәтижені көре білуі де керек.

Дарын - студент бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет колледжде сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және тәжірибелі ұстаздардың көмегімен ашылады.

Әрине, бір-екі жылда студенттің бойындағы дарындылық қасиетін байқау мүмкін емес. Нәтижелі еңбекке студенттермен неғұрлым тығыз байланысты болып, өзара қатынасты жақсартып, сенім білдіру арқылы қол жеткізуге болады.

Студент бойындағы дарын өзіне қажет білім немесе өнермен қамтамасыз етілмей, тәрбие жұмыстарымен қамтылмаса, онда қабілеті жабық күйінде қалуы да мүмкін. Сол себепті оқыту мен тәрбие үрдістері студенттің қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар студент бойындағы дарындылық қасиеттің тұқым қуалаушылық түрі де болуы мүмкін. Ата-бабаның дарын қасиеттері ұрпақтан ұрпаққа берілетіні өмір ақиқаты.

Негізгі орта біліммен келген студенттер әр түрлі дайындық, әр түрлі білім деңгейімен келеді. Сондықтан оқушылар мен алғашқы кездескенде-ақ олардың сауаттылық деңгейін, білім дәрежесін, өз бетімен ізденіс жұмысына икемділігін бақылап, зерттеп, олардың ойлау дәрежесін, белсенді танымдық әрекетінің дәрежесін білуге талпынуымыз керек.

Сабақта өтілген материал студенттің белсенділігін, ойлау қабілетін арттыруды, шығармашылық ішкі мүмкіндігін дамытуды көздейді.

«Технология» бөліміндегі арнайы пәндерді оқыту кезінде студенттерге берілетін жұмыстардың негізі шығармашылық жұмыстардан тұрады. Тәжірибеде көріп жүргеніміздей көптеген студенттердің білім деңгейі, сауаттылығы, ауызша сөздік қоры, сөйлеу дағдысы бүгінгі күн талабына сай емес. Жас ұрпақтың болашағы оның қазіргі алған білім сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Орта буын - бұл студент тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын кезең. Сондықтан өз жұмысымды өзім дәріс беретін екінші курс студенттерінің пікірін зерттеуден бастадым. Ең алғашқы сауалнама «Сен жазуды ұнатасың ба?» деген тақырып төңірегінде болды. Бұл сауалнамаға Әйгерім «Мен жазғанды ұнатпаймын. Себебі ойым бар, бірақ оны жеткізе алмаймын» - десе, Ақерке «Тіл байлығым жетпейді»- дейді. Ал Сәнім «Шынын айтқанда, онша ұнатпаймын, себебі сөздік қорым жетпейді» деп жазған еді. Бұл сауалнамадан кейін студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін арттырып, сапалы оқуын дамыту үшін не істесем екен? - деген ойға қалдым. Олармен жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттігі туды.

Сол кезде конструкциялау және модельдеу технологиясы, сызу, оқу шеберханаларындағы практикум сабақтарында тақырыпқа сай сурет салудан бастаған жұмыстары біртіндеп келе қиындаса да студенттер сол қиындықты жеңіп, өздері жасап, үйренеді. Бұл жұмыстар студенттерді өз бетінше іздендіреді, одан жинаған мәліметтерге сын тұрғысынан қарап, сол бойынша өзінің ойын, көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік алады.

Өзімнің жұмысымды қорытындылай отырып, оқу сапасының артқанын байқадым. Есіме «Маған айтып берсең- ұмытып қаламын, көрсетіп берсең - есте сақтармын, өзіме жасатсаң - үйреніп алармын» деген шығыс нақылы түсті. Мұндай жағдай соңында пікірлер, тың ойлар туындайды. Студенттердің еркін ойлауына мүмкіндік туады. Басқаның пікірін тыңдай білуге, бағалай білуге, өзін де басқаларға тыңдата білуге дағдыланады. Кей жағдайда қызу пікірталас туындайды. Студент жеке де, топпен де жұмыс істей алады.

Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеу білім сапасын арттыруға, студент бойындағы дарындылықты дамытуға үлкен көмегін тигізеді.

Дегенмен де, дарын қабілеті өздігінен жетілмейді, оған да белгілі бір фактор ықпал жасайды:

- колледж өмірі, колледждегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің ұйымдастыру деңгейі;

- студенттер мен ұстаздар арасындағы қарым-қатынас;

- отбасы жағдайы;

- физиологиялық даму үрдісі;

- студентке қажет білімнің берілу сапасы.

Бала бойындағы дарынды көпжылдық жүйелі еңбектің нәтижесінде байқауға болады. Дарынның даму үрдістері:

- ең алдымен, студенттің қолөнерге деген қызығушылығы пайда болады;

- іске машықтануы арқылы икем мен бейімділігі қалыптасады;

- өз қиялы, идеясы қалыптасады;

- кәсіби шеберлігі өседі.

Студенттерге шеберлік машық бірден келмейді, ол жылдар асып, үнемі жүйелі түрде жинақталған тәжірибелік және ізденіс еңбектің нәтижесінде ғана келетін қабілет. Шеберлікке жету еңбектің орта белдегі нәтижесі, көптеген қабілетті студенттер осы шеберлік деңгейге келіп тоқтайды. Одан әрі студенттер бәсеңдейді де, қарапайым тапсырмаларды орындайтын орта оқушы қатарында жүреді. Міне, айырмашылық осы арадан басталады. Бұл студенттер материалды жақсы меңгергендер. Осыдан әрі қарай студенттерде зерттеу басталады. Осы кезде жоғарыда айтылған оқыту мен тәрбиелеу әдістемелері жүргізіледі.

Студенттер белгілі бір шеберлікке жеткен соң, олардың шығармашылық қабілеттері дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады, білмегенін білгісі келіп, ұстазын мазалай бастайды. Осы кезде оқытушы студенттің әр іс-әрекетіне көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп, көмекке келуі керек. Ондай қамқорлықтан студент өзіне үлкен рухани азық алып, шыңдалып, қабілетін одан әрі дамытуға күш-қуат алады. Осы жерде студент еңбегін ынталандыру қажет. Ол белгілі бір қолөнер туындысын дүниеге әкелген соң, оның екінші қабілеті өзінен-өзі ашылады. Ол қабілет - шабыт. Көптеген өнер туындылары осы шабыт үстінде дүниеге келеді. Бұл кезде студентке толық сапалы білім беру, жеке дара жұмыс жүргізу көзделеді. Студенттің шеберлік деңгейі өскен соң, кәсіби шеберлігі шыңдалады, одан әрі жүйелі және тұрақты еңбек етудің нәтижесінде, кәсіби деңгейі өседі. Колледжді тәмамдаған соң білімін одан әрі жетілдіре түссе, кәсіби мамандық иесі бола алады.


© 2010-2022