Проект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беру

Раздел Технология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Проект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беруПроект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беру

М.Горький атындағы мектеп гимназия

Жоба «Әрлендіру»

«Раушан гүліне жан бітіру»

Құрастырған:

М.Горький атындағы мектеп-гимназия

технология пәні мұғалімі

Жолданова Баян Шалгимбаевна.

.Проект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беру







Ақсу-Аюлы мекені 2014.



Мазмұны:



  • Тақырыпқа түсінік беру.

  • Мақсат пен міндеттер.

  • Ойды талдау.

  • Қолөнер туындысының нұсқасы.

  • Әрлендіру және қолөнер шығармасы туралы негізгі

  • түсінік.

  • Кептіру тәсілдері.

  • Панно жасаудағы технологиялық карта.

  • Экологиялық баға.

  • Өзіндік құнын шығару.

  • Өзін-өзі бағалау.

  • Пайдалынылған әдебиеттер.















Тақырыпқа түсінік беру



Әдемілікке құштарлық адам баласына балалық кезінен басталады. Осы құштарлықты жетілдіріп және дамытып отыру керек. Әр бала суретші болуы мүмкін емес, бірақ шынайы әдемі күйді бастан өткізеді, сол әсер адам жанын қайрымдылыққа, мейрімділікке жетелейді, асқақ армандарға, творчествалық шығармашылыққа әкеледі.

Шебрдің қолынан шыққан өнер туындысы, сол адамның рақым күшін өзіне тарта. Біз бұл өмірде жанталасып, айрықша дараланып, қоршаған ортада өзімізге күдікпен, бір «қалыпта» ішкі түйсігімізбен үйлесім таппай өмір сүреміз. Кәдімгі шыны қалдықтары, қағаз, әуе шары, сым орамасы т.б. заттардан нағыз үздік, шынайы әрлендіру жасауға болады. Ең бастысы жан-тәнімізбен, ықылас ойымызбен суретші күйіне ену...

Бұл әрлендіру жобам кептірілген раушан гүлімен жасалған жұмыс. Ол үшін бізге икем, машық және сабырлық қажет. Бұл тек жай ғана жұмыс емес, бір жақты қызықсыз, өмірден, кәзіргі уақытта адам баласына жетпей жатқан қуаныш, мейрімділік пен қауышу. Өмірді әдеміде, әсем жасау өз қолымызда!





Гүлдер, гүлдер не түрлі,
Құлпырды да жетілді.
Барлық дала өртеніп,
Бара жатқан секілді.
Өрт дегенім - гүл екен,
Отқа ұқсап тұр екен.
Лүпіл қағып жүрегім
Үзіп алдым біреуін
Сыйлайын деп анама.


Т.Молдағалиев.



Ең әдемі гүл

Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі - өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.«Гүл - дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады.

Раушан немесе Райхан гүлі - хош иісті, ең әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Ол гүлдердің патшасы, раушангүлділер түқымдасына жатады. Римде бір күнді «Раушан күні» деп ерекше қадірлеп тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы, рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған. Ақ раушан гүлін негізінен қалыңдыққа сыйлаған, ал, алқызыл, қызыл раушан гүлдерін аруларға, аналарға сыйға тартатын болған.



Раушан.
Қызыл, күлгін, ақ, сары,
Шешек атқан шақтағы.
Хош иісі сүйсінткен,
Ең әсем гүл бақтағы.
Ою-өрнек қатпары,
Өте үйлесім тапқаны.
Кіндігін кей қыздарша,
Көрсетпей әдеп сақтады.
Әр ел егіп күтеді,
Сатады әр гүл дүкені.
Өзін-өзі қорғайтын,
Абайла бар, тікені.

Оразақын Асқар.









Жобаның мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: Бөлмені көркемдеу үшін кептірілген гүлдерден

панно дайындау.

Міндеттері:

  • Аз шығынмен кепкен гүлдерден өз қолымызбен панно дайындау.

  • Жұмысқа шығармашылықпен қарап, сәндік қолданбалы өнерді шеберлікпен жетілдіруге икемдеу.

  • Жасалатын жұмыстан эмоциялық ғанибет алу .































ОЙДЫ ТАЛДАУ





ЖАТАТЫН БөЛМЕГЕ

СУРЕТ



БөЛМЕГЕ

Панно





НЕ?

қайда?

СәНДІК үШІН

Проект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беру

КИІМГЕ

әДЕМІЛІК үШІН

Қашан?

Неге?

АРЗАН

ТұРАқТЫ

Мәңгі-бақи

ҚОЛӨНЕР ТУЫНДЫСЫНЫҢ НҰСҚАЛАРЫ



Проект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беру























Проект Дизайн по технологий Раушан гүліне әр беру





ӘРЛЕНДІРУ МЕН ҚОЛӨНЕР ШЫҒАРМАСЫ

ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІК.





НИЕТ



Шығарма нышаны: тұтастық, доминанттықтың қолда бары, жетілдіру.



Шығарма түрлері: тұйық, ашық, симметриялы, асимметриялық, тұрақты, ширақыңқы .

Шығарма тұлғалары: сызықты - таспалы, жазықты, кеңкөлемді, қиыстыра.



Шығарма элементтері: кеңдік, сызықты, таңба (нүкте), пішін, рең, жарық және көлеңке, сипатын куәландыру.




Композицияға арналған құралдар : қайталау, топтау, салу және ою, мүшелеу, өрбіту, айқындау, қарама-қарсы, өзгешелік, ауқымды, пішімді, сәйкестендіру, үйлесім, үшқұрамды, оңайылық, белгілі бір стильге салу.





ҚОЛӨНЕР ТУЫНДЫСЫ













КЕПТІРУ ӘДІСІ





ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДІС



ӨСІМДІК ТҮРІ



Сусыз тіп-тік жағдайда

Бұтақ, кең жапырақты қоға, сәндік өсімдік, қызылтал



Сумен тіп-тік жағдайда

Ебелек, тегеурінгүл, шығыс гүлі, кінәмшіл



Сым тордың үстінде тіп-тік жағдайда

Бөрікгүл, таушымылдық, раушан, күнбағыс



Жоғарыдан төмен асып қою

Ирландық қоңыраугүл, масақ, шөп, кінәмшіл, раушан



Көлбеу жатқызып қою

Бұтақтар, жапырақтар, мүк, гүлдің қауашақ тұқымы

















ПАННО ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

ДАЙЫНДАЛУ РЕТІ

МАТЕРИАЛДАР

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

1.

Тапанша желім арқылы, ағаш жиектемені жапырақтар мен шиыршықтармен безендіреміз .

Үлкен кең жиектеме.

Желімді тапанша.

2.

Жиектемені алтын түстес аэрозольды бояумен бояу.

Аэрозоль бояу алтын түстес.

3.

Теріс жағынан желімді тапаншаның көмегімен жиектемеге шпагат жіпті бекітеміз, сызықтар бір-бірімен айқасуы керек. Алтын түстес бояумен әрлендіру.

Шпагатты жіп. Аэрозоль бояу алтын түстес.

Қайшы.

Желімді тапанша.

4.

Оң жағынан желімді тапанша арқылы бір тілік органза желімдейміз.

Органза.

Қайшы.

Желімді тапанша.

5.

Желімді тапаншаның көмегімен диоганал бойымен орайотты желімдейміз.

Орайот гүлі.

Желімді тапанша.

6.

Кепкен раушан гүлмен панноны безендіреміз.

Кептірілген раушан гүлі.

Желімді тапанша.

7.

Көлемді болу үшін сары түстес сизальды пайдаланамыз.

Сары түс сизаль.

Желімді тапанша.

8.

Туындының төменгі жағына алтын түспен жалатылған бұтақты жапырақтарымен бекітеміз.

Бұтақ жапырақтарымен.

Желімді тапанша.

9.

Сапасын тексеру.





























ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒА

Мен дайындаған бұйым - экологиялық таза өнім. Бұл өнімнің экологиялық тазалығы сонда, панно дайындауға арналған кептірілген гүлдер қоршаған ортаға зиянын келтірмейді, керісінше таза экологиялық өнім. Бұл бұйымды дайындау үшін қымбат материал немесе күрделі құрал-жабдықтың керегі болмады.

Өзіндік құнын шығару.

Бұйымның өзіндік құнын, оны жасау барысында қолданған құрал-жабдық арқылы есептеп шығарамыз.

Материалдар: жиектеме - 70 р.; желім - 11 р.; шпагат жіп: 20р. Х 1м= 2 р.; сизаль - 50 гр.= 15р.; Органза - 0,1 м х 200р.= 20 р.; табиғи материал - тегін.

СМ= 70+11+2+15+20=118 рублей.

Егерде өзіңізде органза кесінділері бар болса, онда бұйымыңыз арзанға түседі.

ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ.


Нәтиже менің күткенімдей болды. Маған туындымның сыртқы келбеті өте ұнады, түс үйлесімділігі, безендірілуі, мен ойлаймын бұл туындымен үйдің ішкікөрінісін сәндеуге әбден болады.











ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:



  1. Бухольц К. Флористический дизайн. Ростов н/Д, Феникс, 2002.



  1. Браиловская Л.В. Арт-дизайн: красивые вещи. Серия «Стильные штучки». - Ростов-на-Дону «Феникс», 2005г.


  1. Суханова Н.П., Абрамян С.А. Вторая жизнь цветов: выращивание, высушивание, аранжировка. М., Колос, 1994.
















© 2010-2022