Шығармашылық жоба. Ши тоқу өнері

Шығармашылық жоба. Ши тоқу өнері.                                                   Жобаның мақсаты: Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – ши тоқу өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.    Жобаның  міндеті: Қазақтың қолданбалы қолөнері жайлы білу; Ши тоқу өнері жайлы мағлұмат беру; Ши тоқу өнері технологиясын үйрену; Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу.  Жобаның болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру.  Жобаның нысаны: Ши тоқу өнерін зерттеу, анықтау;     Жобаның кезеңдері: Біріншіден, мен өзім зерттейтін жұмысымның тақырыбымен танысу.  Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, тоқуды үйрену.  Үшіншіден, жинаған жұмысымды талдау.                                                    Мазмұны:   І. Кіріспе   ІІ. Негізгі бөлім   ІІІ. Кеткен шығынды есептеу   IV. Қорытынды   V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.                                                                                   Кіріспе бөлім   Ши тоқу (орау)— бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне (мәселен, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін солардың астына төсеуг...                                                                             Негізгі бөлім Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым-ши (шымораулы ши). Халық қолөнерінің шеберлері сол жоғары айтылған өрнектелген шилерді қанат шилер деп атайды. Қазақ арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мәселен, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан көбінесе киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, шыптаға мал сойғанда, еттің астына салуға, сырғауыл салынған үйдің төбесіне жабуға ұстайды. Ал өне бойы түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді... Тоқылатын ши мал аяғы баспаған соны жерден, жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді таңертең, кешке немесе жаңбырдан кейінгі шың кеппей тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп орайды. Ши ораудың екі әдісі бар. Бірі — тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау, екіншісі — жаңа өрнек үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шиді бір-бірлеп өрнек бойынша әр түсті оралған шидің буындарын дәл келтіріп, санап отырып орайды.   Шиден жасалатын заттар:  алаша ши, ас шиі, аяқ қап, есік, кілем ши, киіз басатын ши, күрке, күзу шиі, қазан жапқыш, масақана, терезе жапқыш, етқана, жолым, ши қора, ши қалпақ, шыны қап т.б.                                     Өзіндік кұнын есептеп шығару.     Материалдар,бағасы (теңгемен)              1. Ақ ши-90 тг,Ши шыбықтары     2.Жіптер-200 тг, Тоқыма жіптер,   а) көк жіп-50 тг, Боялған жүн,                   ә) ақ жіп-50 тг,Қайшы                     б) сары жіп-50 тг, ине                     в) жасыл жіп-50 тг, жіп        өрнек түрлері-320 тг. 3. Мата жиектеу үшін-20тг.            4. Шашаққа жіп, бау үшін-10тг.         Жарнамалау  а) өнімдік белгісі Ғажайып іс көріңіздер,  ә) жарнамалық сөздік Ши алуға келіңіздер.  б) фирманың аты Фирманың аты: «Асыл қазына»  в) мекен-жайы: №18 ЖББОМ КММ  г) бағасы.                                                   Қорытынды   Халқымыз ши тоқудың қарапайым тәсілдерін қоланып келеді. Шиден аяқ қап, қазақ жапқыш, қорамсақ, терезе жапқыш, қар ұстағыш, төсеніш, т,б күнделікті өмірге аса қажет көптеген заттарды жасауға болады. . Тоқыманың  шиден өзге жүннен тоқылатын кең қолданысқа ие бірнеше түрі бар. Олар: алаша, басқұр, желбау, таңғыш. Әсіресе жүннен тоқылатын бұйымдарға деген қызығушылық тым жоғары. Өйткені ол табиғи, таза өнім. Ол үшін алдымен қырқылып алынған жүнді тазалап, шираған жіпке айналдырамыз.                                               Пайдаланған әдебиеттер тізімі.   1.      Өмірбекова М.Ш. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Алматы. 2.      «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы «Рауан» 3.      Өмірбекова М.Ш. энциклопедия.  Қазақтың қолөнері. 4.      Көркем ши өнері және этномәдени білім//Қазақстан жоғарғы мектебі.-208-№4-Б
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:

Сабақ:

Сыныбы: 5ә

Күні:

Сабақ тақырыбы: Жоба дайындауға дейінгі жұмыс жоспары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұмыт болған халкымыздың қолөнерін жандандыру. Оны жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білуге үйрету, тұтыну бүйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.

Дамытушылық: Күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Шығармашылық жоба барысында өз бетімен шығармашьлық жұмыс жүргізе білуге, ісксрлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ - жауап, теориялық білім және сарамандық жұмыс

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих

Көрнекіліктер:слайд, әртүрлі дайын бұйымдар мен жобалар, нұсқау карталары, кестелі және бұйымдары

Қажетті құрал - жабдықтар: қайшы, ине,түрлі - түсті кесте жіптері, кергіш, мата және эскиздері

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

• Оқушылармен сәлемдесу;

• Оқушыларды түгендеу;

• Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу;

• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Өткен сабақта жоба тақырыбын таңдаған болатынбыз.

Жалпы жоба дегеніміз не?

Шығармашылық жоба - әр оқушының жыл бойы мұғалімнің көмегімен орындайтын, өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Әрине жасалатын жобаның сапасы сенің біліктілігіңе, технология пәнінен алған біліміңе, оқулықтағы материалды қалай меңгергеніңе тікелей байланысты.

Жобаны қалай дайындауға болады?

Жобаның бірнеше нүсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың т.б. көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды.

(Және сендерге өздерің таңдаған жобаның эскизін салып, жасалу жолын жоспарлап келіңдер деген болатынмын. Оқушылардың салып келген эскиздерін талдау)

ІІІ. Жаңа сабақ

(оқушыларға күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазғызу) бүгінгі тақырыбымыз «Жоба дайындауға дейінгі жұмыс жоспары»

Сонымен, шығармашылық жоба бұл оқушының мұғалімнің басқарумен орындалған өзіндік шығармашылық (жоба) жұмысы

Барлығымыз жобаға кесте тігу өнерін таңдаған екенбіз, онда кесте жайлы айтып өтейін

Кесте - қазақ халқының сәндік қол өнерінің бір түрі. Қолмен кестелеп тігу - өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер - көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге болады.

Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады. Мысалы: жөрмеу, көктеу, саба тігіс, бүгіс, қабу, қабырға тігіс, тышқан із, кереге тәріздес тігіс, қиғаш тігіс және т.б. Кестелеуге арналған материалдар - канва, тегіс боялған мата. Жіптер - кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады.

«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары көтеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.

Айқас тігу - инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Өрнек ізімен біркелкі төрт бүрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті айқыш түрінде айқастыра бастырып отырады. Онымен орамал шаршының шетін әшекейлейді. Жетісудыңоңтүстігінде оны «орыс кесте» деп те атайды.

Шығармашылық жобаны орындау жүйесі /. ұйымдастыру, дайындык, кезеңі.

- Үлгі тандау. Жасалатын бүйымның үлгі сұлбасын сызу, суретін салу;

- Материалдар мен керекті-құрал жабдықтар дайындау;

- Жұмыс орнын ұйымдастыру.

1. Техникалык кезең.

- Техникалық жұмыстарды орындау;

- Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтау

2.Қорытындылау кезеңі жүйелеу.

- Дайын бұйымды бағалау;

- Шикізат шығынын есептеу;

- Шығармашьшық жобаны қорғау.

3.Шығармашылық жобаға қойылатын негізгі талаптар.

- Өзіндік қызығушылығы;

- Әлеуметгік-экономикалық жағдайдың сәйкестігі, күрделілігі,

- Өз мүмкіндігін ескеру;

- Өз өнімдерін іске асыру, тұтыну.

4.Жобаны жарнамалау.

- Өнім белгісі;

- Өндірістің аты;

- Бұйымның аты, қолдану;

- Жарнамалау.

5.Шыгармашылык. жобаны қорғау

Оқушы өзінің дайындаған шығармашылық жобасын қорғап, жұмысын қортындылайды

(Мына жерде көрсетілген жобаларды қарап шығуларыңызға болады.)

IV.Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережелерін қайталап шығайық:

Қайшымен жұмыс:

а) қайшыны арнаулы қобдишада сактау керек,

ә) қайшыны біреуге үшкір үшымен берме,

б) қайшының жүзін ашық қалдырма.

в) қайшымсн жүмыс жасап жатқан адамның көңілін бөлме,

г) кайшьшың үшын жоғары көтерме.

Инемен жұмыс:

а) инені киімге қыстыруға болмайды,

ә) иненің жібін тіспен үзбе.

б) инені ауызға салуға болмайды,

в) инемен жұмыс жасағанда оймақ ки,

г) инені арнаулы қобдишаға сал немесе жастықшаға түйреп қой.

(әр оқушы өзінің жұмыстарын бастайды, жұмыс кезінде оқушыларға көмек көрсету, қателіктерін түзету)

V.Сабақты қорытындылау

1. Жасаған жұмыстарын тексеру, қателіктерін айту, талдау, түзету

2. Жасап жатқан жобаларына қатысты сұрақтар қою:

Жобаны қалай ұйымдастыруға кезеңін атап шық

Жоба жасауда қойылатын талаптар?

Жобаны қалай жарнамалайсың?

Айқас тігіс қалай орындалады?

Кестелі бұйымдарды ата

Кестенің қандай түрлерін білесің?

VI.Бағалау

Оқушылардың жұмыстарына және берген жауаптарына қарай бағалау

VІI.Үйге тапсырма

Жұмысымызды үйде жалғатыру
























Шығармашылық жоба. Ши тоқу өнері.

Жобаның мақсаты:
Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы - ши тоқу өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.

Жобаның міндеті:
Қазақтың қолданбалы қолөнері жайлы білу;
Ши тоқу өнері жайлы мағлұмат беру;
Ши тоқу өнері технологиясын үйрену;
Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу.

Жобаның болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру.

Жобаның нысаны: Ши тоқу өнерін зерттеу, анықтау;

Жобаның нәтижелері:
Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Ши тоқу өнері туралы ізденген кезде менде бірнеше нәтижеге жету.

Жобаның кезеңдері:
Біріншіден, мен өзім зерттейтін жұмысымның тақырыбымен танысу.
Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, тоқуды үйрену.
Үшіншіден, жинаған жұмысымды талдау.







Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Кеткен шығынды есептеу

IV. Қорытынды

V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.











Кіріспе бөлім

Ши тоқу (орау)- бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға, киіз үйдің есігіне ұстауға, әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне (мәселен, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып, бүлінбеуі үшін солардың астына төсеуге, сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу т. б.) кеңінен пайдаланылады.

Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған аң ши ді көбінесе құрт, ірімшік т. б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады.










Негізгі бөлім

Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши, шым-ши (шымораулы ши). Халық қолөнерінің шеберлері сол жоғары айтылған өрнектелген шилерді қанат шилер деп атайды. Қазақ арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мәселен, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан көбінесе киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, шыптаға мал сойғанда, еттің астына салуға, сырғауыл салынған үйдің төбесіне жабуға ұстайды. Ал өне бойы түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды. Өнбойы тұтас емес, әр жерінен аралатын оралған шиді ораулы ши дейді.

Ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу науқан сияқты, ауыл азаматтарының бәріне ортақ жұмыстар. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып, орталарынан соятын қойын, қымызын дайындап, домбыра, қобыз алып, ұйымдасқан түрде кірісетін. Қазақтың «ши тарту биі», «ши шымылдық» дейтін ұлт ойындары содан қалған.

Тоқылатын ши мал аяғы баспаған соны жерден, жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді таңертең, кешке немесе жаңбырдан кейінгі шың кеппей тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп орайды.

Ши ораудың екі әдісі бар. Бірі - тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау, екіншісі - жаңа өрнек үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шиді бір-бірлеп өрнек бойынша әр түсті оралған шидің буындарын дәл келтіріп, санап отырып орайды. Оралған шилерді өрнегіне сәйкес өз алдына бөлектеп жіңішке шуда жіппен тізіп отырады. Жаңа өрнек үлгісімен орағанда оралатын шиді үлгінің үстіне салып өлшеп, санай отырып буындарға бөліп орайды. Оралып, өрнектеліп болған әрбір тал шиді сол талдың өзі үйлескен (мұны шеберлер «иындасқан» деп атайды) шиіне шуда жіппен бір шалып байластырып қояды. Соңынан тоқығанда оларды шатастырмай, осы қатарымен алып тоқиды.

Халық шаруашылығында шиді орап тоқумен қатар шиді, камысты, сыптығыр бұталарды байластырып тұрғын үй, мал қора салу, қар тоқтатқыш қалқандар тоқу, өзді-өзіи түйіп әр түрлі шыпталар, төсеніштер жасаудың да маңызы зор. Бұл әрі оңай, әрі арзанға түседі, әрі неше алуан мәнермен өрнектеліп тоқылады.

Шиден жасалатын заттар: алаша ши, ас шиі, аяқ қап, есік, кілем ши, киіз басатын ши, күрке, күзу шиі, қазан жапқыш, масақана, терезе жапқыш, етқана, жолым, ши қора, ши қалпақ, шыны қап т.б.





Өзіндік кұнын есептеп шығару.

Материалдар,бағасы (теңгемен)

1. Ақ ши-90 тг,Ши шыбықтары

2.Жіптер-200 тг, Тоқыма жіптер,

а) көк жіп-50 тг, Боялған жүн,

ә) ақ жіп-50 тг,Қайшы

б) сары жіп-50 тг, ине

в) жасыл жіп-50 тг, жіп

өрнек түрлері-320 тг.

3. Мата жиектеу үшін-20тг.

4. Шашаққа жіп, бау үшін-10тг.

Керекті құралдар.

Ши шыбықтары

Тоқыма жіптер

Боялған жүн

Қайшы

ине

жіп

Жарнамалау

а) өнімдік белгісі Ғажайып іс көріңіздер,

ә) жарнамалық сөздік Ши алуға келіңіздер.

б) фирманың аты Фирманың аты: «Асыл қазына»

в) мекен-жайы: №18 ЖББОМ КММ

г) бағасы.







Қорытынды


Халқымыз ши тоқудың қарапайым тәсілдерін қоланып келеді. Шиден аяқ қап, қазақ жапқыш, қорамсақ, терезе жапқыш, қар ұстағыш, төсеніш, т,б күнделікті өмірге аса қажет көптеген заттарды жасауға болады.

Ғылым, техниканың дамуына байланысты, ши тоқудың технологиясы да барынша жеңілдей түсті. Сондықтан осы өнерді жаңа қырынан танып, үйренуге, іске асыруға ниетті жаңа ұрпақ өсіп келеді.

Тоқыманың шиден өзге жүннен тоқылатын кең қолданысқа ие бірнеше түрі бар. Олар: алаша, басқұр, желбау, таңғыш. Әсіресе жүннен тоқылатын бұйымдарға деген қызығушылық тым жоғары. Өйткені ол табиғи, таза өнім. Ол үшін алдымен қырқылып алынған жүнді тазалап, шираған жіпке айналдырамыз.

Бұл тоқымаға қажетті жіпті қарапайым қазақы тәсілмен иіріп дайындау барысы. Ары қарай ширап, өлшемге лайықталған жіппен керекті бұйым тоқу жұмысы жалғасады. Жүннен астық салатын дағар, үстіге киетін шекпен, қолғап, шұлық тоқып пайдаланамыз. Сондай-ақ әр маусымда кюге ыңғайлы жеңіл киімдерді тоқуға болады.

Жүннен тоқылған әйелдерге арналған орамалдың бірнеше түрі бар. Мәселен, жібектен шашақтап тоқылғаны «бөртпе», жібек және матадан шашау шығармай, қалыңдау етіп тоқығаны «салы» деп аталады, торғын тектес үлпілдек, жұмсақ маталардан немесе ешкі түбітінен жасалған түрі «шалы» деген атпен белгілі. Әйелдер орамалының түйе, ешкі түбітінен тоқылған түрін кей жерде «бөкебай» деседі. Ал ер адамдарға арналған мойынға салатын жылы орамал мойын салғыш, оны Қызылорда мен Ақтөбеде шалма, Қостанайда мойынша, Орынборда шархан, кей өңірлерде мойын орағыш дейді.

Өнердің өрісін кеңейте түсудің бір жолы - жоғары, орта, арнаулы оқу орындарында сала бойынша кәсіби маман даярлау. Ал білім алып, тәжірбие жинаған тоқымашылар өз білгендерін кейінгі ұрпаққа үйретіп, аманаттайды. Өнердегі сабақтастық дегеніміз міне осы.

«Батыр адам қорқақты сүймес, шебер адам шорқақты сүймес». Ендеше шын шебері, майталман маманы бар тоқыма өнерінің ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа түпкі мәнін жоймай жалғаса, жандандана түсетіні даусыз.













Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


  1. Өмірбекова М.Ш. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Алматы.

  2. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы «Рауан»

  3. Өмірбекова М.Ш. энциклопедия. Қазақтың қолөнері.

  4. Көркем ши өнері және этномәдени білім//Қазақстан жоғарғы мектебі.-208-№4-Б














































Қазақтың қолөнері. Тоқыма өнер

Жобаның мақсаты:
Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы - тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.

Жобаның міндеті:
Қазақтың қолданбалы қолөнері жайлы білу;
Тоқу өнері жайлы мағлұмат беру;
Тоқыма тоқу технологиясын үйрену;
Қазақтың қолөнерін қастерлеу және қолөнер шеберімен кездесу.

Жобаның болжамы: осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды тоқтатпай әрі қарай жалғастыру.

Жобаның нысаны: тоқыма өнерін зерттеу, анықтау;

Жобаның нәтижелері:
Әрбір жұмысты істеген кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Тоқыма өнері туралы ізденген кезде менде бірнеше нәтижеге жету.

Жобаның кезеңдері:
Біріншіден, мен өзім зерттейтін жұмысымның тақырыбымен танысу.
Екіншіден, мәліметтерді жинақтап, тоқуды үйрену.
Үшіншіден, жинаған жұмысымды талдау.







Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Кеткен шығынды есептеу

IV. Қорытынды

V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.












Кіріспе бөлім

Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының "сегіз қырлы, бір сырлы"өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.
Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.









Негізгі бөлім

Тоқу өнері - қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі - тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.
Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері.
Зығыр
Мақта иірімжібі
Мохер
Жүн иірімжібі
Ангор
Кашемир
Альпак
Вискоза
Фасонды иірім жіп

Жүн - жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні - күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.
Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.
Ұршық - жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі -30мм.





Өзіндік кұнын есептеп шығару

(балалар пинеткасын тоқуға)

Материалдар

Бағасы (теңгемен)

1.Тоқыма жіптер - 500тг

2.Біз - 150 тг

Жарнамалау

а) өнімдік белгісі- Ғажайып іс көріңіздер,

ә) жарнамалық сөздік -Тоқылған киімдер алуға келіңіздер.

б) фирманың аты Фирманың аты: «Тоқыма әлемі»

в) мекен-жайы: №18 ЖББОМ КММ

г) бағасы - 2000тг










Тоқыма үшін қажетті құралдар:
1. Біз.
2. Жіп
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:
1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.
3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.

Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.

Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу, қысқарту, сирек те жиі тоқу арқылы жасалады.
Негізгі шалулар Ілмек бізбен іліп тоқу
Ілмек бізбен іліп тоқу технологиясы
Қолды дұрыс ұстау
Шалманың пайда болуы
Жарты бағанша немесе біріктіргіш бағанша
Шалмасыз бағанша
Шалмалы бағанша
Екі шалмалы бағанша
Тоқу түрлері: тура және кері қатарлармен тоқу
Айналдырып шеңбер жасай тоқу.

Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері - бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, пико, жарты бағанша және т.б.

Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді.


Қорытынды

Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы.
Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр - өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс.

Уақыт озған сайын қоғам дамуы жеделдей түсетіні айқын. Қазір еліміз өрлеу үстінде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы - адам.

Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту.
Бүгініміз бен келешегімізді нәрлі қайнарына айналдыру әрқайсымыздың борышымыз.








Пайдаланған әдебиеттер тізімі.


  1. Өмірбекова М.Ш. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. Алматы.

  2. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы «Рауан»

  3. Өмірбекова М.Ш. энциклопедия. Қазақтың қолөнері.

  4. «Қазақстан мәдениеті» энциклопедиясы.








© 2010-2022