- Преподавателю
- Технология
- Наурыз мерекесі құтты болсын! (Аппликация)
Наурыз мерекесі құтты болсын! (Аппликация)
Раздел | Технология |
Класс | 1 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Сагимбекова А.Н. |
Дата | 10.04.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі құтты болсын! (Аппликация)
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Наурыз мерекесінің тойлануы, мерекенің ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту.
Ә) Дамытушылық: Аппликацияның құрылымдарын анықтайды.
Б) Тәрбиелік: Бірлескен топтық жұмысқа төселу, қағаздарды ұқыпты ұстауға, дұрыс желімдеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету.
Сабақтың түрі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд (жапсырмалау)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сыныпты түгендеу
ә) Оқушыларды гүлдің түсі бойынша топқа бөлу (Ақ, қызыл, сары, көк)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-
Наурыз мерекесі бойынша не білеміз?
Дана: 22-наурыз Шығыс халықтары Жаңа жыл мерекесін тойлайды. Наурыз мерекесін халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Сол күні күн мен түн теңеледі.
-
Күннің жылынғанын қалай білеміз?
Ақнұр: Күннің жылынғанын қой ғана біледі, одан соң қойшы біледі. Жердің астынан ыстық келгенде қой аспанға қарайды.
-
Наурызда қандай тағам әзірленеді?
Айман: Наурызда аналарымыз наурыз көже пісіреді.
-
Наурыз көже неше дәмнен тұрады?
Арсен: наурыз көже жеті дәмнен тұрады. Олар: ет, ұн, арпа, жүгері, тары, қатық, бидай
-
Наурыз көженің қасиеті.
Назерке: наурыз көженің қасиеті мол. Көктемнің көк өзек уақытында наурыз көже ішсең күш - қуатың артады, денсаулығың нығаяды.
-
Наурызда қандай ұлттық ойындар ойналады?
Елан: бәйге, көкпар, аударыспақ, асық, алтыбақан
-
Киіз үйді көргендерің бар ма?
Зере: Киіз үй мал бағуға қолайлы, көшіп - қонғанға ыңғайлы баспана.
ІІІ. Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға жаңа тақырып мәтінін оқыту.
Сарамандық жұмыс.
Наурыз мерекесіне орай бүгінгі сабағымызда «Наурыз мерекесі құтты болсын!» тақырыбында түрлі-түсті қағаздан аппликация жасаймыз. «Қауіпсіздік ережесін» міндетті түрде есте сақтаймыз. Интерактивті тақтада слайд арқылы жұмыстың жасалу реті беріліп отырады. Р. Рымбаеваның «Наурыз тойы» әні шырқалады.
Жұмыстың реті:
-
Фон үшін үшін жасыл түсті қағаз таңдап алады.
-
Көк түсті қағаздан аспан көрінісін қиып алып, негізгі фонның жоғарғы бөлігіне орналастырады.
-
Күннің, бұлттың пішінін қиып алып жоғарғы бөлікке жапсырады.
-
Қоңыр түсті қағаздан киіз үйдің пішінін қиып алып жапсырады. Киіз үйдің сыртын безендіреді.
-
Қазан мен самаурынды үлгідегіде көрсетілгендей қағаздан қиып алып, негізгі қағазға жапсырады.
-
Түрлі - түсті қағаздардан әртүрлі гүлдер қиып алып жапсырады.
Көріністі толықтырады.
ІҮ. Қорытындылау:
-
Аппликация дегеніміз не?
-
Алғаш аппликацияны неден жасады?
-
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Ералы: «Наурыз тойы» тақпақ.
Ү. Бағалау .
Топ басшылары бір - бірін бағалайды.
«Ә.Қастеев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Наурыз мерекесі
құтты болсын!
(Аппликация) 1а сынып
Технология пәнінің мұғалімі
Бейсембаева М.А.
2014-2015 оқу жылы