• Преподавателю
  • Технология
  • Иық бұйымдарын әзірлеу Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдарын әзірлеу технологиясы. Сарамандык жұмыс Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға иық бұйымдарын әзірлеу технологиясымен, кететін мата молшерін есептеуді, пішімді

Иық бұйымдарын әзірлеу Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдарын әзірлеу технологиясы. Сарамандык жұмыс Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға иық бұйымдарын әзірлеу технологиясымен, кететін мата молшерін есептеуді, пішімді

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Иық бұйымдарын әзірлеу

Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдарын әзірлеу технологиясы.Сарамандык жұмыс

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға иық бұйымдарын әзірлеу технологиясымен, кететін мата молшерін есептеуді, пішімді матаға орналастыруды, пішу ережесімен,ақауларды жөндеуді үйрету.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту,білімдерін іс жүзінде көрсетуге ықпал ету,алған білімдерін сарамандықпен ұштастыру,техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауын қадағалау.

в) Дамытушылық: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбекпен тәртіпті сүюге, әсемдікпен әдемілікті сүюге тәрбиелеу,өнерге деген қызығушылығын арттыру,топпен жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, қиып корсету,сүрақ - жауап, сарамандық жұмыс.

Сабақта күтілетін нәтиже:

1.Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

2.Ойлау есте сақтау қабілеті артады.

3.Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырып отырады.кей сызба

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау карта, жұмыс дәптері, камзол, сызба негізі,сарамандыққа қажетті құрал - жабдықтар

Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу өнері.

Қажетті құрал - жабдықтар: масштаб сызғыш, сантиметрлік лента, сызу аспаптары, қағаз, мата, ине, жіп, қайшы.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құрал - жабдықтарын тексеру



  1. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақ бойынша тест сұрақтар.

1.Тұрақты қолданылатын қол инешаншымына:

А)торлау

Ә)көктеу

Б)көшірмелік

В)инешаншым алға қарай

Г)инешаншым артқа қарай

2.Түкті маталарды пішу кезінде түгінің жату бағытына қарай орналастыруды есте сақтау керек.Бұйым түгі қалай қарайды?

А)жоғарыдан төменге

Ә)төменнен жоғарыға

Б)оңнан солға

В)солдан оңға қарай

Г)қалай қарасада болады

3.Камзолды қандай матадан тігеді?

А)барқыт

Ә)штапель

Б)жүн

В)шұға

Г)атлас

4.Силует дегеніміз не?

А)киім элементтерінің үйлесімдігі

Ә)көлемді пішімдегі киімді көрермен көзімен қабылдау

Б)көркем мәнерлі құралдар

В)аттас топтағы бұйымдардың айырмашылығы

Г)бұйым эскизі

5. Көркем модельдеу дегеніміз не?

А)әр түрлі әшекейлі өңдеуді пайдаланып, бұйымның сыртқы түрін өзгерту

Ә)көлемді пішімдегі киімді көрермен көзімен қабылдау

Б) бұйым эскизі

В)аттас топтағы бұйымдардың айырмашылығы

Г) киім элементтерінің үйлесімдігі

6. Техникалық модельдеу дегеніміз не?

А)киім элементтерінің үйлесімдігі

Ә)көлемді пішімдегі киімді көрермен көзімен қабылдау

Б)көркем мәнерлі құралдар

В) әр түрлі әшекейлі өңдеуді пайдаланып, бұйымның сыртқы түрін өзгерту

Г)таңдалған модельге сәйкес пішімнің сызбасын өзгерту

7. Артқы бойдан алдыңғы бойдан айырмашылығы қандай?

А)мойын ойындысы терең ойылған

Ә)артқы бой ұзындау болады

Б)алдыңғы бой ұзындау болады

В) қолтық ойындысы бірдей

Г)ешқандай айырмашылығы жоқ

8.Бұйым ұзындығын қалай қыскартамыз?

А)өзімізге қажетті ұзындықты белгілеп, артығын қиып тастаймыз

Ә)артқы бой ұзындау қылып қиып тастаймыз

Б)алдыңғы бой ұзындау қылып қиып тастаймыз

В) қолтық ойындысы бірдей қылып қиып тастаймыз

Г)қысқартылмайды

9.Модель дегеніміз не?

А)әр түрлі әшекейлі өңдеуді пайдаланып, бұйымның сыртқы түрін өзгерту

Ә)көлемді пішімдегі киімді көрермен көзімен қабылдау

Б) бұйым эскизі

В)аттас топтағы бұйымдардың айырмашылығы

Г) көрінісі, пішіні, материалы бойыеша жаңа үлгі

10.Иықты киімге жататындар:

А)көйлек

Ә)блузка

Б) камзол,бешпент

В)пальто,куртка

Г) барлық жауап дұрыс

III Жаңа сабақ

1.Сөзжұмбақ шешу.Тақырып шығару.

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебінің технология

пәні мұғалімі ШАМЕКЕНОВА ГУЛНУР



© 2010-2022