• Преподавателю
  • Технология
  • Техкарта: Камаз-5320 автомобилінің ауа қысымымен басқарылатын тежеуіш жүйесін, тежеуіш механизмдерін жөндеу

Техкарта: Камаз-5320 автомобилінің ауа қысымымен басқарылатын тежеуіш жүйесін, тежеуіш механизмдерін жөндеу

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


ЦИКЛ № VІ Жұмыс орны № 19

Технологиялық нұсқау карта № 28

Тапсырма: Камаз-5320 автомобилінің ауа қысымымен басқарылатын тежеуіш жүйесін, тежеуіш механизмдерін жөндеу.

Сабақтың мақсаты: Автомобильдердің ауа қысымымен басқарылатын тежеуіш жүйесінің және механизмдерәінің атқаратын қызметін, құрылысын, жұмысын оқу, автомобильден агрегаттардың орналасуларын қарау, автомобильден агрегаттарды түсіріп алу, агрегаттарды бұзу, детальдардың ақауларын анықтап дефектілеуді, жарамсыз детальдарды ауыстыру, кері жинау және реттеулерін практикалық жұмыс істеп үйрену.

Сабақтың ұйымдастырылуы: Әр студент тапсырманы жеке және звеномен бірге орындайды.

І. Негізгі қауіпсіздік техникалық ережесін сақтау.

ІІ. Инструмент және құрал жабдықтар: Камаз-5320 автомобилі, орта набор кілт, слесарь верстагі тискиімен, домкрат, подставка, арнаулы әмбебап съемнигі, отвертка, балға, плоскозубцы, бородок, арнаулы кілттер, тасымалданатын лампа.

Рет саны

Тапсырманың мазмұны және орындау тәртібі.

Техникалық ереже.

І

Автомобильдердің тежеуіш жүйесін және тежеуіш механизмдерін бұзған және жинаған кезде негізгі техникалық қауіпсіздік ережесін қайталап оқып шығу.

ІІ

Тежеуіш жүйесі және тежеуіш механизмі агрегаттарының автомобильде орналасуын және бір бірімен байланысын қараңдар, атқаратын қызметін, құрылысын және жұмысын оқыңдар.

ІІІ

Камаз - 5320 автомобилінің тежеуіш жүйесі.

1

Автомобильден тежеуіш жүйесінің басқару органдарын қарап, олардың бір бірімен байланысын, жұмысын оқыңдар.

2

Автомобильдің тежеуіш жүйесінің басты магистралынан компрессорды және қысым ретегішін, антифриз насосын, ауа баллонын түсіріп алыңдар.

Тежеуіш жүйесінің қысым реттегіші басты магистрал жүйедегі қысымды 6,2-7,5 кгс/см2 аралығында реттеп отырады. Жүйедегі ауа қысымы 15 минуттың ішінде 0,5 кгс/см2 түсіп кетсе жүйеден ауа шығады, тежеу жүйесі дұрыс жұмыс істемейді деген сөз.

3

Компрессорды, антифриз насосын, қысым реттегіштерін бұзып, құрылысын оқып, дефектілеп, қайта жинаңдар, сақтандырғыш клапанның және ауа алатын кранның құрылыстарын оқып ауа баллонын орнына бекітіңдер.

Антифриз насосына этил спирті құйылады және қыс кезінде

2 сағат сайын қосып тұру керек.

4

Автомобильден жұмыс тежеуіш жүйесінің кранын, тежеу камераларын, екі, үш, төрт контурлы клапандарды түсіріп алыңдар, бұзуға қойған агрегаттарды бұзып, құрылысын және жұмысын оқыңдар, автомобиль агрегаттарын қайта орнына бекітіңдер.

Тежеу педалінің бос жүрісі 20-30 мм аспай керек. Барабан мен колодканың арасындағы саңылау 0,2-0,4 мм аспау керек.

5

Жұмыс тежеуішін тежеу педалін басу арқылы қосады. Бұл кезде ауа қысымы автомобильдің барлық тежеу камераларына барып тежеу механизмдерін іске қосады және тіркеменің де тежеу жүйесі іске қосылады. Бұл жағдайда екі баллондағы ауа қысыммен ортаңғы белдік пен артқы белдіктердің тежеу камераларына барады, ал бір баллондағы ауа қысыммен алдыңғы осьтің тежеу камераларына барып тежеу механизмдерін іске қосады.

6

Қол және артық тежеу жүйесінің құрылысын және жұмысын автомобильден қарап, агрегаттарын автомобильден түсіріп, бұзуға арналған кранды, тежеу камераларын, энергоаккумуляторды арнаулы стендіде бұзып, құрылысын оқыңдар, дефектілеп, қайта жинаңдар, агрегаттарын автомобильге қайта бекітіңдер. Артық тежеу жүйесін жұмыс тежеу жүйесінің орнына немесе істемей қалғанда пайдалануға болады, артық тежеу жүйесін қосқан кезде екі баллондағы ауа қысымы автомобильдің ортаңғы және артқы белдіктерінің тежеу камераларына барып тежеу механизмдерін іске қосады. Қол тежеуішін жүргізушінің оң жағындағы рычакты жоғарғы фиксация жасалған жағдайға келтіріп қосамыз. Бұл кезде ортаңғы және артқы белдіктің энергоаккумуляторларындағы ауа қысымы сыртқа шығып кетеді де, пружина серпіліп тежеу механизмдерін іске қосады.

7

Авариялық жағдайда ортаңғы және артқы белдіктің энергоаккумуляторларынан авариялық кран арқылы шығарып жібереміз немесе өздігінен тежеу жүйесінен ауа шығып кетсе пружиналар серпіліп тежеу механизмдерін іске қосады, ауа болмай, автомобильді алып кету керек болған жағдайда энергоаккумулятордың үстіндегі болтты бұрау арқылы ажыратамыз.

8

Қосымша тежеу жүйесінің агрегаттарын автомобильден қараңдар, құрылысын және жұмысын оқыңдар, бұзуға арналған агрегаттарды бұзып кранның, пневмоцилиндрлердің құрылысын оқыңдар. таул жерлерде ұзын еңкеулерден түсер кезде қосылады, бір ауа қысымымен басқарылатын цилиндр қозғалтқыш насосының ретегішіне әсер етеді де, жанар май берілуін тоқтатады, ал екі ауа қысымымен басқарылатын цилиндр қозғалтқыштың жанған газдар шығатын трубаларын заслонка арқылы жабады да жанған газдың сырқа шығуына кедергі жасайды да, қозғалтқыштың кривошипті шатунды механизм жұмысына кедергі жасай отырып, қуат берілісі арқылы автомобильдің жетекші доңғалақтарының айналысына кедергі жасайды.

9

Плакат арқылы тежеу жүйесінің негізгі бөліктерін және олардың қалай жұмыс істейтіндерін қараңдар. Тежеу жүйесін қауіпсіз жұмыс істеуі үшін, бір бірімен байланыссыз бес контурға бөлген, бір контурдан ауа шығып кеткен жағдайда контурлы клапандар арқылы қалған контурлар жұмыс істейді.

10

Контурлардың қалай жұмыс істейтінін анықтаңдар: І-контур алдыңғы доңғалақтың жұмыс тежеуіш жүйесі; ІІ-контур ортаңғы және артқы белдіктің жұмыс тежеуіш жүйесі; ІІІ-контур қол және артық тежеуіш жүйесі; ІV- контур қосымша тежеуіш жүйесі; V-контур авариялық тежеу жүйесі.

Тежеу жүйесіндегі І-контурдағы ауа қысымын манометрдің үстіңгі шкаласы арқылы, ал ІІ-контурдағы ауа қысымын манометрдің астыңғы шкаласы арқылы бақылап отырады. Қозғалуды жүйедегі ауа қысымы 0,5 МПа жеткеннен кейін төрт сигналдау лампасы өшіп, зуммер дыбысы жойылғаннан кейін ғана бастауға болады.

11

Автомобильден тежеу жүйесінің құрама бөліктерінің жұмысын және бір-бірімен байланысын қараңдар.



Бақылау сұрақтары:

1.Тежеу камерасының құрылысында қандай айырмашылық бар екендігін анықтап айтыңдар ?

2.Компрессор және қысым реттегіші қалай бірігіп жұмыс істейтіндігін оқып анықтаңдар ?

3.Компрессордың жетекші ременінің тартылуы қалай реттеледі ?

4.Энергоаккумулятордағы пружина не үшін керек ?

5.Зил-130 және Камаз-5320 автомобильдерінің тежеуіш жүйелерінің қандай айырмашылықтары бар ?






© 2010-2022