«Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы» cабақ жоспары

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Уақыт: 45мин

Сабақтың тақырыбы: «Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы»

Сабақтың мақсаты: Ағашты біріктіру технологиясы және түрлерімен таныстыру

Оқыту - Ағашты қарапайым біріктіру жолдарына үйрету

Дамыту - Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін дамыту. Жұмысты орындауға, ептілікке деңгейін баулу

Тәрбиелеу - Оқушылардың өз елін, халқын сүюге, қазақ өнерін құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлтына деген мақтаныш сезімін ояту, эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың оқыту әдісі: көрнекілік арқылы түсіндіру, нұсқау беру

Көрнекіліктер: нұсқа картасы

Керекті құрал - жабдықтар: ағаш, нагель шеге, желім, бұранда, сызғыш, карындаш, зімпәра қағаз.

Жұмыстың ұйымдастыру түрі: топтық

Пәнаралық байланыс: технология, математика, сызу, бейнелеу өнері

Қолданылған әдебиеттер:

1) Оқушыға: Өстеміров К. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2003. -208.

2) Мұғалімге: Өстеміров К.Ө. Технология. Жалпы орта білім беретін мектептердің 5-7 сыныптарына арналған бағдарламалар. - Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2004. - 16б., Өмірбекова М.Ш. Қазақтың ою-өрнектері. - Алматы: Өнер, 2005. - 563б. Өстеміров К. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2003. - 208. 7-сынып әдістемесі, 7-сыныптың дидактикалық материалдары

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі

I - Себептік бөлім

II - Іс - әрекеттік бөлім

III - Рефлексиялық бөлім

Сабақтың мазмұны:

Iс Себептік бөлім - 2 мин.

Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгін сабақта кім жоқ? Олай болса балалар бүгін жаңа тақырып өтеміз. Жаңа тақырыбымыз «Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы». Яғни ағаш бөлшектерін қалай біріктіру керектігін және оның түрлерімен танысамыз. Түсінікті ме балалар? Олай болса сендердің дайындықтарыңды тексерейік. Жаңа сабаққа дайынбыз ба?

Жаңа сабақты түсіндіру -10 мин

Ағашты біріктіру туралы мәлімет беру және түрлерімен таныстыру.

Ағаштан жасалатын бұйымдардың және бөліктерін құрастыру үшін қолданылатын біріктіру әдістерінің кең тараған тағы бір түрі желімдеу. Ағаш материалдарын ұзындығы, қалыңдығы және ені бойынша бір -біріне желімдеуге болады. Желімделген элементтерді дайындау үшін көбінесе қылқанды ағаш текті (шырша, қарағай) материалдар мен синтетикалық шайыр негізіндегі желімдерді пайдаланады. Желімнің түрін ағаш қасиетіне байланысты таңдап алады. Синтетикалық желімдер ылғал мен шіріңді әсеріне өте төзімді болып, ағашты бір - біріне тым берік етіп желімдеуге мүмкіндік береді. Желім ерітіндісін дайындау процесі мен оны желімдеу тәртібі қарапайым, сондықтан да жалпы өндірісте қолдануға ыңғайлы: бұл процесс пресс астында ұзақ ұстауды талапетпейді, ал аздап жылыту арқылы желімдеу уақытын қысқартуға болады, Желім қабаты желімдеу кезінде негізінен дымқылданбайды, престен алынғаннан кейін көп ұстауды қажет етпейді. Барлық желіммен біріктіру жұмыстары тек қолдануға рұқсат берген желімдер арқылы орындалады.

Шабақ көмегімен құрастыру. Ағаш бұйымдардың кесінділерін шабақтар арқылы біріктіреді. Ол екі элементтен: шабақтан, ойықтан немесе құлақшадан тұрады. Шабақ кеспелтек кесінділердің ұшындағы шығыңқы жері, ол басқа бір ағаштың ойығына немесе құлақшасына сәйкес болады. Шабақтар жекеленген, қосарланған және көптеген ретті, яғни екеуден де көп болады.

Шеге арқылы біріктіру есептеу жолымен анықталады, ал кейбір жағдайда мысалы еден төсеуде, қабырғалық жабдықтар орнатқанда, қосалқы қабырғалар салғанда және т.б. шеге саны конструктивті түрде (шамамен) белгіленеді.

Шуруп (бұрандалы шеге) - цилиндр формалы, төменгі жағында кесігі бар металл стержень болып табылады. Шуруптардың қалпақшасы жартылай дөңгелек (ГОСТ 1144-80), жасырын (ГОСТ 1145 -80) немесе жартылай жасырын (ГОСТ 1146 -80) түрінде болады.

Болт көмегімен біріктіру. Ағаш бұйымдардың бөлшектерін бір - біріне және басқа денелерге бекітіп, орнату, біріктіру үшін болттар қолданылады. Болт екі бөліктен тұрады: цилиндр формалы, төменгі жағында кесігі барметалл стерженьнен және ішінде кесігі бар қырлы гайкадан тұрады. Болтты алдын ала тесілген тесіктерге орнатады және біріктірілетін бөлшектердің тесікше орындары бір - біріне сәйкес болуы керек.

Жоғарыда аталған біріктіру әдістері көбіне құрылыс конструкциялары мен жиһаз бұйымдарын дайындау кезінде қолданылады.

Қалқанды желімдеу. Дайындалған ағашты ұзынынан және көлденеңінен жартылай дайындалған өнімге кеседі. Егер ағаш оюшыға кең тақтай керек болса, онда оны бірнеше тар тақтайдан желімдеу арқылы жасайды. Желімделінгенен кейін тақтайдың ені 50мм ден 100мм дейін болады. Желімдеуге дайындалған тақтайлардың шетін 90º жонады. Жонылған жердің сапасын тексереді, себебі дұрыс жасалмаса тақтай жарылып кетеді. Жонылған жартылай дайындалған өнімді арнайы үстелге қойып, ағаштың түсін, суретін, текстурасын ескере отыра, шеттеріне желімді жағып, бұрамамен қысады. Үлкен көлемді қалқанды жасау үшін, дайындалған өнімдерді шет жақтарымен желімдеу керек, ал үлкен кесікті қалқанды жасау үшін - қыртыстарымен.

Қысуды қолдана отырып желімдеу. Қысудың ең ыңғайлы да қарапайым қолданысы - бұл ұсақ-түйек дүкенінде сатылатын рәзеңке бау. Түрлі жағдайларды ескере отырып, полиэтилендік қалтада үнемі осындай баудың әр түрлі ұзындық қиығын сақтау керек. Бірнеше орауы бар баудан туындаған кергіш күші мықты болғандықтан бір бөлшекті екінші бөлшекке қарай жылжытып жібереді немесе желімді барынша қысып шығарады. Мұндай жағдайда бөлшектерге ыстық желімді қайтадан жағу керек және жылжып кетпес үшін қосылған жерін баумен орап тастау керек. Кейде мықты болу үшін бөлшекті кішкене шегемен шегелеп тастайды.

Енді балалар технологиялық карта бойынша сарамандық жұмыс істеуге кірісеміз.

Кесте 4. Ағаш бөлшектерін қарапайым біріктірудің технологиялық картасы

Рет саны

Жұмыстың атқарылу кезегі

Құрал - жабдықтар

Бұйымның нобайы

1

Дайындалған ағаш материалының мөлшерін тексеріп көру


Жұмыс үстелі, өлшеуіш сызғыш,үш бұрышты сызғыш

«Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы» cабақ жоспары

«Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы» cабақ жоспары

2

Дайындалған ағаштың шетінен сызғышпен өлшеп алып, қарындашпен сызып нұсқасын салу

Жұмыс үстелі, өлшеуіш сызғыш, карындаш, сегіз бұрыштың дағдылы (шаблон) үлгісі

«Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы» cабақ жоспары

3

Дайындалған ағаш материалын салынған белгі бойынша бұрғы, тік жүзді қашау арқылы паз жасау және екінші дайындалған ағаштың шетінен салынған белгі бойынша шип жасау

Жұмыс үстелі, бұрғы, тік жүзді қашау, балға



«Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы» cабақ жоспары

4

Дайындалған ағаш материалдарын егеуқағазбен тазалау


Егеуқағаз, егеу

«Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы» cабақ жоспары

5

Дайындалған ағаш материалдарына желім жағу

Желім ПВА

«Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы» cабақ жоспары

6

Дайындалған ағаш материалдарын біріктіру



Ағаш балға, бұрыш

«Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы» cабақ жоспары

7

Дайындаманы нагель шегемен бекіту және егеуқағазбен тазалау


Ағаш балға, нагель шеге, бұрғы, қарындаш, сызғыш, егеуқағаз,егеу



«Ағаш бөлшектерін біріктірудің қарапайым технологиясы» cабақ жоспары

Сарамандық жұмыс -20 мин

Жаңа сабақты пысықтап, теориялық мәнін түсінгеннен соң қорытындылап, практикалық бөліміне көшеміз. .

Қорытынды-3мин

Бағаналардың сапасын тексеріп, оқушыларға кемшіліктерін ескерту.

Жұмыс орнын жинақтау

Балалар жұмысты орындаған соң, құрал-жабдықтарды орын-орындарына қойып, жинайды.

Бағалау - 2 мин

Балалардың жасаған жұмыстарына қарап бағалаймын.

Үйге тапсырма беру - 2 мин

ІІІ Рефлексия- 5 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіңдер ме ?

Сарамандық жұмыста не істедіңдер?

Ағашты біріктіру түрлерін есте сақтадыңдар ма?

Ағашты біріктірудің әдістері қандай?


© 2010-2022