Шебер көп жерде өнер көп (сыныптан тыс сабақ)

Тақырыбы:   «Шебер көп жерде өнер көп» Мақсаты:  Білімдік: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, біткен істерін талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.                                                                                                                 Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттерін, өнерге қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, бұйым жасау түрлеріндегі іс-әрекетте білім мен шеберлікті дамыту.                                            ...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Шебер көп жерде өнер көп»

Мақсаты:

Білімдік: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, біткен істерін талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету. Дамытушылық: Өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттерін, өнерге қызығушылықтарын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, бұйым жасау түрлеріндегі іс-әрекетте білім мен шеберлікті дамыту. Тәрбиелік: Бұйымның тиімділігі мен қажеттілігін түсініп, топтаса отырып эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеуге, шеберліктерін арттырып, бұйымды істеу кезінде уақытты тиімді пайдаланып, жинақтылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар. Әдісі : сұрақ-жауап. Түрі : сайыс

Барысы

Өнер білім еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан,

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы тұнған бір,

Өнер қуған ұрпақпыз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Шебер көп жерде, өнер көп» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды екі топқа бөліп топтарға ат қою.

І топ. «Шебер»

ІІ топ. «Өнер»

Біздің сайысымыз 5 кезеңнен тұрады

1-кезең. «Таныстыру»

2-кезең. «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық»

3-кезең. «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

4-кезең. «Мақал сөздің мәйегі»

5-кезең. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз»

Сайысымызды бастамас бұрын өнерді бағалайтын әділ қазылар алқасын сайлап аламыз.

«Шебер көп жерде, өнер көп» сайысымызды бастаймыз.

1-кезең. «Таныстыру»

Өнер қуып шеберлер өтер деймін.

Бір басына өнері жетер деймін.

Сайысқа түскен екі топ кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

(Әр топ өздерін таныстырып өтеді)

2-кезең. «Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық»

Берілген жұмбақтарды шешумен қатар өздері де дайындап келген жұмбақтарды екі топ бір-біріне жасырып шешімін табады.

3-кезең. «Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Ою-өрнек қарасаң,

Өңкей мүйіз тігілген.

Қайсысын қаласаң,

Қиып ал сызған ізіңмен - деп екі топ ою өрнек қиып парақ бетіне жапсырмалап оны түсіндіріп қорғап шығады.

4-кезең. «Мақал сөздің мәйегі»

1.Білім туралы.

2.Өнер туралы.

3.Еңбек туралы мақал мәтел айтып жарысу.

5-кезең. «Он саусағы майысқан, шебер болар ұрпақпыз»

Екі топ жұмыртқаның қабығынан ұсақтап «Қызғалдақ» панносын ұқыптылықпен, шеберлікпен жылдам жасап шығу.

Қорытындылау.

Көгере бер, көркейе бер, өсе бер,

Өмір жолы еңбекпенен шешілер.

Шыңға шығар шынар болып шынайы,

Кездеспесін ешқашанда кесілер - деп бүгінгі жарысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілей отырып, сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі. Қатысқан топтарға рахметімізді айтамыз. Осымен сайысымызды қорытындылаймыз.





© 2010-2022