Есік құрылымының түрлері. Қаңқалы есіктерді жасау технологиясы

Раздел Технология
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есік құрылымының түрлері. Қаңқалы есіктерді жасау технологиясы

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Есік түрлерімен танысу.

Қаңқалы есіктерді жасау ды үйрету

ә) тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: ағаш кесінділерінің алуан түрлі болатынын, оның қолдану салаларының да өте кең екенін түсіндіре отырып, оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пән аралық байланыс : математика,биология

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Көрнекіліктер: ағаш кесіндісінің суреттері, плакаттар, интерактивті тақта, кітаптар, журналдар, сөзжұмбақ, кесте, ағаш туралы әзіл өлеңдер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

ЕСІК ТҮРЛЕРІ

Есіктердің бірнеше түрлерін айрықша атауға болады.

  • Ені 850 мм, бір бағытқа ашылатын есіктер;

  • Екі бөлімнің бір жағы ашылатын есіктер;

  • Бірдей екі бөлімі екі бағытқа ашылатын есіктер.

Мұндай есіктердің биіктігі шамамен 2000 мм болады.

Сонымен қатар, торкөзделген, қималанған, әйнектелген есіктер қолданылады.

Есіктің жаймасы (полотно) 30 мм - 50 мм аралығында болады.

Белдікті (шпонка) есіктер де жиі кездеседі. Мұндай есіктердің ерекшелігіне беріктік, қарапайымдық және жылу сақтау қасиеттерін атап өтуге болады. Есіктер қалыңдығы 40-50 мм-лік тақтайшалардан құрастырылады. Тақтайшалардың жиектеріне ширек немесе тығын қағылады. Дайын болған тақтайшалар қатарлап тегіс жинақталады, жіктері біріктіріледі. Жіктері конуспен қағылады. Оның қалыңдығы тақтайшаның 1/2-1/4 бөлігіндей. Жіктің қалыңдығы табанында 50 мм, жоғарыда - 35 мм болу керек. Белдіктер қарапайым немесе құйылған түрде, трапеция пішінді болады.

Үйде жылжымалы есіктерді де орнатуға болады. Жылжымалы есіктерді сыртқы есіктер үшін қолданған тиімсіз. Оларды әдетте ішкі бөлмелердің есіктері үшін қолданады.

Есікті қолдан жасауға да болады. Есік неғұрлым қарапайым болса, оның қолданылуы да жеңіл. Ең жеңілі - қаңқалы (каркасты) есіктер. Қаңқалы есіктерді қалыңдығы 30 мм және жалпақтығы 40 мм ағаш кесектерінен құрастырып, екі жағын жұқа шеремен (фанерамен) қаптайды.

Жылжымалы есіктердің қорабының жоғарғы және төменгі жақтаулары жалпақ болу керек, өйткені оған роликтер бекітіледі. Роликтердің диаметрі әртүрлі болуы мүмкін. Роликтер еденге бұрандалы шегелермен бекітілген бағыттауыш бойымен қозғалады

Есіктер түзу болуы керек және пайдалану кезінде келесі талаптар орындалуы тиіс:

- герметизирленген тозған және шынылау нығыздағыш материалдарын ауыстырып отыруы керек (алты жылда кемінде 1 бір рет);

- кіреберіс есіктер 2 жылда кемінде бір рет ластанудан тазартылуы тиіс (көктемде және күзде);

- ағаштан жасалған терезе түптеулері, есік сүлгілері және жарық шамдары алты жылда 1 рет боялуы тиіс.

- кірпішпен және бетон беттерімен жанасқан терезе және есік блоктарын жөндеу және ауыстыру барысындағы ағаш бөлшектері.

Пайдалану кезінде тиым салынады:

- сыртқы есіктің саңылаулары 1 мм көп болуы;

- қылқима есіктерінің жұқа тақтайларының тондануы;

Есік құрылымының түрлері. Қаңқалы есіктерді жасау технологиясыЕсік құрылымының түрлері. Қаңқалы есіктерді жасау технологиясыЕсік құрылымының түрлері. Қаңқалы есіктерді жасау технологиясы

Бағалау.

Қортындылау:

Үй тапсырмасы:



© 2010-2022