- Преподавателю
- Технология
- Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»
Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»
Раздел | Технология |
Класс | 8 класс |
Тип | Рабочие программы |
Автор | Омирзаков Е.Т. |
Дата | 13.02.2016 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
І. Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс
« Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»
ІІ. Сабақтың мақсаты:жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс
істеудің сарамандық дағдысын игеру.
ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс
ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.
-
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
VI.Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
-
Ұйымдастырылуы оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу - 3 мин
-
Жұмысты орындау реті:
-
Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу.
-
Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;
-
Ағашты талшық бойымен тігінен кесу;
-
Қол арамен кесу.
Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.
Кесу - ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.
Кесінді - дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.
Аралап кесу - әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.
Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.
Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына - жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына - қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.
Жақ тәрізді ара дегеніміз - жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады.
Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті - дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті - бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті - қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.
Қол ара - жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.
VII. Сабақты қорытындылау:Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,
талқылап бағалау.
VIIІ. Үйге тапсырма: §6.2. оқулықтың 47-48 беттері
ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер: