Технология Тігін машинасының құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі 6 сынып

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 23.11.2015ж Сыныбы:6 Пәні: Технология Тақырыбы: Тігін машинасының құрылымы, қызметі және жұмыс істеу принципі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тігін машинасының құрылымы, қызметі,жұмыс істеу принциптерін меңгере отырып,білімдерін қалыптастыру. Тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.

Тәрбиелік: тігім жүргізу кезінде ұқыптылыққа,зейінділікке, тігін машиналарын күтіп ұстауға және жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу,жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтап,дұрыс отыруларын қадағалау.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін,көргендерін есте сақтап,оны қайта жаңғыртуға, дербестік қасиеттерінің дамуына жағдай жасау.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақ түрі: аралас

Сабақтың әдіс- тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: «JANOME» тігін машинасы, қол машинасы, суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың құрал-жабдықтары: қайшы, ине, жіп,байқау тігімдеріне арналған мата қиықтары,

М1:4 сызғышы,және т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Маталардың сұрыпталымы дегеніміз не?

2.Табиғи талшықтар нешеге бөлінеді?

3.Жібек құртының дамуы неше сатыдан өтеді?

4.Жібек шаруашылығы қай елдерде дамыған?

5.Піллә жібінің ұзындығы қанша болады?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақ бастамас бұрын оқушыларға жұмбақ жасырамын.

« Өзгеге киін деймін, өзім киінбеймін»

(Жауабы: Тігін машинасы)

Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі-тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына, жалпы құрылымына, құрлысына тоқтала өтейік.

Тігін машиналары

Қол жетекті. Аяқ жетекті. Электр жетекті.

ХV-ғасырда Леонардо до Винчи -тігін машинасының жобасын ұсынды.

1755 жылы Карл Вайзенталь - бір жіпті қол тігісін жүргізетін инесі бар машина ойлап тапты.

1834 жылы Уолтер Хант-шөрнекті машина жасады. Бұл машинаның кемшілігі:астыңғы жіптің реттеуіші жоқ еді.

1844-1845 жылы Элуос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды.

1850-1851 жылы Исакк Зингедің күшімен 10 күн ішінде қазіргі замандағы машина түрлерінің негізі дүниеге келді.Зингер қол жетектеп бастап, аяқпен жүргізетін қондырғыны ойлап тапты.

1870 жылдан бастап АҚШ- та «Зингер» фирмасы кеңінен етек жайды.

1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында «Зингер»зауытын ашты.Онда шетелден әкелінген машина бөліктерінен тігін машинасын құрастырды.

1917 жылдан кейін бұрынғы Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыты іске қосылды .Машиналардың сыртқы дизайны да ерекше әшекейленіп,фирманың белгісін жазатын болды.


Тігін машиналары әмбебап және арнайы болып бөлінеді.

Әмбебап тігін машинасымен сыртқы түрі мен қолданылуына қарай әртүрлі тігімдерді тігуге болады.

Арнайы машина белігі бір операцияны орындайды, мысалы, түйме тігу, бекітпе жасау, түймелік торлау және т.б.

Өндіріске көбіне арнайы машиналар, ал тұрмыста әмбебап тігін машиналары қолданылады.

Дәптермен жұмыс:

Тігін машиналары әмбебап және арнайы болып бөлінеді.

Әмбебап тігін машинасымен сыртқы түрі мен қолданылуына қарай әртүрлі тігімдерді

тігуге болады.

Өндірісте көбіне арнайы машиналар, ал тұрмыста әмбебап тігін машиналары қолданылады.

Тігім ақаулары:

-бос тігім,

-қатты тартылған тігім,

-үстіңгі жіптің іркілуі,

-астыңғы жіптің іркілуі және т.б. болуы мүмкін.

ІV. Бекіту:

1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина,аяқ машина,электрлі машина, арнайы машина)
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)
3. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты? (1850-1851)
4. Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)
5. Инешаншым дегеніміз не? (Бұйымның бөлшектерін тігу)
6. Тігім дегеніміз не? (Бірнеше рет қайталанған инешаншым)
7. Тігіс дегеніміз не? (Бөлшектердің біріккен орны)

V. Үйге тапсырма: Қол орамал тігіп келу.


© 2010-2022