Тігін бұйымдарының технологиясы және түрлері

   Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің заман талабына сай алдында тұрған күрделі міндеттерді  шешіп,білім беру жүйесін қайта құруды , білім мазмұнын  жаңартуды модернизациялауды қажет етіп отырғаны белгілі.   Жас жеткіншектердің сегіз қырлы,бір сырлы сындарлы да салауатты тұлға болып қалыптасуына бірден-бір себепкер құрал-еңбек,еңбек болғанда баланың көңілінен шығатын,қызықтыратын шығармашылық шабытқа жетелейтін пайдалы еңбек.Демек,еңбек тәрбиесі адам дүниеге келгеннен бастап оның өмірінің соңы...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Тігін бұйымдарының технологиясы

Қызылорда қаласы №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

Технология пәні мұғалімі: Бесбаева Қалдыгүл Бекмаганбетовна

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің заман талабына сай алдында тұрған күрделі міндеттерді шешіп,білім беру жүйесін қайта құруды , білім мазмұнын жаңартуды модернизациялауды қажет етіп отырғаны белгілі. Жас жеткіншектердің сегіз қырлы,бір сырлы сындарлы да салауатты тұлға болып қалыптасуына бірден-бір себепкер құрал-еңбек,еңбек болғанда баланың көңілінен шығатын,қызықтыратын шығармашылық шабытқа жетелейтін пайдалы еңбек.Демек,еңбек тәрбиесі адам дүниеге келгеннен бастап оның өмірінің соңына дейін үзілмейтін,тіршілікте жалғасын табатын ең қажет іс.Білім сапасын биік деңгейге көтеріп,сапасын арттырып,оны табыс көзі "капитал",-деп қарастырып,әлемдік кеңістікке еніп,мәдениеті дамыған мемлекеттер қатарынан тиісті орынға еге болу бүгінгі нарықтық қатынасқа көшкен,егемендікке қол жеткізген егеменді ел талабы.Себебі егемендік болмай,еркіндік болмай саяси-әлеуметтік,экономикалық табысқа жету мүмкін емес.Бұл туралы ұлы тұлға Шоқан Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуіне,ең алдымен,азаттық пен білім қажет» деп айтқан болатын.Тәуелсіз мемлектіміздің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне,саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне,іскерлігімен кәсіби шеберлігіне байланысты.Елімізді әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту міндеттері жастарға кәсіптік техникалық білім беру ісіне бұрынғыдан әлдеқайда жоғары талаптар қойып отыр.

Ерте заманнан,адамдар алғаш аң терісін алып өздеріне жамылғаннан бері одан түрлі нәзік талшықтар,өсімдіктерден жамылғы тоқуды үйренген кезден бастап санада «киім» деген ұғым пайда болды.

Машина тігістерінің классификациясы:

-біріктіру,шет және сәндік әшекей тегістерінің бөлінулері;

-қайып тігу,бастырып тігу,жапсырмалап тігу,ақжайма тігіс;

-жөрмеп тігу,бүгіп тігу,көмкеру

-бүкпе,қатпар,рельефті тігіс.

Қол және машина тігістерінің суретін салу,схемасын қимада көрсете білуді үйрену.Тігіске қойылатын талаптар.Қол инесімен іс машинасының инлерін матаға сай таңдау.

Ылғалды-жылулықпен өңдеу операциялары,мақсаты және әдістері:айырып үтіктеу,жатқыза үтіктеу,баса үтіктеу,жая үтіктеу,тегістеп үтіктеу,булап үтіктеу,желімді қатырмамент жұмыс жасау.

Тігін бұйымдарының бөлшектерін өңдеу:

-қақпақты қалтаны өңдеу, өңдеу тәсілдері,тізбектілігі, қалтаны жинау;

- жапырақша қалтаны өңдеу, өңдеу тәсілдері, тізбектілігі қалтаны жинау,

- жиекті қалтаны өңдеу, өңдеу тәсілдері, тізбектілігі, қалтаны жинау,

-шалбардың бүйір қалтасын өңдеу,

-шалбардың түймелігін өңдеу,

- иненің түрлері және олардың өңдеулері , бөлшектердің суретін салу , схемасын қимада көрсете біліп, технологиялық тізбектілікке қарап, практикада орындай білу,

-жырманы өңдеу . Жағалардың түрлері (қайырмалы апаш, жай, тірегі бар);

-жағаларды өңдеу ,жағалардың өңделу тізбектілігіне инструкциялық карта жасау.



© 2010-2022