«Ал, кәнекей, қыздар - ай!» сайысы

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ал, кәнекей, қыздар - ай!» сайысы

Талай ақын жырға қосқан әу бастан,
Ару - ай, күн, жұлдыздайын нұр шашқан.
Сұлулықтың арнасаң да барлығын
Ару деген таусылмайтын ән - дастан.

Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!
«Ал, кәнекей, қыздар - ай!»» атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Кеш сахнасына байқауға қатысушы аруларымызды шақырайық.
Байқау болған соң сайыскерлерге әділ баға берер әділқазы болады. Бүгінгі кештің әділ де, лайықты бағасын көрсетер әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
1. Неғыметова Э. А., тәрбие ісінің меңгерушісі
2. Ашығалиева Р. А., оқу ісінің меңгерушісі
3. Құрақов А. С., технология пәнінің бірлестік жетекшісі
4. Өтебалиев М. С., технология пәнінің мұғалімі
Байқауды бастамас бұрын байқаудың шарттарымен таныстырып өтейін.
1. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды». Таныстыру
2. «Өнер өрге жетелейді» өнер сайысы. Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді, сахна мәдениеті, ән, би, күйлердің орындау мәнері бағаланады.
3. «Дәм думан» /дайындап келген тағамдарын көрермендерге жарнамалау/.
4. «Сән думан» /көктемгі сән үлгісі мен шаш үлгісін көрсету/ /үйлесімділік пен талғамы, тапқырлығы бағаланады./
5. «Жеті құпия» /технология пәніне байланысты сұрақтар, сайыскердің ой - ұшқырлығы, білгірлігі бағаланады/.
6. «Тілек шоғы» түлектерге арнаған тілек хаты.

І. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды». Таныстыру»
Арулар келіп жетті ортамызға
Бойындағы бар өнерді дарытуға.
Сәттілік серігі боп шықсын қане
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
Сайыскерлерге ақ жол тілей отырып, алғашқы таныстыру бөлімін бастаймыз.
Таныс болдық сайыскердің тегімен,
Туып өскен мекені мен жерімен.
Сұлулардың бәрі ақын көрінді
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
/таныстыру бөлімінің бағаларын қойып жіберейік /
ІІ. «Өнер өрге жетелейді» өнер сайысы.
Армысың, ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сендер үшін мереке шашулары.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыстарда бәйге алуға,
Барлығы аянбай - ақ жан салыпты.

Ал енді аруларымыздың тамаша өнерлеріне куә болайық.
/Аруларымыздың өнерлерін бағалап қоялық /

ІІІ. Тағам сырын түсінем,
Тәтті тағам пісірем.
Бәрі қуат алады,
Дәмді асымның күшінен.
Келесі бөлім «Дәм думан». Сайыскерлер үйден дайындап келген тағамдарын көрерменге жарнамалайды. Жасалу жолын айтып түсіндіреді.
/Бүгінгі сайыскерлердің өз қолдарынан шыққан тағамдары тіл үйірген шығар. Шабыттарына шабыт қосып, өз бағаларын берейік/.

IV. Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Сіз айтыңыз, төрелігін соңынан. Көктемгі сән үлгісі мен шаш үлгісін көрсететін «Сән думан» бөліміне де келіп жетті. Бұл бөлімде аруларымыздың талғамы мен тапқырлығын байқап көрелік.
/Сәңгерлеріміздің тамаша өнерлеріне тәнті болдық. Ендеше әділ бағамызды берейік/
V. Өнер білім негізінен
Өтеді енді сынақтар.
Мазалайтын, ойланатын
Қойылады сұрақтар.
«Жеті құпия» /технология пәніне байланысты сұрақтар қойылады, сайыскердің ой - ұшқырлығы, білгірлігі бағаланады/.
1. Қазақтың дәстүрлі сүт тағамдары? /айран, қымыз, шұбат, көже, уыз, құрт/
Шайдың отаны. /Қытай - Үндістан/

2. Тігін машинасының әкесі деп кімді айтамыз? /Элиос Хоу/
Піскен сүттің беті. /Қаймақ/

3. Жіп иіру құралы. /Ұршық/
Құрамында міндетті түрде қызылша болатын салат. /Винегрет/

4. Тіл көзден сақтайтын бұйым. /Тұмар/
Сүттің ұйытылған түрі. /Айран/

5. Ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі, әсем баскиім. /сәукеле/
Жаңа туған сиырдың алғашқы сүті. /уыз/

6. Биенің сүті. /Қымыз/
Іс тіккен кезде саусаққа киетін темір қалпақ. /Оймақ/

7. Түйенің сүті. /Шұбат/
Матаның екі бөлігін бір - бірімен беттестіріп инемен сирек тігу қалай аталады?
/көктеу, жапсыру, жөрмелеу/
/Аруларымызды қол соғып қошеметтеп, әділқазы мүшелерінен білімдерін бағалауын сұрайық/

VI. Сайысымыздың соңғы бөлімі «Тілек шоғы» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз мектеп түлектеріне арнап өздерінің сенімхаттарын арнайды. Сіздердің жүректеріңізден шыққан кішкене ғана тілектерің аға - әпкелеріңе алдағы өмірлеріне үлкен жолдама болсын дегенім. Ендеше сөз кезегі аруларымызда.
/Аға - әпкелеріне тілекші бола білген кішкентай аруларымыздың бағасын берейік/.

Ал құрметті көрермендер әділқазы мүшелері өз шешімдерін шығарғанша сіздерге түрлі сауалдар қояйын.
1. Киіз үйдің қабырғасы. /кереге/
2. Қыз жасауы /сандық/.
3. Пэчворк сөзінің аудармасы. /Құрақ/
4. Бізді қоршаған орта. /Табиғат/
5. Ағаш көркі /жапырақ/
6. Дәмді ас пісіретін маман. /Аспаз/
7. Бейнелеу өнерінің жанры /Натюрморт/
8. Көйлектің сыртынан киетін, жеңіл, жеңсіз киім түрі /Камзол/
9. Қыз әшекейі /Сырға/
10. Түйе баласына қатысты ою /Ботакөз/

Бүгінгі байқау барысында аруларымыздың өнерлеріне тәнті болдық. Бәрі де өнері мен білімдерін ортаға салды. Кім білсін, біздің ортамызда Мәншүк пен Әлиядай, Аққұштап пен Фаризадай, Нұрғаным мен Хиуаздай, Сарадайын жұлдызы жанар сұлуларымыз отырған шығар. Аруларға шығар белестерің биік, жұлдыздарың жарқырай жана берсін деп тілек айтамыз. Байқау болған соң жеңімпаз болады. Бүгінгі байқауда әділқазылар шешімі қандай болғанын тыңдап көрелік. Сөз кезегі өздеріңізде. /Әділқазы шешімі/
Бүгінгі байқауымызда өз мәресіне жетті. Сіздермен бірге болған Алия Еркайқызы, келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Бай, қуатты болайық!

© 2010-2022