Урок по технологии на тему: Ағаш бөлшектерін желімдеу

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ағаш бөлшектерін желімдеу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

Оқушыларды желім түрлерімен ,жасалу жолдарымен ,ағаш бөлшектерін желімдеу текникасымен ,пайдаланылатын аспап түрлерімен таныстыру арқылы білімдерін жетілдіру.

2.Дамытушылық:

Оқушының шығармашылық қабілетін арттыру ,өздік еңбек ету қабілетін ашу. Іске бейімділігін ,икемділік және шеберлік дағдыларын қалыптастыру.

3. Тәрбиелік:

Адамдарға пайдасын тигізуге,табиғатты қорғауға,үнемділік пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, химия, бейнелеу өнері, сызу, тарих

Көрнекі құралдар: технология оқулығы, ою-өрнек үлгілері.

Құрал-жабдықтар: ұсақ ағаш бөлшектері, ағаш материалы, пышақ, қайшы, егеу, сызғыш, желім әрлегіш құралдары.

Сабақ түрі: аралас, сарамандық.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі .

А)Сәлемдесу .Оқушыларды түгендеу.

Б)сабаққа даярлықтарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру .

1Бөлшектерді шегемен құрастырып бекітудің ережелері қандай?

2.Әйнектер мен айналарды бекітіп-орнату кезінде қандай шегелер пайдаланады?

3.Ағаш бөлшектерді құрастырып -бекіту процесінде бұрама шегелерді қағып кіргізуге неге тыйым салынады?

4.Техн.қауіпсіздік ережелерді сұрау.

III.Жаңа сабақ.

1.Сабақ тақырыбын, мақсатын баяндау.

2. желім түрлерімен таныстру (табиғи, синтетикалық)

3.Желім жасау тәсілдері туралы баяндау.

4.Желімдеу техникасы туралы баяндау.

5.Желіммен құрастырып -бекіту кезінде қолданылатн аспап /бұрандалы қысқыш/ туралы баяндау.

6. Техн. Қауіпсіздік ережелерді айту .

7.Конспектілеу.

IV.Сарамандық жұмыс .

Сувенирліқобди жасау :/ағаш түрін таңдау ,өлшем түсірУ/

1.Кіріспе нұсқау:

А)Сарамандық киімдерін тексеру .

Б)оқушыларды топтарға бөлу ,топ жетекшілерін сайлау

В)кезікшілерге, қажетті материал мен құрал-саймандарды тараттыру

Г)жұмыс барысында таныстыру

Д)ішкі тәртіп пен техн. Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын ескерту

2. Өзімдік жұмыс

3. жұмыс кезіндегі аралым:

А)жұмыстың жоспар бойынша атқарылуын қадағалау

Б)материалдың, құрал жабдықтардың орынды жұмсалуын қадағалау

В)техн. Қауіпсіздік ережелерін ескертіп отыру ,қателерін болса түсіндіру, түзе

V. Қорытынды.

1.Жұмыстарын қабылдау

2.Жіберілген қателеріне сараптама жасау ,түсіндіру.

3.Сұрақтар қою.

4. Белсенді топты,оқушыларды атап өту,

5.Бағалау.

6.Үйге конспектіні оқып ,білу.Техн.қауіпсіздік ережелерін оқып, есте сақтау.

7.Жұмыс орындарын жинау.

© 2010-2022