Разработка урока: Сылдырмақ жасау технологиясы

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №46 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі



Ашық сабақ





Тақырыбы: «Сылдырмақтың бетін әшекейлеу және күйдіру әдістері»



Сыныбы: 9 сынып

Пәні: Технология

Мұғалімі: Нүсіпбаев Ж.Қ.



Тараз қаласы

Нүсіпбаев Жансерик Қуантаевич

№46 орта мектептің технология пән мұғалімі. Тараз қаласы

Сабақтың тақырыбы: «Сылдырмақтың бетін әшекейлеу және күйдіру әдістері»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға сылдырмақтың түрлері және оны көркемдеу технологиясы туралы жүйелі түсінік беру

  2. Оқушылардың музыкалық инструмент пен музыка сәндік өнер туралы түсініктерін толықтыра отырып, оқушы бойындағы өнерге деген музыкалық қабілетін дамыту.

  3. Оқушыларды музыкалық аспаптарды әшекейлей отырып, оқушы бойындағы әсемдікке,музыкалық сауаттылыққа, өнерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,сарамандық.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Пәнаралық байланыс: музыка,бейнелеу өнері,сызу, тарих.

Болжамданған нәтиже: Оқушылар музыкалық аспаптар тарихымен қоса, музыкалық аспаптардың жасалу,зерделенуі және әшекейленуі технологиясын меңгеріп шығады.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

II: Сұрақ -жауап

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Мұғалімнің түсіндірмесі

2.Технологиялық картамен жұмыс

IV. Жаңа сабақты бекіту

  1. Техника қауіпсіздік ережесімен танысу

  2. Құрал-саймандарды дайындау

  3. Практикалық кезең

V. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау

1. Сылдырмақ әлеміне саяхат

2. Сылдырмақ биі

VI. Үйге тапсырма

VII. Шеберхананы жинастыру

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды тыныштандырып, түгендеп,зейіндерін сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ою ойғанға қандай ағашты пайдаланады?

(қатты ағаштарды пайдаланады)

2. Қатты ағаштарға қандай ағаштар жатады?

(қара тал,жеміс ағаштары,жиде ағаштары жатады)

  1. Ою қанша түрге бөлінеді?

(ою геометриялық, космогониялық, өсімдік

және аң-құс түрлеріне бөлінеді )

  1. Жаңа сабақты түсіндіру : Сұрақ-жауап

1.Балалар қандай ұлттық музыкалық аспаптарды білесіңдер?

2.Ал, музыкалық аспаптар үшке бөлінеді,қандай-қандай болып?

3.ал енді тақтаға қарап тақтадағы плакаттағы музыкалық аспаптардың атын кім дұрыс атап береді?

Тақтамен жұмыс.Ұлттық музыкалық аспаптар тарихынан қысқаша түсінік беру.

  1. Жаңа сабақты бекіту

  1. Ал, балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы сылдырмақты әшекейлеу және күйдіру технологиясы (аса таяқ) сылдырмақ жаңа айтып өткендей музыкалық аспап.

  2. Ұлттық музыкалық аспаптар және оның ішінде сылдырмақтың шығу тарихы туралы кең көлемде жүйелі түсінік беру.

  3. Музыкалық аспаптардың жасалу технологиясы туралы түсінік беру

  4. Сылдырмақтың түрлері және оның әшекейлеу технологиясы тақтадағы плакаттарды пайдалана отырып түсінік беру.

  5. Оқушыларды сылдырмақтың эскиздері және жасалу технологиялық картасымен таныстыру.

  6. Оқушыларды сылдырмақтың эскиздері және оның жасалу технологиялық картасымен таныстыру.

Техника қауіпсіздік ережесі:

Ал, балалар, сабағымыздың практикалық бөліміне көшейік. Алдарыңдағы ағаш тақтайшаға ең бірінші тақтадағы технологиялық картадағы кезеңдер бойынша рет-ретімен жұмыс бастаймыз.

1.Сылдырмақтың 3 түрлі эскизін ақ параққа саламыз. (Мұғалімге тексертеміз)

2.Эскиздердің ішінен біреуін таңдап ағаш тақтайша бетіне алкендерді түсіреміз.

3.Алдарыңдағы қаңылтыр,банканын қақпағынан берілген өлшем бойынша дөңгелек кескіндер кесіп алып дайындаймыз.

V. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау

Ал , балалар, сабағымыздың келесі бөлімін сылдырмақ әлеміне саяхат деп атадық.

1.Сылдырмақ әлеміне саяхат.

2.Сылдырмақ биі

3.Ал,балалар, сабағымыздың негізі болған сылдырмақты кәдеге жарағанын көрейік

VI.Үйге тапсырма.

Балаларды бағалау.

Үйден музыкалық аспап сылдырмақтың тарихын оқып келу

VII. Шеберхананы жинастыру



© 2010-2022