БИСЕРДЕН ЖАСАЛАТЫН БҰЙЫМДАР

Пәні: технология Сынып: 9 Тақырыбы: Бисерден жасалатын бұйымдар Мақсаты: Білімділік: қыздарға бисер және оның түрлері жайлы жалпы түсінік беру, онымен жұмыс жасауды үйрету. Дамытушылық: оқушылардың еңбекке деген құлшынысын туғызу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: эстетикалық талғамға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ типі: аралас сабақ Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Миға шабуыл» әдісі Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, математика. Саб...
Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: технология
Сынып: 7
Тақырыбы: Бисерден жасалатын бұйымдар
Мақсаты:
Білімділік: қыздарға бисер және оның түрлері жайлы жалпы түсінік беру, онымен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың еңбекке деген құлшынысын туғызу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық талғамға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Миға шабуыл» әдісі
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, математика.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларының еңбек құралдарын түгелдеу
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Орнымызға отырып,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың үйден тоқып алып келген майлықтарын тексеру, бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, мен жаңа сыныпқа кіре бергенімде, бірнеше геометриялық фигураларға ұқсас зат әкеле жатып, байқамай төгіп алдым. Оның қандай зат екенін білу үшін сендер шашылған әріптерден сөз құрауларың керек. Жауабы: бисер

Б И С Е Р
-Сендер бисердің не екенін білесіңдер ме? Оны қай жерден көрдіңдер немесе өздерің қолданған кездерің болды ма?
Бисердің отаны Ежелгі Египет. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді. Бисерді ертеде кейбір халықтар айырбас ақша (монеті) ретінде де пайдаланған.
Бисерден жасалған әшекейлер - түрлі-түсті шыны моншақтар бірігіп, өрнекті композиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті баяғы кезден-ақ шеберлерді қызықтырған. Қазіргі кезде де бисерді, негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады. Мысалыға:

Стеклярус - шыны түтікше. (5-10 мм) қырлы немесе цилиндр пішінді. Одан басқа шабылған бисер деп те атайды (рубка) өте ұсақ 2-3 мм. Олар кішкене пакеттерде сатылады. Бисермен жұмыста ең бастысы түсті дұрыс таңдап алған абзал.
Бисермен жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар:
1. Жұмыс орнының тазалығы
2. Жұмыс бөлмесінің жарық болуы
3. Жұмыс үстелінің терезе алдында болуы
4. Жарықтың сол жақтан түсуі
5. Бисер түстеріне қарай арнаулы ыдыстарда тұруы
6. Үстелдің үстіне жылжымайтын жұмсақ матаның жабылуы қажет.
Сұрақтар қою:
1. Бисердің отаны қай ел?
2. Бисер мен стеклярустың айырмашылығы неде?
3. Бисерден, стеклярустан қандай заттар жасалады?
4. Бисермен жұмыс істеу үшін қандай қажетті жағдайлар қажет?
Сергіту сәті. Үстел үстінде бисерден жасалған моншақ, білезік, алқа, сөмке және сырға тұрады. Қыздар әшекей бұйымдардың астындағы жұмбақты дұрыс шешсе, сол бұйымды сыйлыққа алады.
1. Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. (қайшы)
2. Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді
Із-міз тастап кетеді. (ине)
Қолымызға ине жіп алып алдарыңдағы бисерден мына үлгі бойынша гүл жасайық.
Үлгі әр оқушының алдына таратылып беріліп, өзіндік жұмыс жүргізіледі.
ІҮ. Қорытынды. Сонымен, біз бүгін сабақта бисердің шыққан жерін білдік, бисердің түрлері мен олармен жұмыс жасауды үйрендік, бисерден жасалатын бұйымдар мен заттармен таныстық, білімімізді шыңдадық. Бисерден жасалған заттар бұрын да, қазір де және болашақта да сәнді болмақ. Қыздардың бисерден тоқыған гүлдерінен көрме жасау.
Ү. Үйге тапсырма. Бисерден басқа гүл тоқып келу
ҮІ. Бағалау. Көрме нәтижесі бойынша бағаланады



© 2010-2022