Бисермен кестелеу

Тақырыбы:Бисермен кестелеу 9сынып Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.Сабақтың мақсаты: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру. Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық. Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер. ...
Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Бисермен кестелеу 9сынып
Мақсаты: халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты: қолөнер тарауы бойынша алған мәліметтерді жинақтау, пысықтау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: еңбекке тәрбиелеу, салт - дәстүрді құрметтеп, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу
. Қажетті құрал - жабдықтар: бір түсті мата, бисер түрлері, кергіш, ине, жіп, оймақ.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын «Көңілді сауда» ойыны арқылы сұрау. Өздері дайындаған әшекей бұйымдарды «дүкенге» қойып, «сату».Суреттер арқылы.
1. Бисер дегеніміз не?
2. Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?
3. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?
4. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады?
5. Бисерді неден жасайды?
6. Бисерді ең көп шығаратын елді ата?

III. Мақсат қою кезеңі. 1. Қолөнер туралы түсінік. Кесте тігу өнері.
2. Бүгін сабағымызда халқымыздың қолөнер туралы мәлімет аламыз, көркем тігіс түрлерін тігу барысында толық меңгереміз, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтаймыз.

IV. Жаңа сабақ
Кесте - қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу - өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер - көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер - кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер - мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар - жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер - кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька - бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар - канва, тегіс боялған мата.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу. Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте тігудің алуан әдісі бар. «Біз кесте», «Гобелен» (көпіртпелі) кесте, «Моншақпен кестелеу» (бисерлеу) деп атайды. Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр халықтың тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

Еуропада кестемен айналысу ақсүйектің, мәдениеттіліктің белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастархан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді - кішілі стол жапқыштар барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де ертеден бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері - «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте» және т. б. Бұл - қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерге табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез - құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. Енді біз бүгінгі сабағымызда, соның ішінде кесте тігу өнеріне тоқталамыз. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.

Сұрақтар. 1. Көркем тігіс түрлерін ата. Схема бойынша жұмыс.
Тор тігіс
Айқас тігіс таңдай тігіс
Қабырға тігіс
Жұлдызша тігіс
2. Жоғарыда аталған көркем тігістер арқылы қандай тігістер арқылы қандай кесте түрін тігуге болады?
Шым кесте моншақ кесте

Біз кесте Баспа кесте

V. Сарамандық жұмыс. Техникалық қауіпсіздік ережелері. Суреттер, дайын үлгілерді, кестеленген дайын жұмыстарды көрсету.
Кесте тігуге пайдаланатын құралдар: ине, оймақ, біз, қайшы, кергіш, жіптер түрлері.

Ақ қағазға эскиз түсіріп қиып аламыз. Керілген матаға суретін түсіреміз. Кесте тігу кезінде қарапайым еңбек қозғалыстары (саусақ, білезік, шынтақ қозғалыстары) болады. Қауіпсіздік ережесін бір оқушы оқып береді. Оқушылардың тігіс түрлеріне мән беру, тексеру, көмектесу. Сабақтан алған әсерлері бойынша оқушылар мақал - мәтелдер айтады.
Қолөнердің бір түрі әшекейлі кестелеу. Қазақтың нәзік қыздары, көркемдеп оны тігеді. Кестелеудің қыр - сырын апайымыз біледі, Шәкіртіне әр кезде үйретіп ол жүреді.

VI. Сабақты қорытындылау.
- Кесте тігуге қажетті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- Иненің құрылысы мен түрлері.
- Кім айтады, иненің құрылысы мен оның қолданылуы туралы?
- Қандай тігіс түрлерін және атауларын білеміз?
- Кестелеуге қандай жіптер қолданылады?
Инемен тігетін тігістердің түрлеріне байланысты плакаттағы суреттер бойынша оқушылардың жауабы (көктеу, тепшу, жөрмеу, қайып тігу) Кестелеудің бірнеше түрі қолданыста бар. Олар «біз кесте», «айқас» тігу, «жіп салып» тігу, Жасаған бұйымдарының сапасын тексеру, талдау.

© 2010-2022