Ашық сабақ Канзаши арқылы заколка жасау

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Канзаши» жасау»

Сарамандық жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сәндік- элементтер туралы толық

мағлұмат бере отырып, «канзаши» жасау

жалдарын көрсету,бұйымды дайындап жасау

технологиясын көрсету.

.Білімділік: Оқушыларға толық түсінік бере отырып,

бұйымның жасалу жолдарын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың шеберлігін, қызығушылығын,

алған білімдерін практикада толық пайдалана

білу дағдысын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілік: Бұйымның нұсқау картасы, дайын бұйым түрлері.

Құрал-жабдықтар: қысқыш , ақпа тоқ клей, фетра, оттық (май шам ), ине, жіп,атлас таспа түрлері,қайшы.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

4.Сарамандық жұмыс.

5.Үйге тапсырма.

6.Жұмыс орнын жинастыру.

Негізгі бөлім:

«Канзаши» негізінен жапон халқынның ақ сүйек ханымдары шаш әшекейлеу үшін жасаған.Негізгі шыққан отаны Жапон елі.Бұл бұйымның түрлері өте көп. Бұл бұйымның жасалу техникасы өте қарапайым. Атлас таспасынан жасалатын бұл жұмыс негізінен сәндік - қолданбалы өнерге жатады.

Ең алдымен қауіпсіздік ережесін есімізге түсірейік.

1.Қайшымен жұмыс жасағанда абай бол, қайшыны үш жағымен екінші адамға берме.

2.Инені аузыңа салма.

3.Оттықты жаққанда абай бол,оттықтың астына шыны ыдыс қой.

4.Жанып тұрған оттыққа қатты жақындама,қолыңда сермеп ,оттық үстімен басқа затты алма.

5.Тоқпен жұмыс кезінде,су қолмен розетка, басқа да заттарды ұстама.

Жұмыс барысының орындалуы;

Оқушыларды 3-4 топқа бөліп отырғызып,жұмыс орнын ұйымдастырамыз.

Нұсқау картасы бойынша толық жұмысқа кірісеміз.

Жіберілген қателермен жұмыс жасаймыз.

Оқушылар өзара жасаған жұмыстарын салыстырады.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: жұмысты толық аяқтау.



© 2010-2022