Схемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 класс

Раздел Технология
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қағаздан қызғалдақ гүлін жасау

Сабақтың мақсаты:Білімділік:Оқушылардың қағаз жайлы алған білімдерін тереңдету,оригами өнерін меңгерту,қағаздан гүл жасаудың әдіс-тәсілдерін үйрету,түрлі-түсті қағазды бүктеу тәсілдерін меңгерту

Дамытушылық:ойлау қабілетін арттыру,өз бетінше жұмыс жасай білуге бейімдеу,қолды жаттықтыру арқылы дағдыны қалыптастыру,икемділігі мен шеберлігін арттыру

Тәрбиелілік:ұқыптылыққа,жинақылыққа,еңбек пен тәртіпті сүюге,әсемдік пен әдемілікті сүюге тәрбиелеу,эстетикалық талғамын арттыру.

Сабақтың түрі:аралас,дамытушылық

Сабақ өту әдісі:түсіндірмелі-сарамандық

Сабақ көрнекілігі:интербелсенді тақта,гүлдер,плакат,мақал-мәтел,үлгі,нұсқау карта,гүл шоғы

Қажетті құрал-жабдықтар:түрлі-түсті қағаз,үлгі

Пән аралық байланыс:математика,бейнелеу,дүниетану

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру сәті:оқушылармен сәлемдесу,сынып тазалығының сабаққа дайындығын тексеру,арнайы киімдері мен құрал-жабдықтарының бар-жоғын тексеру,сынып тазалығы мен оқушы тәртібін сақтау,оқушы назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау,бағалау

Оқушылар интербелсенді тақтадан ұяшықтар таңдайды.

1.Ең алғаш рет қағаз қалай пайда болды?

2.Қағазды кім ойлап тапты?

3.Оригами дегеніміз не?

4.Симметрия дегеніміз не?

5.Сызба сызықтардың неше түрі бар?

6.Қағаздың қандай түрлері бар?

Осы сұрақтар бойынша оқушы жауаптарын бағалау.

Жаңа сабақ:1Қызығушылығын ояту.

-Гүлдер туралы не білеміз?

-Гүл сөзін естігенде,гүлді көргенде ойымызға не келеді?(туған күн,мереке,той, қуаныш,аналар мерекесі,көтеріңкі көңіл күй)

-Қандай гүлдердің атын білесіңдер?

-Қызғалдақ гүлі қай кезде өседі?

Қызғалдақ

Пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған,көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік.

Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан оны білмейтін адам кемде-кем.Қазақстан табигатында қызғалдақтың 35 түрі бар.Осы себепті де Қазақстан қызғалдақтың отаны болып табылады.Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әр түрлі.Наурыз-мамыр айларында гүл ашады.Биіктігі 10см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса,»Рембрант»қызғалдағы сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді.Барлық түрі 20-25күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады.Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықеа болады.Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады.

Қызғалдақ гүлін қағаздан жасау үшін түрлі-түсті қағазды қолданамыз.Әрқайсымыз өзімізге ұнаған түстен күлте жасау үшін қағаз таңдаймыз,сабағы мен жапырағын жасыл түсті қағаздан жасаймыз.Күлте жасау үшін қағазымызды шаршы етіп аламыз.Шаршы қағазды диагоналінан бүктейміз,одан соң ортасынан бүктеу қажет.Бүктеу сызықтары анық түсуі қажет.Нұсқау картаны пайдаланып қызғалдақ гүлінің күлтесі мен сабағын,жапырағын жасаймыз.Оқушыларға түсінікті болу үшін бірге жасап көрсетемін.Интербелсенді тақтадан слайд арқылы қызғалдақ гүлінің жасалу ретін көрсетемін.Айналым жасап оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеріп отырамын.Гүлдің сапалы,әсем,әдемі жасалуы үшін қағазды ұқыптылықпен бүктеу қажет екенін түсіндіремін.Оқушылардың жасаған гүлдерінен гүл шоғын жасаймыз.

Жаңа сабақты бекіту:

1.Гүлге байланысты қандай қыз есімдерін білесіңдер?

2. «Қыз өссе -елдің көркі,

Гүл өссе-жердің көркі»-дегенді қалай түсінесің?

3.Бөлмедегі гүл мен гүлзардағы гүлдің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып бер?

4.Гүлге,әсемдік пен әдемілікке қатысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Осы сұрақтар бойынша оқушы жұмыстарын және жасаған жұмыстарын тексеріп бағалаймын.

«Гүл өсірсең терлеп,оның аты еңбек»-демекші ,өз қолыңмен жасаған бұйым бағалы,әдемі көрінеді.Аналар мерекесінде,туған күн,мейрам тойларда гүлді жасап сыйлауға болады.

Үйге тапсырма:Гүл шоғын жасау.

Схемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 класс

Схемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 класс

Схемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 класс

Схемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 классСхемы сборки оригами цветка тюльпан открытый урок 3 класс

© 2010-2022