Топырақты күзгі өңдеу. 6-сынып

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Топырақты күзгі өңдеу.

Мақсаты: Технологиялық білімдерді,шығармашылық еңбек мәдениеті негіздерін меңгеруге,еңбектің сан алуан түрінен жекелей және топпен бірлесіп жұмыс жасау

Дамытушылығы: Оқушылардың білімдерін дамыту

Тәрбиелілігі: . Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың жүрісі.

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасу,сынып тазалығына көз жүгірту. Оқушы назарын сабаққа аудару.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ.

Өнім жинап болғаннан кейін көкөніс сабақтарын жинап алу керек. Жинап алған сабақтардан тыңайтқыш дайындауға болады. Жерге сүдігерлік жырту жүргізіледі. Топырақты дұрыс өңдеу ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін үлкен маңызға ие.

Өңделген топырақ ылғалды жақсы сақтайды,тамырдың жақсы өсуіне,су мен ауаның өзара әсерінің мол болуына оң әсер етеді.Мұның бәрі өсімдіктердің өсуіне қажетті бактериалардың дамуын жақсартады.Топырақты терең жырту зиянкес жәндіктер мен ауру тудырушылардың,арамшөптердің жойылуына әсер етеді. Арамшөптерді жою үшін культивация әдісі қолданылады.

Топырақты өңдеу жүйесіне мыналар жатады:

• Сүдігер жырту;

• Топырақты себер алдындағы өңдеу;

• Сүрі өңдеу.

Топырақты өңдеуге жырту,культивациялау,бораналау,дискілеу,нығаздау,ширату,суару,қопсыту,тегістеу сияқты операциялар жатады. Бұлардың әр-қайсысына агротехникалық талаптар қойылады.

Тұқымды іріктеу,оларды сорттау,сақтау.

Тұқымдық дақылды құрғақ күні жинайды. Жаппай жинар алдында көлемі орташа,жақсы,сау тамыржемістер таңдап алынады. Тамырды абайлап жерден суырып алғаннан соң,топырағы сілкіп түсіріледі.Сабағын кескенде,басты сабақ өсіп шығатын жоғарғы бүршіктерін зақымдап алмас үшін тамыржемістен 1-1,5 см жоғары кесу керек. Қоймаға салар алдында тамыржемістерді балшық ерітіндісіне батырып алу керек.Тамыржемістер семіп қалмас үшін барлық жұмысты тез атқару керек.Орамжапырақ тұқымын алу мақсатында тығыз,мықты,жарылмаған қаудандарын таңдап алады.Таңдалған қаудандар айырдың көмегіменжерден тамырымен бірге қазып алынады. Сақтауға қояр алдында сыртқы жасыл жапырақтарының екеу-үшеуін қалдырып түбінен 2-3 см ұзындықта кеседі. Орамжапырақты іліп сақтайды. Сақтау кезінде қаудандарда шіріген жапырақтарынан тазартып және семіп қалудан қорғап отырмаса,бұл тұқым өнімінің азаюына және оның сапасының төмендеуіне алып келеді.

IV. Бекіту сұрақтары.

1. Тұқымдық дегеніміз не?

2. Тұқымдарды сақтау кезінде қандай жұмыстар атқарылады?

3. Топырақты қандай мақсатпен өңдейді?

V. Қорытындылау.

VI. Оқушыларды бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.

© 2010-2022